Бүгінгі ата-аналар балаларына қандай ертегі оқиды?
Жұлдыз, диспетчер: Қыздарыма әр кезде әр түрлі ертегілер оқып беріп отырамын. Сонымен қатар, Ыбырай Алтынсаринның мән-мағынасы зор қысқа әңгімелірін де арасында оқып беремін. Үлкен қызым Айым «Мақта қыз бен мысық» ертегісін ұнатады. Әсіресе мысықты. Ал егіз қызым Жансая мен Нұрсая «Бауырсақ» ертегісін бар ынтамен тыңдайды, тіпті кейде кітапты көтеріп әкеліп: «бауырсақ, бауырсақ» -, деп отырады. Жалпы, ертегі адам өмірінің ажырамас бөлігі деп есептеймін. Баланың ертегі тыңдап өскені жақсы, бұл болашақ өміріне де өз пайдасын тигізері анық. _________________________________________________________________________ Аршат, kerekinfo.kz сайтының әкімшісі: Мен ұлыма классика болып кеткен ертегілерді айтып беремін, мысалы "Бауырсақ", "Мақта қыз", "Жеті лақ"және т.б. Ұлым қазір 3 жарым жаста. Ауыр…

