Мазмұнға өту

Жаңа

Анар Мұстафина. Жүрегімде қалған блог.

Анар Мұстафинаны қазақ интернетінде көбінде "Ақзере" деп біледі. Сонау 2007 жылдан бастап Ақзере махаббат, поэзия, әлеуметтік мәселелер, кино, психология сынды тақырыптарды блогында жиі көтеріп, көптеген оқырманның сүйіп оқитын авторына айналды. Бүгін Анардың жұмысы интернетпен тығыз байланысты. Бұл материалда танымал блогшы сырларымен бөлісіп, ойларын ортаға салды. __________________________________________________________________________ Жобаларым жайында Менің мамандығым негізі - информатик. Мұғалім болуға талпындым, бірақ колледжде өткен жарты жыл тәжірибем талпынысымды бірден басты. Мұғалім болу үшін басынан ештеңеге алданбай, басқа жерде жұмыс істеп көрмей, сарыуыз балапандай бірден мектепке бару керек екен. Сол кезде салыстыратын да ештеңе болмайды. Ұстаздық - менің таңдауым деп жү…

Әділетті мамандар керек

30.10.12.Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес, мамыр мен тамыз айы аралығында, барлық құқық қорғау органдары, соның ішінде Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы, контрабандаға қарсы күрес басқармасы мен жедел кезекшілік бөлімдерінің қызметкерлері аттестаттаудан өту барысында өздерінің кәсіби біліктілігі, әскери және дене шынықтыру дайындығы бойынша жоғары деңгей көрсетті. Жақында департаменттің ай­мақтық аттестаттау комиссиясы кеңесінің әділетті өтуін қадағалау мақсатында қосымша қо­ғамдық бақылаушылар - «Нұр Отан» ХДП, Қазақстанның брокерлер қауым­дас­ты­ғының, «Казахстанская прав­­да», «Им­порт-Экспорт» се­кіл­ді БАҚ өкілдері ша­қы­­рылған бо­латын. Бұл жолы к­о­н­т­­ра­бан­даға қарсы күрес басқарамасына та­ғайындалған екі қы…

0
0
460

Ерлер неге ерте көз жұмады?

30.10.12.«Егер ерлер уақытында емделсе, онда олардың өмір сүру ұзақтығы да артар еді» деді Президент жанындағы Әйелдер істер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова. Бірақ Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның пікірі басқа: «ел заңнамасы репродуктивтік денсаулықты қорғауда тек аналарды ғана қолдайды». Ел азаматтарының репродуктивті ден­саулығы мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласындағы заңнама талданған бұл жиынға ЮНФПА Атқарушы директоры, БҰҰ-ның Бас хатшысының орынбасары, нигериялық Ба­батунде Осотимехин қатысты. - Бұл менің Қазақстанға бірінші келуім, - де­ді Бабатунде мырза. - Осында келгелі бері мұн­да мені базбір қазақтай, яғни осы жерде бұ­рыннан тұрып келе жатқан тұрғындай жылы қа­…

0
0
557

Байқоңырда қай елдің заңнамасы жүреді?

30.10.12.Бір топ сенатор Байқоңырды бетке алып, суыт аттануға әзір! Кеше Сенаттың Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитеті мүшелерінің Экономикалық даму және сауда, Қаржы министрліктерінің, сондай-ақ «Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық палатасының басшылығымен кездесуінде осындай күтпеген мәлімдеме жасалды. Парламенттің Жоғарғы палатасының өкілдері ғарыш айлағы орналасқан мекенге «Байқоңырда қай елдің заңнамасы жүреді?» деген күрделі де ауыр сауалға жауап тауып, шиеленіскен түйінді мәселені ақыры шешу үшін жол тартуға бел бууда. Сенаторлардың кәсіпкерліктің және Үкіметтің өкілдерімен кешегі кездесуінде «жаңарғалы жат­қан ұлттық салық заңнамасы» талқыға са­лынған еді. Осы орайда Сенат депутаттары 2050 жылға дейін Ресейге берілген Байқоңыр мәселесін кө­терді: «Осы заң жобасында Байқоңы…

0
0
552

Тарихшыларға тықыр таянды ма?

30.10.12.Қазақстандық тарихшыларға тықыр таянды. Білім беру жүйесі еуропалық үлгіге толықтай көшкен кезде Қазақстан тарихы пәні жоғары оқу орындарынан біртіндеп шеттетіліп, Қазақстан тарихын оқытатын кафедралардың жабылып қалуы қаупі туды. Ондай жағдайда ұлтымыздың тарихи оқулықтарын жазып жүрген «могиканның соңғы тұяқтары» - тарих ғылымдарының соңғы докторлары, профессорлары (бұлай дейтініміз - қазір тарих ғылымдарының докторларын дайындау Қазақстанда тоқтатылған) жұмыссыз қалады. Олар саясаттанушы, әлеуметтанушы немесе заңгер мамандығына ауысуға мәжбүр болмақ. Алматы қаласы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде осы оқу орнындағы Тарих, археология және этнология факультетінің ұйым­дастыруымен, Президент Н.Назар­баев­тың «Қазақ­станның әлеуметтік жаңғыр­тылуы: Жалпыға Ортақ Еңбе…

0
0
1093

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана

Мекен-жайы: Бөгенбай батыр көшесі, 214. Кітапханаға жазылу үшін: - жеке куәлік - рәсімдеуге қажетті құжат Кітапхана интернетке қосылған арнайы компьютерлер, нүктелі-бедерлі қаріппен басып шығаратын принтер, сөйлейтін кітап, DAISY – сандық негізде дыбыстандырылған ақпарат жүйесі, реабилитиция кабинеті, зағиптардың жазуға арналған құралдарымен т.б. жабдықталған. Кітапхананың жұмыс кестесі: Дүйсенбі - Жұма: 8.30 - 17.30 Сенбі: сағат 9.00 - 17.00 (оқырмандарға жеке қызмет көрсету мен өнер және спорт әдебиеттері бөлімдері ғана жұмыс жасайды) Жексенбі: демалыс Кітапхана оқу залы, абонемент, электронды қор, өнер және спорт әдебиеттерін оқу бөлімі, студия, кітап қорын өңдеу, «Сөйлейтін» және Брайль кітаптарын шығару, автоматтандыру және техникалық қолдау бөлімдерінен тұрады. Ерекшелігі Алматы қал…

14
7
5327

Аптаның қызықты материалдары #11

Интернеттегі демалысыңыз қызықты өтсін деген ниетпен әдеттегідей осы аптаның қызықты мәдени материалдарын ұсынып отырмыз. ЖАУҺАР (НОВЕЛЛА) Біз ол кезде құрбым Жауһар екеуміз қаланың шетінде пәтер жалдап тұратынбыз. Түнгі клубқа, таныс жігіттер шақырған кештерге бармай, үйде кітапқа көміліп жатып, болашақ ханзадамыз туралы қиялдаймыз. Кафеде танысқысы келген жігіттерге мойын бұрмай екеуден екеу отырамыз. – Өмір өтіп барады. Ал біз түк те тындырған жоқпыз. Сонда өмірге не үшін келдік? – дейді ол бетіме сұраулы жүзбен қарап. – Өлу үшін. – Жоқ, мен өмірге өмір сүру үшін келдім. Бірақ... білесің бе, мен ылғи да өзімнің бейітімнің басында жылап отырамын. Әлден соң үйде отырғанымды сезінем де қорқыныштан селк етемін. – ?.. – Неге үндемейсің? – Мен өзімді ұйықтап жатып, ояу жатқандай, ояу жатып,…

5
8
1701

Аптаның қызықты материалдары #12

ГАМЛЕТ. ӨМІР – АБАҚТЫ Америкалық жазушы Курт Вонненгут айтады: «Гамлеттің» ұлы шығарма болатын себебі, принц корольді өлтірді – жарайды. Өзі өлді – жарайды. Дегеніне жетті ме, жетсе, ол игілік пе – білмейміз. Біздің мына тіршілігіміз де сондай. Мен де о дүниеге бара қалсам, аспан канцеляриясындағы «кісілерге» келесі сұрақты қояр ем: «Тыңдашы, осы біздің өмір сүргеніміз өзіміз үшін – игілік пе, жоқ па?» (жалғасы). Күй мерекесі Биыл Алматыда мәдениет жылы жарияланған. Осы жылы қаламызда көптеген мәдени шаралар өтетініне анық сенуге болады. Бүгін сағат кешкі жетіде Құрманғазы атындағы консерваторияның Үлкен залында күйші әрі композитор Қаршыға Ахмедияровты еске алу кеші өткен болатын. Жұмыстан шыға салып кеш өтетін жерге асықтым. Кеш өтетін жерге жақындай түскенде сыртта күй атасы Құрманғазы…

6
0
928