Мазмұнға өту

Жаңа

Жақау: «Рэп мен үшін — өнер, бірақ еш сауабы мен қайыры жоқ екеніне толықтай көзім жетті».

Рэпты жиі тыңдайсыз ба? Сүйесіз бе? Мен — иә! Осыдан 7-8 жыл бұрын Эминемді сүйіп тыңдайтынмын. Иә, иә... «When I’m gone», «Mockingbird», «Lose yourself» менің хиттарым болды. Одан бертін келе орыс рэпіне әуестене бастадым. Баста, Krec, Тимати әндерін жатқа айтып жүрдім. Рэп мен үшін қазіргі заман поэзиясы. Ритм мен кестелі сөз үйлесімділігі. Рэперге сөзді өзге біреу жазып бермейді, ол өз ішінен шығады. Сондықтан оны орындаған кезде де «жүректен жүрекке жетіп жатады». Сол себепті соңғы жылдары қазақ рэпінде де ауыз толтырып айтарлық рэперлердің пайда болғаны мені қуантпай қоймады. Сүйікті биттердің қазақша сөйлегені жанға екі есе ләззат береді екен. Сондықтан қазіргі заман жастарының тыңдайтыны рэп болса, оған қазақы жан беріп жүрген қазақ рэперлерін көтермеуге болмайды. Алдыңғы жарияланы…

Қытай экономикасы ең қатерлі кезеңге тап болды ма?

http://www.tilmaydan.kz/?p=2324 Алып держауа Қытай елінің әлемді дүрілдетіп тұрған тірлігі тағы бір басқышқа өтетін түрі бар. Қытайдың мерзімді басылымдары алда, қарашаның 18-не жоспарланған Бүкіл Қытайлық Халық Құрылтайы туралы үгіт-нәсихат жұмыстарын қауырт жүргізіп жатыр. Айтылмыш құрылтайда Ху Жинтау (Орысшасы – Ху Цинтау) төраға орнын Шын Жинпиң (Шын Цинпинь) мырзаға бермекші. 4-5 жылдан бері дайындап келе жатқан мұрагері ары қарай Экономикалық қайта құрылымдауды бастайды деген дақпырт шыққалы да 2 жылға айналды. Бізде өз әлімізше Қытай экономикасындағы шындықтар мен шылықтарға талқы жасауды жөн көрдік. Лаң Шианпиң: «Қытай экономикасы ең қатерлі кезеңге тап болды» (Лаң Шианпиң(郎咸平): АҚШ Wharton Business School-нің докторы, қазір Гаңкоң(Hongkong) қытай тілі университетінің профессоры)…

0
0
741

Адвокат Абзал ҚҰСПАНОВ жастармен кездесу өткізеді

http://rukhpentil.org/?p=1563 1 желтоқсан күні «Рух пен тіл» жастар ұйымы белгілі адвокат, білікті заңгер Абзал Құспановпен кездесу өткізеді. Қазақстанның қазіргі сот жүйесі, халықтың құқықтық сауаттылығы, адвокаттық қызмет, қоғамдық-саяси оқиғалар және т.б. өзекті тақырыптар жастар жиынында талқыланбақ. Абзал Құспанов 2000 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттiк заң академиясының прокурорлық-сот факультетiн үздiк тәмамдаған. Батыс Қазақстан облысының прокуратура органдарында қызмет атқарды. Соңғы жылдары халыққа құқықтық қызмет көрсету, заңдық кеңес беру мақсатында жеке фирма құрып, кәсiби тәжiрибесiн жетiлдiрген. Қазiр өз бастамасымен қоғамдық бiрлестiк құрып, мемлекеттiк тiл саясатын жүзеге асыру, қоғам мүшелерiнiң конституциялық құқыларын сауатты қорғау мақсатында көптеген жұмыстар атқарып…

0
0
1005

Жастар жиыны өтеді

1 желтоқсан күні «Рух пен тіл» жастар ұйымы белгілі адвокат, білікті заңгер Абзал Құспановпен кездесу өткізеді. Қазақстанның қазіргі сот жүйесі, халықтың құқықтық сауаттылығы, адвокаттық қызмет, қоғамдық-саяси оқиғалар және т.б. өзекті тақырыптар жастар жиынында талқыланбақ. Абзал Құспанов 2000 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттiк заң академиясының прокурорлық-сот факультетiн үздiк тәмамдаған. Батыс Қазақстан облысының прокуратура органдарында қызмет атқарды. Соңғы жылдары халыққа құқықтық қызмет көрсету, заңдық кеңес беру мақсатында жеке фирма құрып, кәсiби тәжiрибесiн жетiлдiрген. Қазiр өз бастамасымен қоғамдық бiрлестiк құрып, мемлекеттiк тiл саясатын жүзеге асыру, қоғам мүшелерiнiң конституциялық құқыларын сауатты қорғау мақсатында көптеген жұмыстар атқарып жүр. Сенбілік кездесуге келем…

0
0
211

"Ару-ғұмыр" әні

Ару-ғұмыр Әнін жазған: Бағлан Бәбіжан Сөзін жазған: Нәзира Бердалы Орындаушысы: Қарақат Әбілдина Адалдығы болмаса аңсатар ма,Ару деген – әдемі әрқашанда,Өмір атты іздеген ән-сапарда, бақыт.Әр таң оған ерекше күліп келген,Әр көктемнен ерекше үміттенген,Зулайтынын осылай біліп пе ем мен, уақыт.Кеше ғана бәйшешек гүлдей едім,Күнге қарап көктемде күлген едім,Бүгін мүлдем өзгеше күйге енемін, шіркін!Жайқалады гүлзары көнілімнің,Мен қазақтың қызымын, келінімін,Мен елімнің ертеңгі сенімімін, мүмкін! Жаңаша боп туады жанған күнім, Аспанында арманның самғап жүрмін, Ақ некелі жарыма арнаулымын мәңгі. Жарық қылам жер бетін нұр-сәулемен, Қырық шырақтан құралған құрсау денем, Бесігімді тербетем шырқауменен әнді. Мен - әйелмін, әлемнің анасымын,Үміт жеңген кей-кезде жан ашуын,Күлкісі – күн, тәні – нұр,…

0
0
7526

Ғұмар Қараш: «Тіл — әдебиет»

«Екпін» жобасы «Алаш» айдарында «Айқап» журналының беттерінде жарық көрген мәдениет, әдебиет, тіл және жастар жайында жарияланған мақалалар тізімін жасап, оқырмандарымен бөліспекші. Алғашқы материалымыз 1912 жылы жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың оқу-білім мен тәрбие тақырыбына арналған еді, екінші материал Уалиолла Халелидің тіл мәселесі мен педагогика турасында болса, бүгінгі материал Ғұмар Қараштың халық бірлігі мен тіл, әдебиет мәселелеріне арналады. ТІЛ — ӘДЕБИЕТ Бір кеуде-пенденің дүниеде жасауы, бар болып тұруы үшін жан-рух керек. Бір халық, бір елдің де дүниеде бір милләт, ел болып жасауы, тірлік етуі үшін тіл керек, әдебиет керек. Жансыз кеуде дүниеде жасай алмас, шіріп, топыраққа айналып жоқ болар! Тілі, әдебиеті болмаған милләттің де тап сол жансыз кеудеден айырмасы болмас, өзі…

8
4
5766

Қазақ тілін үйренушілерге www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Достар, қазақ тілін үйренушілерге www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі жаңа мүмкіндіктер ұсынады. «Тілашар» курсының 72 сабағы қазақ тілін үйренудің алғашқы деңгейін меңгеріп жүрген тіл үйренушілерге тиімділігімен ерекшеленеді. Әліпбиден бастап, қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарын видеосабақтар арқылы түсіндірумен қатар сабаққа байланысты видеоматериалдар қоса берілген. Мұнда тілдің өзіндік ерекшелігін танытумен бірге қазақ дәстүрлі мәдениетінен танымдық ақпараттар берілген. Әрбір сабақ соңында тест тапсырмалары беріліп, материалдың қаншалықты меңгерілгендігін байқап көруге мүмкіндік береді. Өзін-өзі бағалаудың мұндай үлгісі үйренушілердің жетістікке жетуіне серпін берері сөзсіз.

1
0
1022

Шал ақын - ТЕҢ

ШАЛ АҚЫН(1748-1819) ТЕҢ Бұл дүниенің мысалы Ұшып өткен құспен тең. Өмірде көрген жақсылық Ұйықтап өткен түспен тең. Атадан мирас ақылың, Түзік айтқан мақұлың Ләзім болған іспен тең. Үлкеннен көрген зорлығың, Жаманнан көрген қорлығың, Ойлап тұрсаң, бозбала, Дұшпаннан көрген күшпен тең. Ағайының көп болса, Бірлігі оның бек болса, Жамандық жер кез келсе, Бір-біріне сеп болса, Бүтін тұрған бұзылмай Отыз екі тіспен тең. Айдынды жақсы аймен тең, Жомарт жігіт баймен тең. Шешен жігіт дүрмен тең, Имансыз көңіл кірмен тең. Ақылы жоқ надандар, Іс бітірмес жамандар Жүз болса да бірмен тең. Мектептен сабақ алсаңыз, Алуа, шекер, балмен тең. Саясы жоқ бәйтерек Сазға біткен талмен тең. Жаман туған балаңыз Бұғып өткен тазбен тең. Қайғы ойлаған жігіттің Кең дүниесі тармен тең, Уайымшыл адамның Алды тұйық ж…

1
0
2633