The Top Ten Books: ең үздік кітаптар

"The Top Ten: Writers Pick Their Favorite Books" кітабы 2007 жылы жарыққа шыққанымен оқырмандардың қызығушылығын енді ғана оятқандай. Бұл Джонатан Франзен, Джон Ирвинг, Том Вулф, Стивен Кинг сынды 125 америкалық және британдық жазушылардың сауалнама жауаптарының негізінде құрастырылған таңдамалы туындылар жинағы.
Жинақтың редакторы әрі баспагері Дж. Педер Зейн сауалнама жауаптарын сұрыптап, бірнеше санатқа бөлу арқылы кітапты құрастырған болатын.
Қарап отырсаңыз, жинаққа көпшілік бірден еске түсіріп, атай алатын туындылар кірген. Бірақ бұл кітапқа ілінбей қалған ХХ ғасырдың басты романдары да жетерлік. Мысалы, Прусттың «Жоғалған уақытты іздестіру» немесе Джойстың «Улиссі», яғни бұл тізім әдеби әлемнің тағы бір қағидасын дәлелдегендей. Ал әдеби шығармаларды атақты жазушылар ұсынды дегенде өзге нәтиже, тың дүние күтеді екенсің. Енді осы тізімнің ондығына кірген туындыларға көз жүгіртіп өтсек.

ХІХ ғасырдың үздік он әдеби туындысы:
- «Анна Каренина», Лев Толстой
- «Бовари ханым», Гюстав Флобер
- «Соғыс пен бейбітшілік», Лев Толстой
- «Гекльберри Финның басынан кешкендері», Марк Твен
- Антон Чехов әңгімелері
- «Миддлмарч», Джордж Элиот
- «Моби Дик», Герман Мелвилл
- «Зор үміттер», Чарльз Диккенс
- «Қылмыс пен жаза», Федор Достоевский
- «Эмма», Джейн Остин.

ХХ ғасырдың үздік он әдеби туындысы:
- «Лолита», Владимир Набоков
- «Ұлы Гэтсби», Френсис Скотт Фицджеральд
- «Жоғалған уақытты іздестіру», Марсель Пруст
- «Улисс», Джеймс Джойс
- «Дублиндіктер», Джеймс Джойс
- «Жүз жылдық жалғыздық», Габриэль Гарсиа Маркес
- «Шу мен қаһар», Уильям Фолкнер
- «Шамшыраққа», Вирджиния Вулф
- «Толық шығармалар жинағы», Фланнери О’Коннор
- «Өшкен алау», Владимир Набоков




Осы тізімді сараптаған “Freizeit” lifestyle журналының редакциясы бұған альтернативті тізімді шығарып үлгерді. Редакция жасаған ХХ ғасырдың маңызды туындылары қатарында жоғарыдағы тізімнің шығармалары қайталанып тұрса да, бұл романдар бастапқы ондық ішінен орын ала алмағандығын келесі тізімнен көре аласыз.
Freizeit-тің нұсқасындағы ХХ ғасырдың үздік он әдеби туындысы:
- «Ай мен тиын», Сомерсет Моем
- «Бөтен», Альбер Камю
- «Шұңқыр», Андрей Платонов
- «Үш дос», Эрих Мария Ремарк
- «1984», Джордж Оруэлл
- «Күйік», Василий Аксенов
- «Қош бол, қару», Эрнест Хемингуэй
- «Француз лейтенантының көңілдесі», Джон Фаулз
- «Жас арыстандар», Ирвин Шоу
- «Амстердам», Иэн Макьюэн

Біздің редакция сіздерді қазақ тіліндегі әдеби туындылардың үздік ондығын құруға шақырады. Пікірлер ішінде оқырмандарымыздың тізімін күтеміз.
