Жаңабек Жетіру: ''Ұлттың жан дүниесін сақтап қалу''
Режиссураға әкелген ұзақ жол және «Аққыздың» хикаясы __________________________________________________ - Өзіңіз жайлы біраз айтып өтсеңіз, балалық шағыңыз қай өңірде өтті? - Жалпы суреткер адам балалық шағында қалыптасады. Айтады ғой: адамның бойындағы ең жақсы қасиеттер ананың сүтімен және алланың нұрымен келеді, - деп. Шынымен де, өскен ортам, тұрған жерім, сол жердің табиғаты, соның бәрі менің суреткер ретінде қалыптасуыма әсер етті. Туған жерім жайында айтар болсам, бұл тарихи жер – мысалы, Қорқыттың қабірі бар, қобызы да тұр. Бір жағымызда космодром орналасқан. Бала кезімізде аспанды тілгілеп ғарышқа ұшқан корабльдерді күнде көретінбіз. Ал екінші жағымызда қарапайым өмір, ата-әжелеріміз. Аталарымыз мал бағып, апаларымыз сиыр сауып дегендей... Жолдың арғы жағында кәдімгі теміржол біз…