Қазақ тілі шет тiлдей
Бүгін, Австриядағы Вена қаласына бірінші рет келіп тұрған Лю Сиен атты қытай халқының жас жігіті, өзі көп тіл білетін, тілдерді меңгеруді ұнататын, позитивті әрі еңбекқор жігітпен сұхбатымызды бастаймыз. Өзі қазақ тілін үйреніп жүрген кезінде қазақтың бір керемет «Нұржан» деген атымен аталып қойыпты. Осы себепті біз Лю Сиенді сұхбатымызда Нұржан дейміз. Бірінші рет Австрияға келдім. Бұрын мұнда болып көрген жоқпын. Қытайдағы Тяньцзинь қаласынан келдім. Мен Тяньцзинде 18 жыл тұрдым. Жақсы білетін тілдерім - қазақша, итальянша, немісше, орысша. Қазір Европада соңғы екі жылдың ішінде орысша үйреніп жүрмін. Меніңше, әр тілдің өз қиындықтары бар. Мысалы, қазақша да, орысша да, немісше де, итальянша да қиын. Ең оңайы – ағылшын тілі. Білесің бе, маған орыс дыбыстары ұнайды. Орыс тілдің дауысты д…