Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шенеуніктер орыс машиналарына мінеді

Экономикалық даму министрлігі мен Өнеркәсіп сауда министрлігі Ресей үкіметіне мемлекеттік қажеттілік үшін сатып алуға тыйым салынатын Қазақстан, Ресей және Белорусь мемлекеттерінің аумағында жасалынбаған тауарлардың тізімін жолдады. Ол тауарлардың ішіне көлік құралдары да кіреді. Көлік тізімі бойынша Үкімет жеке қаулы дайындап жатыр, деп хабарлайды «Известия».

Егер осы қаулы қабылданатын болса, шенеуніктер шетелдік көліктермен, мәселен, немістің Daimler концерні шығаратын Mercedes-Benz маркасы Ресейде жасалмағандықтан, қош айтысатын болады. Бірақ, Өнеркәсіп сауда министрі Денис Мантуров Дмитрий Медведевке жазған хатында бұл шетелдік көліктерден біржолата арыламыз деген емес, олардың ішінде Ресейде жиналатын машиналарды сатып алуға болады делінген. Олардың қатарында Калининград қаласының «Автодор» зауытында жиналатын BMW бар.
Ресей Үкіметі аталмыш қаулыны қабылдайтыны сөзсіз. Өйткені, бұл өз автоөнеркәсібін дамыту үшін «құдайы көршіге» өте қажетті шара. Сонда осы қаулы үш мемлекеттің ұлттық органдарынан жоғары тұрған Еуразиялық комиссияның шешімімен Кедендік одақтың аумағына тұтас тарайтын болады. Сол кезде біздің шенеуніктердің бірыңғай орыс машиналарын мініп кеткенін көреміз. 
Дәулетқали Асауов

 
0
0
433

Осы тақырып бойынша

Шенеуніктер орыс машиналарына мінеді - Yvision.kz