Студенттік БАҚтар. I бөлім.
«Екпін» жобасы алматылық университеттердің газет-журналдарына шолу жасап, студенттермен шығарылып жүрген БАҚтар тізімін құрып, әр басылымның бас редакторымен сұхбаттасуды жөн көрді. Өмір. Жастар. Ақиқат. «Өмір. Жастар. Ақиқат» республикалық ақпараттық-танымдық журналы 2012 жылдың қараша айынан бастап шығып келеді. Айына бір рет шығып тұратын журнал республика аумағында 5000 данамен тарайды. Журнал «Кино және театр», «Біздің сұхбат», «Атадан ақыл», «Пікірсайыс алаңы», «Қисық айна», «Сыршыл жүрек», «Ақиқат», «Жүрек жылуы» деген басты айдарлардан тұрады. Тамабек Әбілхайыр, журналдың бас редакторы, Халықаралық бизнес университетінің «Бағалау» мамандығының 2-курс студенті, 18 жаста. — Журналды шығаруға не түрткі болды, идеясы қалай келді? — Ең алдымен журналдың идеясы Орынбасаров Нұрсұлтан есі…
http://www.baq.kz/blog/article/4538