Испания. Ұшу кезеңі.
Қазірде әлемнің кез келген түкпіріне өз бетінше саяхат жасау авантюристер ортасында ғана емес, көпшілік арасында да кең таралған үрдіске айналды. Сауатты құрылған саяхат туристік агенттігінің дәстүрлі маршрутынан гөрі молырақ әсер алуға және де кей жағдайда қаржының да аз шығындалуына мүмкіндік береді. Сонымен өз бетіңше саяхаттауды қалай және неден бастау керек? Алдымен, барар жеріңізді белгілейсіз. Мүмкін ол бала кездегі арманыңыз, не қазірде танымал болған курорттар, не тарихи маңызы бар жерлер. Біздің қолданатын басты құралымыз, әрине, интернет болмақ. Интернеттен баратын еліңіз жайлы максимальды түрде мағлұмат алып алуға тырысыңыз. Ол елдің ерекшелігін, міндетті түрде бару керек жерлерін белгілеп, саяхатыңыздың маршрутын асықпай жоспарлап алыңыз. Біздің мысалымызда бұл ел – Испания.…