Мазмұнға өту

Жаңа

"Виртуальная любовь" фильмі туралы

Толығырақ: http://rukhpentil.org/?p=1612 «Қазақфильм» кезекті туындысымен интернационализмді ашық түрде насихаттауға көшті. Ұлттық өнімді қанша қолдаймын десең де, киностудия сол ұлттық мүддеге қарсы қызмет етуде. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Ғаламтордағы махаббат» («Виртуальная любовь») туындысы прокатқа 22 қараша күні шықты. Күткеніміздей, басты рөлдерде Ресей актері (қазақ актері жоқтай) – Артур Смольянинов мен Бибігүл Ақтан. Дегенмен, тұсаукесерінен соң-ақ көрермендердің фильмге қатысты пікірі екіге жарылды. Бірі жастар талабына сай түсірілген десе, енді бірі интернационализмді, субмәдениетті насихаттады дейді. Барлық пікірді екшелеп, тоқ етеріне тоқталсам. Біріншіден, фильм – романтикалық комедия. Туындының «романтизмі» мен «комедиялығына» «мін» жоқ. Жеңіл-желпі, көңіл-күйді к…

0
0
615

Сәбинің өміріне кім жауапты?!

Кез келген бала 9 ай бойы (кейде 1-2 айға кем, не артық) анасының құрсағында өсіп-өніп, өзінің осы өмірге келуінің кезегін күтіп жатады деп айтуға болады. Әке-анасы, жақындары бұл баланың өмірге келуін асыға күтіп дайындалады. Баланың жынысы анықталғаннан кейін, оған қандай есім қоятының да жайлы ой-толғауға батады. Мінеки, көзді ашып-жұмғанша тоғыз ай зымырап шығып, бала тумасынан анасының қойнына жатқызылды. Осы уақытта бақытты ана құшағын жая, махаббат атты бесіке жатқызып өмір бақи тербетіп шығады. Бұл азамат қайртайғанша сол анаға ол - әлі де болса бала болып қалады... Әкенің қамқорлығынан, ананың шексіз махаббатынан өмірде одан басқа, асқан шынайы сезім кездесе алмаспыз... Кейін балаға берген тәрбиесіне байланысты, ол ер жетіп, үлкен азамат болады. Кез келген ананың кейінгі мақсаты…

0
0
1385

Алматы көшелері: Сайын көшесі

Сайын көшесі Райымбек батыр даңғылынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін созылып жатыр. Көше Төле би, Жандосов, Розыбакиев, Абай даңғылын қиып өтеді. Бұл көше сонау 60-жылдары қаланың оңтүстік-батыс жағына тұрғын үй құрылысы салынып кеңейуіне байланысты пайда болған. Қазір бұл көше Алматы қаласындағы маңызды автомобиль магистралі болып табылады. Қазақ совет ақыны Жұмағали Сайын 1912 жылы Көкшетау қаласындағы Арықбалық ауданында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған Жұмағали 10 жасынан бастап Көкшетау қаласындағы балалар үйінде тәрбиленеді. Сонда жеті сыныптық білім алып, ауылда мұғалім болып жұмыс істеді. Дәл осы кезеңде оның әдеби шығармашылығы басталады. 1928 жылдары ол ауыл өмірі жайлы қысқа әңгімелер жаза бастайды. 1929-1930 жылдар аралығында Петр…

7
5
4498

Достар, www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі «Алтын сандық» танымдық ойынын енді онлайн үлгіде ойнауға мүмкіндік туғызып отыр.

Достар, www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі «Алтын сандық» танымдық ойынын енді онлайн үлгіде ойнауға мүмкіндік туғызып отыр. Ойын тіл байлығын дамытуға негізделген. Ойын ішіндегі сөздер бес түрлі деңгейде, жеңілден күрделіге қарай ұсынылады. Ойыншы ұсынылған үш көмекке және шашылған әріптерге сүйене отырып, жасырылған сөзді тауып, оны құрастыруы керек. Ойын сөздік қорды байытуға, есте сақтау қабілетін сынауға, сөз өнеріне деген қызығушылықты оятуға, тілге деген құрметті күшейтуге септігін тигізеді.

0
0
847

Жаңа премьераларға шолу: Борннан Бригадаға дейін

Достар, өткен аптада сәтті басталған, алғашқы кірпіші қаланған дәстүрімізді ары қарай жалғастырсақ деп отырмыз. Сіздердің назарларыңызға бүгін, 29 қарашада қазақстандық кинотеатрларда кейбірі жапа-тармағай, кейбірі таңдалып көрсетілетін жаңа туындыларға жасалған шолуды ұсынамыз. Фильмдер тізімі аса бай, жан-жақты болып көрінбегенімен де, арасында ауыр салмақтағы бір жоба бар. Бірақ, бәрін рет-ретімен жазсақ... Сөздер / Слова Сценарий жұмысын Брайан Клагман мен Ли Стернтал сонау 1999 жылы жазып, ортақ достары Брэдли Куперден басты рөлді ойнау туралы уәдесін 2009 жылы алып қойған екен. Фильм Рори Джэнсен атты жазушының қиын жағдайын баяндайды. Өзіне танымалдылық әкелген романды басқа біреудің жазуы және бас кейіпкердің оның алдында келтірген азабы үшін жауап беруі Джереми Айронс, Оливия Уай…

2
2
1008