Қытай қазақтарынан шыққан тұңғыш математик
Қытай қазақтарынан шыққан тұңғыш математик – Тұрдыбек Нұрдыбекұлы. Ол Қазақ еліне келіп, студенттерге жиі лекция оқып тұрады.
Тұрдыбек Нұрдыбекұлы 1966 жылы Қытай Халық Республикасының Іле Қазақ автономиялы облысына қарасты Тоғызтарау ауданында дүниеге келген. 1984-1989 жылдары ҚХР Шыңжаң университетінің математика факультетінде бакалавр, 1989-1992 жылдары осы білім ордасының аспирантурасын бітірген. 1992-1995 жылдары ҚХР, УыХан университетінде оқып, Ph.D атағын алады.
Жетекшісі Қытайдың белгілі математигі – ЛюПиды. Шыңжаң университетінің профессоры (2001), Шыңжаң университетінің математика институтының орынбасар директоры (2003 жылдан бері). 2005-2006 жылдары Францияның University de Franche-Comte университетінде лекциялар оқыған әрі осы жерде математикалық талдау таласы бойынша зерттеулер жүргізген.
Тұрдыбек Қытай қазақтарынан шыққан тұңғыш математик, оның негізгі зерттеу бағыты функцияналдық талдаулар, коммутативті емес Харди кеңістігінің мартиңгілін есептеулерге(NONCOMMUTATIVE MARTINGALES in Hardy space ) арналған. 40 қа тарта ғылыми зерттеу мақалаларының авторы.
Хазірет Әбділда
