Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қайрат Нұртас Президентпен бірге дуэт құрмақ

Қазаққа танымал әнші Қайрат Нұртас Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге ән айтқанды армандайды.

Бұл жайында ол peoplenews.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді. Айтуынша, биылғы жыл әншіге толағай табыстар алып келген.

Бүгінде Қ.Нұртастың айтылуындағы жүздеген ән бірнеше баспатабаққа басылып шықты. Ал, ең есте қалатын оқиға деп ол жуырда ғана Республика сарайында өткен өзінің концертін айтып отыр.

Белгілі болғандай, осынау іс-шарадан кейін әншінің қалтасына 15 мың евро пайда түсіпті. Алайда, мұндай үлкен қаражат табу үшін тәулігіне 24 сағаттап жұмыс істеуге тура келді дейді ол.

Қайраттың ендігі арманы — Елбасымен дуэт құрып, ән айту.

"Менің ойымша, біздің Президентпен ән айту – кез-келген әншінің арманы. Мен Нұрсұлтан Әбішұлының әнсүйер азамат екенін жақсы білемін. Асығым алшысынан түсіп, Елбасымен бірге оның сүйікті әні "Үш қоңырды" айтсам деген арманым бар" дейді Қайрат Нұртас өз сөзінде.

0
0
596

Осы тақырып бойынша

Қайрат Нұртас Президентпен бірге дуэт құрмақ - Yvision.kz