Менің атым -Бақытты адам
Адамға сипат бергенде, оның сырт пішінін, одан кейін мінезі сипатталады. Ауызша, жазбаша сипаты бәрібір адамды ашпайды. Сипаты жақсы, ұнамды деп тапқанның өзінде жақын танысқанда немесе бір көргенде өзінен теуіп тұратын адам болуы мүмкін. Әріптесім Сергей жайлы әңгіме етпекпін. Қай кезде болмасын көзі бір нүктеге қарап, қасындағы адамды байқамағандай көреді, менсінбей жаратпай отырған секілді. Студент кезінен сырттай білетінмін, жалғыз өзі сабақ соңында компьютер алдында қалып қоятын. Ап-арық, бойшаң, мүгедек арбасының орындығының дәл ортасында отыратын, екі жағына енді екі Сергей сыятындай орын қалатын. Содан бері жиырма жыл өтті. Мінекей, енді кабинет есіктеріміз бір-біріне қарама-қарсы орналасты. Түскі аспен Сергейдің кабинетінде тамақтанамыз. Асты төмеңгі қабаттағы асханадан аламыз. Б…


