Мазмұнға өту

Жаңа

Жетістік бекеті

«Сәлеметсіз бе, бұл "Махаббат" бекеті ме?Менің атым Гүлнәз».Осы сөздер мен композитор Төлеген Мұхамеджановтың әсерлі де нәзік әуенін естісек болды, бір сағат бойы, қанша көрсе де ескірмейтін, Талғат Теменовтың 1993 жылы түсірілген «Махаббат бекеті» фильміне отыра қаламыз. Фильмнен кейін біреу бұрынғы махаббатын есіне алса, енді біреулер жаңа махаббатын армандайды, тәтті сезімдерге беріледі. Ең бастысы, бұл фильм әр адамның жүрегінде нәзік сезімді, жақсыға деген құштарлықты оята алады.Мәскеудегі атақты режиссер Сергей Соловьевтың шеберханасын, ұстазы Ролан Быковтың тағылымын көрген Талғат Досымғалиұлы көптеген фильмдеріне сценарийді өзі жазады. Мысалы, ең алғашқы толық метражды «Адамдар арасындағы бөлтірік» (1988), ВГИК-тағы дипломдық жұмысы болған қысқа метражды «Торо» (1986) немесе соңғы…

14
7
5488

Аптаның қызықты материалдары #16

"Менің атым Қожа" театрда қойылды Астана жастар театры биылғы маусымын жапты. Елордадағы су жаңа Оқушылар сарайында «Көзіме бір көрінші бала ғашық» қойылымының шымылдығы түрілді. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің негізінде сахналанған шығармаға режиссер Нұрқанат Жақыпбай «сағыныш» деген жанрды таңдапты. Расында да... Қойылым естелік, ностальгия сарынында. Өткен күнге деген тәтті сағыныштың құрсауында отырасыз. Шындығында, бәріміздің ішімізде бір-бір Қожа қалғып кеткен. Бәріміз де Қожа болғанбыз. «Менің атым Қожа» – кез келгеніміздің балалық шағымыз жайлы шығарма. Осыны режиссер жақсы түсінеді. Сондықтан сахнаға бір емес, бірнеше Қожаны бір мезетте шығарады. Бәрі бір кеңістікті теңдей бөлісіп, сапырылысып жүргені. Біреуі бастаған әңгімені екіншісі іліп әкетеді (толығымен). Сені і…

6
0
1744

«Radio and Juliet» рок-балеті Алматы көрерменімен қауышты

Талантты балет әртісі әрі керемет хореограф Эдвард Клюгтың есімі би әлеміне әйгілі. Румынияда туып-өскен Эдвард 1991 жылдан бастап Словен Ұлттық театрының премьері болып атанды, бұл театрда әртіс классикалық балетпен қатар заманауи партияларды да тамаша орындап жүрді. Ал 2003 жылдан бастап дарынды биші театрдың көркем жетекшісі болып тағайындалды. Кейін келе «Radio and Juliet» атты керемет туынды пайда болды. Эдвардпен қызықты сұхбат Бұл балет — атақты британдық Radiohead рок-тобының әуенімен сүйемелденген, Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» махаббат дастанының сюжетіне құрылған ерекше қойылым. Әрине, балет классикалық үлгісіне ұқсамайды, ал декорациялардың орнына видеоинсталляциялар, жарық пен көлеңке ойыны. Актерлердің костюмдері де ортағасырлық стильде емес, ал Капулетти балына келген Ро…

15
2
1623

Меккедегі политеистік салттар.

Биыл Сауд Арабиясы Қазақстанға қажылыққа 5 мың квота бөліпті. Бұл туралы 16 шілде күні ҚазАқпарат жариялаған еді. Қазір еліміздің мыңдаған азаматтары Мекке қаласына аттанып жатыр. Сауд Арабиясының танымал, ірі қаласына әлемнің түкпірінен миллиондаған адамдар осы маусымда ағылып келеді. Бұл мұсылман әлеміндегі жыл бойы болатын үлкен шаралардың бірі. Мекке – дәстүрлі Исламның өзегі, жүрегі, орталығы. Себебі, Мұхаммед осы қалада туылған, өскен, пайғамбарлық осында міндеттелген. Бірақ, Мекке қаласындағы аса қастерлі құлшылық орны ол - қағба (куб тәрізді ғимарат). Үлкен шараның жыл бойы өтуіне осы ғимарат себеп болып келеді. «Сүннет» ұстанушы ұстаздардың сөзіне сенсек, осы ғимараттың бір бұрышындағы қара тас жәннаттан түскен екен (осы туралы көптеген хадистер бар)!!! Оған қоса Мұхаммед пайғамб…

0
0
3401

Иван Фенье: «Махаббат дертіне ұшырай білудің өзі бір бақыт»

Мамыр айының 13-жұлдызынан бастап 19-на дейін Алматыда Еуропалық кино апталығы болып өтті. Апталық Еуропаның сегіз елін (Польша,Франция, Германия, Италия, Швеция, Латвия, Венгрия, Ұлыбритания) таныстыратын сегіз түрлі туынды ұсынған еді. Алғашқы күні көрерменге жол тартқан Венгрия елінің танымал кинотуындысы «Еркіндік, махаббат» (2006) фильмі. Кристина Года картинаның режиссері ретінде танылса, басты рөлдегі кейіпкер Карчиді сомдаушы Венгрияның танымал актері Иван Фенье апталықтың ашылу салтанатына арнайы қеліп қатысты. dailynews.kz Американдық режиссер Сем Мендестің Оскар сыйлығын жеңіп алған «Jarhead» («Морпехи» 2005) фильміндегі теңіз жауынгері Пинконы білесіз бе? Жүйріктердің ішіндегі тұлпар секілді танылған фильмнің кейіпкері Пинконы сомдаушы венгерлік атақты актер Иван Фенье болатын…

8
7
1599

Преподаватели, добро пожаловать на борт Холдинга Кәсіпқор!!!

Объявлен набор преподавателей в колледж APEC Petrotechnic (Атырау) Холдинг «Кәсіпқор», созданный по инициативе Президента Республики Казахстан для открытия сети учебных заведений профессионального образования мирового уровня, объявляет о начале конкурса по отбору преподавателей в Межрегиональный профессиональный Центр подготовки, переподготовки и повышения квалификации кадров в городе Атырау (колледж) для нефтегазовой отрасли - APEC Petrotechnic. Для участия в конкурсе приглашаются преподаватели химии, физики, математики, английского языка, нефтегазового дела для подготовительной программы Foundation (начало программы с 7 января 2013 года). Колледж призван стать учебным заведением технического и профессионального образования мирового уровня, использующего опыт и разработки зарубежных стра…

0
0
985

Қайда кетті?!

Қайда кетті, тоқтаусыз, еш алаңсыз?!

Келді міне ауламызға жалаң күз!

Ол да кетер көп кідірмей жолымен,

Үлгермесең қалдың айла-шарасыз...

 

Уақыт саған қайтып келмес мәпелеп,

Дұрыс жолға қайта қайта жетелеп,

Бір келгенде қадірін біліп бақпасаң,

Өзіңнен көр, жүрген қазір еркелеп!!!

0
0
619

Ербол Серікбай: «Көңілім қаламаған салаға бет бұрғым келмеді»

Ербол Серікбай Оңтүстік Қазақстан облысының Темірлан елді мекені, Қажымұқан ауылында дүниеге келді. Сол ауылда мектеп бітірген соң Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де Ғылыми Информатика мамандығы бойынша білім алды. Бүгінде Ербол «Айтабер» блог-тұғыры, «Сұрақ-Жауап» сайтының авторы. «Екпін» журналы жас маманды әңгімеге тартып, Қазнетке танымал жобалар мен мамандық таңдау мәселесіне тоқталды. — Ербол, сені IT маманы деп айтса да болады? — Жалпы, солай десек те болады. Бірақ қазір мен веб-сайтқа қатысты бағытқа бет бұрдым. Кішкентай кезімнен техникаға әуес болып өстім, радио шұқылау, микросхемаларды ақтару сүйікті ісім еді. Кезінде анам уақытымды бос өткізбесін деп, музыка мектебіне берген. Онда 4 жылдай оқып, баянда ойнауды үйренгенмін. Бірақ онымнан түк шықпады, жарытып ойнай ал…

Нағыз қазаққа билікте орын аз

Бұған дейін «нағыз қазақтар» мен «шалақазақтар» туралы әңгіме көбіне көшеде, ас үйде айтылып келсе, қазір ақпарат құралдарының бетіне шықты. Қазақтілділерге қарсы «шалақазақтар» орыстілді баспасөзінің бетінде ашық майданға шығып жүр. Бір халықтың тілдік тұрғыдан екіге бөлінуі ұлтымыздың басты трагедиясы екені анық. «Жас қазақ» газеті бұл тақырыпты бір емес, бірнеше рет қаузап келеді. Ондағы мақсатымыз – отқа май құю емес, жақындастыру, пікір таластыру арқылы ақиқатқа жету, ортақ тоқтамға келу, алыс­ты жақындатып, ағайынды табыстыратын, түрлі пікірлерге орын беретін алаңқай болу. Редакциямыздың кезекті қонақтары – «Аспандау» ғылыми-білім беру қорының президенті Қанат Нұров пен «Ұлт тағдыры» республикалық қозғалысының төрағасы Дос Көшім сөз таластыра келе, мәмілеге жетудің жақсы үлгісін көр…

0
1
1514