Аптаның қызықты материалдары #12
ГАМЛЕТ. ӨМІР – АБАҚТЫ

Америкалық жазушы Курт Вонненгут айтады: «Гамлеттің» ұлы шығарма болатын себебі, принц корольді өлтірді – жарайды. Өзі өлді – жарайды. Дегеніне жетті ме, жетсе, ол игілік пе – білмейміз. Біздің мына тіршілігіміз де сондай. Мен де о дүниеге бара қалсам, аспан канцеляриясындағы «кісілерге» келесі сұрақты қояр ем: «Тыңдашы, осы біздің өмір сүргеніміз өзіміз үшін – игілік пе, жоқ па?» (жалғасы).
Күй мерекесі

Биыл Алматыда мәдениет жылы жарияланған. Осы жылы қаламызда көптеген мәдени шаралар өтетініне анық сенуге болады. Бүгін сағат кешкі жетіде Құрманғазы атындағы консерваторияның Үлкен залында күйші әрі композитор Қаршыға Ахмедияровты еске алу кеші өткен болатын. Жұмыстан шыға салып кеш өтетін жерге асықтым. Кеш өтетін жерге жақындай түскенде сыртта күй атасы Құрманғазының "Сарыарқа" күйі естілді. Ғимаратты қоршаған қалың адам. Жақындап келсем, беті жабулы ескерткішті байқадым (жалғасы).
«Өмірді мынау, қалқам-ау, мәңгілік деме»

1990 жылдың қоңыр күзі. ҚазМУ-дың филология факультетінің студенті атанған бақытты қауым Алматы облысы, Шелек ауданының «Қазақстан» кеңшарына жүзім теруге келген бетіміз. Бір-бірімізбен енді танысып жатырмыз. Ән айтатындар, айтыскерлер бірден омыраулап, «қырып» барады...
Келесі күні сымбатты сары жігіт келді. Кеше автобустан қалып қойып, бүгін жеткен беті екен. Танитындар: «О, Біржан келді!» деп шуласып жатыр. Маңғаз. Үстінен қымбат әтір иісі бұрқырайды. Аяғын сәл сылтып басады екен. «Әскерде Ауғанстанда болған. Оқ тиген шығар...» деп жатты біреулер. Ақын Бауыржан Үсеновтің туған інісі екен (жалғасы).
Ұлы туындыларды көру үшін Парижге баруымыз керек пе?

Жұртты мұражайларға қалай тарту керек, қалай әкелу керек? Ол үшін онда құнды дүниелер, керемет жәдігерлер тұруы лазым. Сонда ғана халықтың мұражайға деген қызығушылығы артады. Осы бір кемшін дүниені дөп басқандай Елбасы: «Әлемдік маңыздағы бір-екі картинаға қол жеткізу керек. Бізде оларды орналастыратын залдар, сарайлар бар. Жарайды, Лувр бермес, Лондон бермес. Мәскеу бере алады. Біз Санкт-Петербордың Эрмитажымен келісе аламыз. Астаналықтардың дәрежесін көтеру керек. Сондай картинаны қойыңдар, адамдарымыз келсін, тамашалап жүрсін. Египетпен мәмілелесуге болар еді» деп өз ойын ортаға тастады. Қапысыз айтылған дүние, керемет бастама. Келіспеске болмайды (жалғасы).
"Біз" студенттер театры "Миллион раушан гүл" атты мелодрамалық қойылымының тұсауын кесті

4 сәуір Ө. А. Жолдасбеков атындағы сутденттер сарайы алдында күндіз дүркіреп тұрып наурызға арналған іс-шара өтті де, кешке сағат 18.00-де осы сарайдың үлкен залында университеттің "Біз" студенттер театры кезекті жаңа "Миллион раушан гүл" атты мелодрамалық қойылымның тұсауын кесті. 2006 жылы құрылған театр 2007 жылы сәуірдің 4-де "Адаспаңдар!" атты қойылыммен тұсауын кескен болатын. Содан бері тәй-тәй басып "Той", "Кешіріңіз, сізді ажал күтіп тұр!", "Бағдаршам" және "Ол көктем оралмайды" атты қойылымдарды сахналап үлгерді. Жақында ғана алты жасқа толған жап-жас театр алтыншы спектаклін дүниеге әкелді. Бұл жолы да жылдағыдай театр сүйер жастар залды толтырып, жылдағыдай әсер алып, жылдағыдай ерекше көңіл-күймен тарасты (жалғасы).
Сталинді сескендірген басылымдар кітапқа айналды

Биыл – тарихи даталарға толы жыл. Соның ішінде әсіресе қазақ баспасөз тарихының алғашқы қарлығаштары «Қазақ» газетіне 100 жыл болса, 1922-1923 жылдар аралығында Ташкент қаласында небәрі сегіз саны жарық көрген «Шолпан» журналына 95 жыл толады екен. Айтулы оқиғаларға іс жүзінде үн қатып, нақты игі қадамдарға барған Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы ХХ ғасыр басында, 1920-1926 жылдар аралығында жарық көрген «Ақ жол» сынды тегеурінді газет пен «Шолпан» журналының жинағын шығарды. Кеше Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада аталған жинақтардың тұсаукесері болды (жалғасы).
Еске алу кештері Табылды Досымов атындағы бард-ақындар фестиваліне ұласса деймін...

5 сәуір күні Ақтөбе қаласындағы Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияның ғимаратында қазақтың тұңғыш бард-ақыны Табылды Досымовты еске түсіруге арналған «Мен қазақпын» атты кеш өтпек. Біз осы кешті ұйымдастырушылардың бірі, Табылдының көзі тірісінде ерекше сыйласқан ағасы, Бижан Қалмағанбетовпен әңгімелескен едік.
– Би аға, талап оң болсын!
– Әумин. Біз, бірнеше жігіт Табылдының көзі тірісінде оның Ақтөбеде шығармашылық кешін өткізуді жоспарлап едік. Тағдырдың жазуы шығар, енді, міне, еске алу кешін ұйымдастырғалы жатырмыз...
– Иә, Табылдыдай дара талантқа көзі тірісінде қандай құрмет көрсетсе де жарасар еді ғой...
– Әрине. Бірақ адамның дегені болмайды екен... Бірақ «Өлгеннің артынан өлмек жоқ», енді оның артында қалған әндерін халыққа жеткізу керек. Сол тарапта жасалып жатқан жұмыстардың бір тіні – осы кеш (жалғасы).
