Мазмұнға өту

Жаңа

Эйфманның Каренинасы

«Балет — психологиялық драманы жеткізудің ерекше амалы болумен қатар, адамның сана-сезіміне енудің де бір тәсілі. «Анна Каренина» романы мені қашанда қызықтыратын. Өйткені Толстойдың қай туындысын алып қарасаң да, ол кейіпкерлерінің психологиясын, жандүниесін түсіне отырып жазатындығын сезінесіз. Әрі осы сезімталдық арқылы бұл романда Ресейдің сол кезеңдегі келбетін көрсетудегі айқындығына тәнті боласың. «Анна Каренина» романында Аннаның психикалық әлемі ғана емес, оның тұлға ретінде психоэротикалық келбетінің өзі нақты көрсетіледі. Осы романдағыдай үлкен құштарлық, метаморфозалар мен фантасмагорияні тіпті бүгінгі күннің әдебиетінен де кездестіруіңіз екіталай. Осының барлығы менің хореографиялық ойлауыма негіз болды. Карениндердің белгіленген бірыңғай жүйемен өмір сүрулері сыртқы көзге та…

9
2
1075

Цветаеваның әлемі

Марина Цветаева 1892 жылы 26 қыркүйекте Мәскеуде дүниеге келген. Әкесі Иван Владимирович Мәскеу университетінің профессоры, танымал филолог және өнертанушы; кейіннен Румянцев мұражайынның директоры, әрі көркемөнер мұражайының негізін қалаушы болған. Марина ең алғашқы өлеңдерін алты жасар кезінде тек орыс тілінде ғана емес, сонымен қатар, француз, неміс тілдерінде де жаза бастаған. 1910 жылы өзінің жеке қаражатына алғашқы «Вечерний альбом» деп аталатын өлеңдер жинағын шығарған. Оның шығармашылығына мәскеулік символистер әсер етсе, ерте өлең жаза бастауына Николай Некрасов, Валерий Брюсов мен Максимилиан Волошиндер ерекше ықпал еткен. Жарық күнді мен демегеніңіз ұнайды, Жан дертімді емдемегеніңіз ұнайды. Тартылыстың таңғажайып заңына Бойұсынып, көнбегеніміз ұнайды. Тіл беземей, Күнәдан пәк…

6
5
2284

Дінмұхамед Қонаев мұражайына фото шолу

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев мұражайы Мекен-жайы: Алматы қаласы, Төлебаев, 185 Мұражайдың жұмыс кестесі: Дүйсенбі - Жұма: 09.00-18.00Сенбі,жексенбі: демалыс. Мұражайға кіру құны: ересектерге - 500 теңге Студенттерге - 100 теңге Оқушыларға - 70 теңге Экскурсия жасау құны: 400 теңге Мұражайда: 2 зал бар. Бірінші зал «Қызыл зал» деп аталады. Мұнда Дінмұхамед Қонаевтың жастық шағындағы суреттер, оған тарту еткен әр түрлі сыйлықтар қойылған. Сонымен қатар, бұл бөлме түрлі құрал жабдықтармен безендірілген. Келесі зал «Көк зал» деген атауға ие. Бұл бөлмеде Қонаевтың портреттері, оның мәрмәрдан жасалған және гипстен жасалған мүсіндері қойылған. Мысалы 1954 – 1956 жылдар аралығында жасаған Д. Қонаевтың мүсінін Х. Наурызбаев есімді мүсінші Қонаевқа сыйға тартқан. Қонаевтың киген костюм шалбары мен ая…

Алматылық «ART-алаң»

8 маусым күні Алматы қаласында Тұңғыш Президент саябағы, Family саябағы және 28 панфиловшылар атындағы саябақта бір уақытта «ART-алаң» атты жобаның тұсаукесері болып өтті. Бұл мерекелік шараны тамашалау үшін журналымыздың тілшілері 28 панфиловшылар атындағы саябаққа жол тартты. «ART-алаң» жобасының ашылуы фотограф Константин Киквидзенің «Прогулка по легкому воздуху» атты фото көрмесінен басталса, мерекелік концертті брасс-квинтет "Алматы" ашты. «ART-алаң» жобасы ұйымдастырушыларының бірі Жанна Бакауова:Бүгінгі «ART-алаң» жобасы Мәдениет жылы аясында ұсынылып отырған жобалардың бірі. Яғни қала тұрғындарын мәдени, рухани жағынан байыту мақсатында 3 ай бойы өткізіледі. Жобаны іске асырушылар: Almadeniet фонды, Алматы қаласының әкімшілігі және серіктестеріміз, «Қазақфильм» кино студиясы және…

Республикалық музыка аспаптар мұражайына фото шолу

Ықылас Дүкенұлы атындағы Республикалық музыка аспаптар мұражайы Мекен-жайы: Зенков көшесі, 24 (28 панфиловшылар саябағында орналасқан) Мұражайдың жұмыс уақыты: Сейсенбі – Жексенбі: 09.00 - 18.00 Дүйсенбі: демалыс Тел: +7 (727) 291 6917 Билет құны: Оқушыларға - 70 тг студенттерге - 70 тг ересектерге - 200 тг Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне және зейнеткерлерге тегінЭкскурсия: 600 тг Экскурсия: қазақша, орысша, ағылшынша Мұражай 1908 жылы бастапқыда әскери үй есебінде салынған. Кезінде бұл мұражай ғимаратын Түркістан генерал-губернаторлығының мерекелік шараларды өткізетін үйі ретінде қолданған. Ал 1981 жылы 24 сәуірде Қазақстанның музыкалық саз аспаптар мұражайы ашылады. Кейін 1990 жылы 11 наурызда мұражай XIX-XX ғасырдағы қазақтың атақты күйші қобызшысы, композитор, қылқобызда ойнаудың асқан д…

9
4
7758

Республикалық кітап мұражайына фото шолу

Құрметті оқырман, кезекті фото шолу айдарын Алматы қаласының мұражайларына арнаймыз. Республикалық кітап мұражайы 1978 жылғы қазан айының 20-жұлдызында Алматыда республикалық кітап мұражайы ашылды. Бұл бұрынғы Кеңес Одағындағы Мәскеу мен Киевтен кейінгі үшінші, күллі кіндік Азиядағы жалғыз кітап мұражайы. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Қабанбай батыр, 94. Мұражайдың жұмыс кестесі: Дүйсенбі - Жұма: 10.00 - 17.00 Сенбі, жексенбі: демалыс. Мұражайға кіру құны: ересектерге 100 теңге, балаларға 50 теңге Экскурсия жасау құны: Бір топқа 200 теңге Шетелдік азаматтарға: 150 теңге Мұражайда: 6 зал бар. Бірінші залда дүниежүзілік жазу тарихы, ескі түркі алфавиті, ықылым заманғы жазу түрлері, ескерткіш тастар, қыштан жасалған бұйымдар, түптелген парақты бүктеме кітапшалар, былғарыға жазылған нұсқалар, ат…

11
2
7225

Кембриджге қалай түсуге болады?

Кембридж, Оксфорд, Гарвард, Йель, MIT — бұл университеттер әрбір студенттің арманы. Өйткені бұл ЖОО әлемнің ең мықты университеті екендігін дәлелдеген. Қарапайым талапкер үшін бұл университеттерге түсу қол жетпес арман сияқты. Алайда, еліміздің жастары бұл білім ордаларының табалдырығын аттап, білікті маман болып шығып жүргені құпия емес. Бүгіннен бастап "Екпін" журналы шетелдік университеттерде білім алу мәселесін көтеріп, талапкерге пайдалы мәліметтер жариялай бастайды. Осы материалда сіздер Кембридждің оқу ақысы, түсуге қажетті құжаттар және талапкерге қойылатын талаптар туралы біле аласыздар. Кембридж университететі University of Cambridge Ұлыбританияның ең көне және ең танымал, әрі әлем бойынша барлық рейтингтертерден бірінші орында тұрған университет. Бұл университеттің негізін 800…

13
7
7117

Актер болу оңай ма? Кейіпкер: Жанар Мақашева

Жанар Мақашева 27 жаста Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театырның актрисасы Театрда 8 жыл 10 спектакльде ойнаған Ең сүйікті рөлі: Карменсита Үлкен сахна, ду қол шапалақ, құшақ-құшақ гүлдер... Актер өмірі шын мәнісінде осындай ма? «Екпін» журналы осыны тексеріп көрмек. Өнерге апаратын жолдың қиындықтары, театр сахнасының қыр-сыры жайында Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы Жанар Мақашева әңгімелейді. Неден бастау қажет Актер мамандығы бойынша жоғарғы білім алу үшін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Актерлік өнер» мамандығын аяқтау қажет. Оқу бағдарламасы қиын. Кейбір кездері таң атқаннан түн батқанша академияда жүруің мүмкін. Себебі актерлік өнер мамандығы бо…

Франция інжу-маржандары көрермен мен суретшінің көзімен

Құрметті оқырман, елімізге Франциядан келген көрме жайында жақында жазған болатынбыз, бүгін осы көрменің жәдігерлерімен жақынырақ танысып, көрмені тамашалап қайтқан көрермен мен суретшінің пікірімен бөлісіп отырмыз. Бақытжан Бұқарбаев, саясаттанушы, блоггер: "Шетелде жүргенде әлемге танымал өнер иелерінің көрмелеріне барушы едім, сонда осындай жәдігерлер өз қоғамымызға қашан көрсетіледі екен деп ойлайтынмын. Міне, бүгінгі күні бірнеше ай ішінде қаламыздың әрбір тұрғыны мен қонағы көрмеге барып, Францияның өнер шеберлерінің шығармаларын тамашалап, ләззат ала алады. Расына келетін болсақ, өзім осында жәдіргерлерді тамашалауға мүмкіндігінше көп адамның келгенін қалаймын. Алған әсерім мол, бірақ менің әсерім – өнерден аз-мұз болса да хабары бар адамның әсері. Бала кезімде суретші боламын деп…

12
7
2202

Аптаның қызықты материалдары #17

Интернеттегі демалысыңыз қызықты өтсін деген ниетпен әдеттегідей осы аптаның қызықты мәдени материалдарын ұсынып отырмыз. Бақытгүл БАБАШ: Бұл дүниеде бір ғана жан бар… – «Өңкей мұңды өлеңіме тоғытып…» Өлеңдеріңіз мұң мен сап-сары сағынышқа толы. Тағдырсыз өлең болмайды дейді. Әлде өміріңіз мұңлы ма? – Өмірімнің әр күні мұңлы десем, күпірлік болар. Мұңлы сәттерім де аз емес бірақ. Достарым жиі айтады: сенде бәрі де бар, өмірді өлеңде неге қоюлатасың? – деп. Осының жауабын білген күні айтамын деймін. Себебі, себебін өзім де білмеймін. Білетінім – өмірдегі Бақытгүл өлеңдегі кейіпкерден әлдеқайда бақытты. Өмірде – халімді қас-қабағымнан-ақ байқайтын, мені қазан-ошақтың басынан аспайтын әйел деп емес, елінің қызы деп бағалайтын аяулы жарым, дүниедегі теңдессіз бақыт – ана бақытын сезіндірген қ…

6
0
932