Мазмұнға өту
Обложка сообщества Екпiн

Аптаның қызықты материалдары #10

Әдебиет әлемі. Бұлқыныс бар, жұлқыныс жоқ...

Әлемде адам атаулыны бірден жақындастырған да, ортақ тіл табыстырған да әдебиет екені даусыз. Өнердің осы түрі адамзатты рухани дамуға жетеліп, ынтымақ пен бірлікке шақырды. Жақсы мен жаманды, жауыздық пен жанашырлықты ажыратып, ақылдылық пен нақұрыстықтың аражігі қаншалықты қашықтығын қарапайым түрде ғана түсіндіретін, бірақ содан керемет ләззат алдыратын әдебиеттің саналы пендеге берері шексіз (жалғасы).

Қадырдан сөз қалған ба?

Жалпы поэзияға математиканың да қатысы бар деп айтады біреулер. Оған мысалды ақын Қадыр Мырза Әлидің шығармаларынан көптеп табуға болады. Ақынның «Ең алдымен ел қамы» атты кітабындағы қанатты сөздер кестесі осы ойымызды нықтай түсті.  «Мәдениет» телеарнасының бұл жолғы талдауға белгілі қаламгерлер Оразақын Асқар мен Қали Сәрсенбайды аттай қалап шақыруының себебі бар (жалғасы).

Қазақ анимациясы неге кенже қалып отыр?

Батыс еуропалық, америкалық әлеу­меттанушылар, философтар, пе­дагогтар мен психологтар электронды ақпарат құралдарының ұрпақ тәрбиесіне тигі­зетін әсерін 90-жылдардың басында-ақ көтере бастаған. Олар теледидарды «үшінші ата-ана» деп атаған. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қыл­мыстардың, қатыгездік пен адамға жат іс-әрекеттердің өршуін тікелей осы «үшінші ата-ананың» ықпалы екенін дә­лелдей отырып, соған қарсы нақты қадамдар жасауға талпынды (толығымен).

Ақтөбе театрындағы төңкеріс

Ақтөбе театрының сахнасында өзіндік революция болды. «Махаббат» мелодрамасы» пьесасының тұсаукесеріне ағылған көрермен қарасы көп болды. Жаңа актерлер де алғаш рет сахнаға, басты рөлдерге шықты. Қанат біткен Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрының ұжымы енді осы леппен талай тың туындыларды сахналамаққа құлшынып отыр. 21 жастағы Нұрболат Өтеғұлов актер ретінде алғаш рет Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрының сахнасында «Махаббат» мелодрамасында басты рольді сомдап шықты (жалғасы).

Сахна – тірі картина, онда ештеңе қалғып-мүлгуге тиіс емес!

–  Әр халықтың өз драматургиясы, сондай-ақ өзге жұрттың туындысын сахна­ласа да оған деген өзіндік көзқарасы бола­ды. Сондықтан салыстырмалы түрде ал­ған­да мен бізде бұл жағынан артта қалып қоюшылық бар, ана бір елдікі – алда, мына елдікі тіпті төмен дей алмас едім. Бірақ әрине жалпыға ортақ үрдіс болары заңды. Бүгінде әлем бойынша сахна безен­діруде ең бірінші кезекте минимализмге мән беріледі. Яғни, қандай тарихи дүние, қандай классика болсын, оны жаңаша әрлеп, заманауи келбетте көрсетуге деген ұмтылыс. Ал бірақ технологиялық жағы­нан, әрине Еуропа елдері қатты дамыған ғой, оны мойындау керек (толығымен).

Washington Times: «Борат»-қа кеткен есені «Мың бала» қайтарады

Біздің «Борат»-пен күресіп жатқанымызға бес жылдан асыпты. Сонда да шамамыз жетер емес. Әуелі, Саша Коэннің фильмін еліміздің Сыртқы істер министрлігі айыптады. Одан соң, Қазақстанда көрсетуге тыйым салынды.

Бірақ бұл «Борат»-ты бөгей алмады. Бірді-екілі режиссерлеріміз мықтымсып, Бораттың өзін мазақ қылатын фильм түсіруге білек сыбанып кірісіп еді, олардың бастамасы сиырқұйымшақтанып тынды (жалғасы).

«Cөзсіздік трагедиясы» немесе тамсана айтып жүрген тіркестер кинода неге жоқ?

Әуелі сөз жаралған дейді Қасиетті Құранда да. Қандай мықты кино көрсек те, қандай қойылым тамашалап, қандай керемет ән тыңдасақ та, бәрінің түп негізі – сөз. Ендеше, біз бүгінде «неге мықты кино жоқ, неге әндеріміз мағынасыз?» деген сұраққа жауап іздесек, оның бәріне – бір жауап, яғни сөз оңбай тұр.

Сөз дегеніміз, ол – мәтін, яғни драматургияда – пье­са, әнде – мәтін, ал кинода – сценарий. Егер мә­тінді қызға теңер болсақ, ажарсыз қызды мың жерден әр­лесең де, көріксіздігі көрініп қалатыны секілді түп не­гіздегі мәтін нашар болса, онда аямай аранжировка жа­салса да, әннің, қандай спецэффектілермен көм­керген киноның да, әйтеуір, бір кемістігі білініп тұ­рады (жалғасы).

 
7
0
724

Осы тақырып бойынша