Кіммін мен осы...?
Есеңгіреген адамның ғұмырын кешіп жүрген сияқтымын. Оян қазақ, - деп өсиет етіп еді Алаштың данышпандары, қалғандарын қайдам көзім де, санам да, түйсігім де бұлыңғыр тартып ашылмай тұрған сияқты. Сондағы жүрегімді сыздатып, жанымды қажайтын дүние келесіде: - Мен қазақпын қазақ әке-шешеден туған. Атам/ертеде қазақтар әкелерін осылай атаған / мен апам /ертеде қазақтар шешелерін осылай атаған / шамаларының келгендерінше тәлім-тәрбие беріп өсірді. Бала кезімнен /әлі күнге дейін есімде/ ешкім уағыздаған емес, өз еркіммен қазақ мектебіне барамын деп ниет білдірдім. Он бір жыл бойы қазақ мектебінде оқып, сорпасына қайнап, ыстығында, суығында бастан кешірдім, көндім, оқуды аяқтадым. Жаман ба, жақсы ма, талдамаймын, сөз болсын деп баяндаймын. Қазақшылықтан арылып бара жатқан сияқтымын. Өзге халықт…