Өнер қыраны
«Төбелер көп өмірде, ал биіктер санаулы, Ұнатады ел сондықтан биікке көп қарауды» Өмір — өкініш пен қуаныштың қосындысы. Жылап жүріп, жұбанған қандай жақсы! Ал қуанып жүріп, кенеттен қайғыру неткен өкінішті еді! Тау биік. Мәңгіліктің мызғымас көрінісі. Тау тұлға. Өмір бойы жанымда жүретіндей көрінетін. Кім білген!? Мәңгіліктің де мәңгі емес екенін. Мойындаймын. Жақын араласқан жоқпын. Шындығы сол — жарқын бейнесі жүрегімде қалатындай сәттер жетерлік. Сол бір жаймашуақ жүздесу бүгінде сағынышқа айналған, маған қалғаны сағыныштан шым-шымдап сыр шерту ғана. 1998 жыл. Ол кезде жеті жасар баламын. Әкем мені Сатыбалды көкемнің (Фарида апатайымның әкесі) мерейтойына ертіп апарған. Өзіммен жасты балалармен тәттіге таласып, мәре-сәре боп жүрміз. Той басталып, соңына таяп қалған кез. Бір кезде асаб…


