Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Назарбаев университетінде Мемлекеттік тілдің дәрежесі көтерілмек

Әсем  Астананың төріне орналасқан Назарбаев университетін ел қалай танйтынын білмеймін, мен,  таза ағылшынша менталитет пен батыс үлгісінде тәрбие беретін  жоғары оқу орны іретінде таныймын. Сабақ негізінен ағылшын тілінде жүретін бұл университетте кімдер жоқ демейсіз. Шет елден келген мықты оқытушылар да, өз елінде жұмыс таппай келген арзан қол ағылшын тілді мұғалімдер де толып жүр. Бір өкініштісі сол Шет елден келген ұлты Қазақ еместерге жағыдай артығымен жасалған да олардан білімі артық болсада Қазақтар Пәтер жалдап шауып жүр.

Басқасын басқа, өз басым президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының осы
университетті құруы үлкен көрегендік болды деп есептеймін. Атап айтқанада,
ұлттың мәйегіне қанбаған, ана сүтінің дәмі әлі аузынан кетпеген, оң мен солын
толық танымаған  қазақ жастарының шет елдің белді университеттерінен білім алып, елге пайда келтіргені сол біразы батыстың менталитіне ілесіп кетті, тіпті қаншама қара көз қарындастарымыз діні мен ділі бөлек ағылшындар мен негірлердің, қытайлардың құшағында кетті. Кейбіреулері трагедиялық тағдырға тап болды. Осылайша бір бөлім үкімет қаражаты желге ұшті. Дәл осы келеңсіз жағыдайдың тағыда туылуына президентіміз дер кезінде тосқауыл қойды. Міне бұл Назарбаев Университетінің миссиясы болатын.

Қазақстанда бір жұмыстың  басы керемет басталып аяғы жіңішкеріп кететінін ойласақ, оқта-текте мемлекеттің қадағалауынан көз жазып қалса бұл оқу орныда арзандап қалуы ғажап емес. Әзірше президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтің тікелей қадағалауымен  аты мен атағын аспандатып айтып, ғажап ғылми жобар жасап, жұмысты бастап кеткен. 
«Адам жасын ұзартатын» дәрі-дәрмектерді зерттеуден бастап, нано
технологияның атасын зерттейтын жабыдықтар орнатылып тастапты. Енді тек
мамандары сапалы болса әлі ақ әлемді жалт қаратары анық. Кім білсін тағы бір
мықтының ерке шолжаңы келіп жылы орынға құнжыйып алама. Онда әрине құр сөзбен жаңалық жартатын шығар.

Осылайша Назарбаев университетін аралап жүріп  әр-бір жерге жазылған Абайдың ақылия сөздерін оқып, жүрегіміз жылынып қалды. Қазақ тіліндегі   даналық
сөздерді мұндай түсі бөтен оқу орнынан көру шынымен бір ғанимет екен. Сұрастыра
келіп Назарбаев Университетінің профессоры, қазақ тілі, әдебиеті және мәдениеті
кафедрасының меңгерушісі Гүлтас Сайынқызымен де жолығу мүмкіндігіне ие болдық.

Гүлтас апай өз сөзін университеттегі қазақ тілінің жағыдайынан бастады.

Гүлтас: Осыдан бұрын университетімізде Қазақ тілі талданбалы сабақ іретінде
оқытылатын. Ол деген сөз қазақ тілін оқысаңызда оқымасаңызда оқу нәтижеңізге
әсер етпейді деген сөз. Оның үстіне аптасына бір ақ рет, 50 минут ғана болатын.
Тіпті қазақстан тарихы сабағындада тек 1 группада ғана қазақ тілінде қалған екі
группада ағылшын тілінде беріледі.  Міне бұл студенттерге қазақ тілі керек емес деген сөз. Жуықта осы мәселе бойынша көтерілген ұсынысқа сай  Университет
басшылығы алда жаңа оқу маусымынан бастап қазақ тілі,  қазақ мәдениеті, қазақ әдебиеті сабақтарына әр біріне 3 ден кредит бөліп, міндетті сабақтар қатарына өткізетінін хабарлады, осылай болғанда ол студенттердің оқу нәтижесіне әсер етеді. Міне бұл біздің жеткен жеңісіміз әрі университ басшыларының мемлекеттік тілге көңіл бөле бастағанын білдіреді.

Гүлтас апайдың айтуынша осы мемлекеттік тіл туралы сөз бас уәзір Серік
Ахметов мырза университетке келгендеде айтылыпты. Мұндай қазақ тілін білмейтін
жастар ертең Қазақстан үшін ештеңеде істеп бермейтінін Серік мырза Гүлтас
апамыздың аузынан естіген екен. Оның үстіне Құрбай айт кезінде айтшылай келген
президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы «Абай жолы» романының 4 томнан қысқартылған 1
томдығын көріп ризалғын білдірген және сол Абайдың тәлімінің ізімен ұрпақ
тәрбиелеп жатқан Гүлтас сынды ұстаздарды мақтап, ықыласын білдіргенін де айта
кету керек.

Біз «қанатымен су сепкен қарылғаштай» Гүлтас апамыз бастаған ұстаздардың
қазақ тілі бойынша істеп жатқан игілікті істеріне тәнті болып, халық атынан
рахметімізді айттық. Университет басшылығының мемлекеттік тілге көңіл бөлгеніне
көңіліміз толды. Алла ұстаз аналарымздың да, Ана тіліміздің де көсегесін көгерте берсін!

Қазақстан-Заман газеті

0
0
461

Осы тақырып бойынша

Назарбаев университетінде Мемлекеттік тілдің дәрежесі көтерілмек - Yvision.kz