Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Абылайдың алтын бөркі Ресейге кетіпті

Патшалық Ресейдің өткен ғасырлардағы (18-19 ғ.ғ) статистикалық мәліметтерін шолып отырып, қазақ тарихына соның ішінде Қараөткел өңіріне (қазіргі Астана маңы) мәліметтерге назар аудардық.

Мысалы: 1865 жылы Мәскеу қаласында Ресей халықтарының жетістіктері деген атпен үлкен көрме ұйымдастырылады. Сол көрмеге Ақмола және Атбасар өңірінен 400-ге таяу асыл бұйымдар жіберілген көрінеді. Солардың ішінде алтынмен өрнектелген қазақтың ханы Абылайдың бөркі т.б. асыл бұйымдар болыпты. 
Ал, 1876 жылы Петербор қаласындағы ориенталистар конгрессіне арнап ашылған көрмеге ақмолалық шеберлер жасап апарған кигіз үй талайдың таңдайын қақтырған. Осы көрмеге Ақмоланың ақсүйектері - Мұхамедияр Жайықбаев, Мұхамед Қошанов, Сағынай Есұлы, Ыбырай Қоңырқұлжановтар қатысқаны туралы дерек бар. Киіз үйді алып барған да осы адамдар.
Сондай-ақ тау-кен инженері А.А. Козыревтың 1901 жылы Петербург қаласында жарық көрген «Гидрологическое описание Акмолинской области» атты еңбегінде Есіл өзенінің оңтүстік жағалауларында таспен тұрғызылған көне қорғандар бар екеннін суреттеп жазса, 19-ғасырдың ортасына таман археолог Василий Демьянович Солочинский мырза Қараөткел маңынан Андронов мәдениетіне жататын жиырмаға таяу адамзат тұрағын тапқаны жайлы дерек бар. Өлкетанушы Валерий Степанович Волошин мырза тағы да осы өлкеден полеолит, мыс дәуіріне жататын жетпіске таяу адамдардың қабірі мен байырғы тұрағын тауып еңбектерінде белгілеп кеткен.
Жоғардағы дүниелерді шындап іздестірсе Ресейдің музейлерінен табылуы әбден мүмкін. Оны Астана қала әкімдігі немесе ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің осы мәселеге қатысты салалық комитеті, болмаса тарихымызға қатысты жәдігерлерді іздестіруге құқылы Президенттік Мәдени орталығы бас болып, жаңадан қайта қабылданып жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасына енгізіп әрекет жасаса құба – құп болар еді.
Бекен Қайратұлы

0
0
1256

Осы тақырып бойынша

Абылайдың алтын бөркі Ресейге кетіпті - Yvision.kz