Өмірбаевтің «Студенті»: Басты кейіпкерлер мен көрермен пікірі
Студенттік өмір — таусылмайтын және жауыр болмайтын тақырыптардың бірі. Өйткені студенттің тыныс-тіршілігі, арманы, мақсаты адамдарға қашан да жақын. Биыл бұл тақырыпты еліміздің белгілі кинорежиссері Дәрежан Өмірбаев «Студент» фильмінде қайта көтерді. Биылғы көктемде картинаның жабық көрсетілімі болып жатқан кезде ұйымдастырушылар кино жайында материал жасауға уақытша тыйым салды. Себебі кино халықаралық байқауларға қатысу керек еді. Кейін Ф. Достаевскийдің «Қылмыс пен жаза» романының желісімен түсірілген «Студент» киносы 65-ші Канн фестиваліне қатысып, «Ерекше көзқарас» конкурстық бағдарламасының аясында көрсетіліп үлгерді. «Қазақфильм» киностудиясы баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша «Студентті» германиялық «Media Luna New Films» компаниясы сатып алған. Енді картина халықаралық прока…