Мазмұнға өту

Жаңа

Моңғолияның Ұлттық порталы «Жыл адамын» жариялады

АСТАНА. 27 желтоқсан. BAQ.KZ - Моңғолияның KAZNEWS.MN Ұлттық порталы әр жылдың соңында жылдың үздік оқиғаларын атап, іскерлік карьераның шыңына көтерілген азаматтарды анықтауды үрдіске айналдырған болатын. Аталмыш портал биылғы жылдың «Жыл адамын» Экономика ғылымдарының докторы, Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хуралының мүшесі Бакей Ағыпарұлы деп таныды. Бұл жайлы Kaznews.mn хабарлады. Ел басқару тізгіні екінің біріне берілмейді. Білімі мен тәжірибесі толысқан жаңашыл азаматқа ғана аманат артылады. Бакей Ағыпарұлы экономика, саяси, әлеуметтік мәселелерде жиі үн қатып, қолға алған бастамасын соңына дейін жеткізіп, беделді саясаткер, білімді азамат екенін дәлелдеп жүрген азамат. Ол Мңғолияның батыс өңірі, аз ғана қазақ шоғырланған Баян-Өлгей аймағының асқақ бейнесін асқақтатуға, аймақтың әлеуметті…

0
0
436

Қазақ жерінде неміс автономиясы қалай құрылмай қалды?

Астана. 12 қаңтар. Baq.kz-Егер 1979 жылы немістер Қазақстаннан автономия алса, онан соңғы кезек ұйғыр мен кәрістікі еді. Олар да бұл мәселені күн тәртібіне шығаруға әзір болатын. Сөйтіп, Қазақ елі бір басында бәленбай автономиясы бар, соның салдарынан қанды қырғынның ошағына айналып кетуі де ғажап емес қой.(Суретте: Амантай Кәкен, Жылқыбай Жағыпарұлы) Қазақтың азаттық жолындағы күрес тарихының ақтаңдақ тұстарының бірі – 1979 жылы Целиноград облысының орталығында болған «Ақмола көтерілісі» болатын. Бұл, сөзсіз, «түкірігі жерге түспей тұрған» тоталитарлық империяның саяси шешіміне қарсы шыққан халықтық ірі қозғалыстардың бірі.Қазақстанда неміс автономиясын құратындай олардың қазаққа не қатысы бар деген сұраққа жауап беру үшін тарихқа сәл шегініс жасайық. Ресей империясының аумағына немістер…

0
0
9419

Абыралы көтерілісі

Астана. 12 қаңтар. Baq.kz-Тарихта «Абыралы көтерілісі» деген атаумен қалған оқиғаны былайғы жұрт кейде Қамбарлар көтерілісі деп те атай береді. Өйткені, ол өлке халқының 90 пайызын Арғын-Қаракесек ішіндегі Қамбар рулары құрап тұрған. Көтерілістің басты күші болған да осы атаның балалары. (Суретте:Абыралы тауы) 1931 жылы ақпанда басталған Абыралы көтерілісі бұрынғы Семей облысы, Абралы ауданында болған. Көрші жатқан Шыңғыстау, Шұбартау, Қарқаралы, Қу аудандарындағы өздеріне ниеттес азаматтармен байланысқа шығып, оларды көтеріп, күресті бірге өрбітуге талпынған. Көтеріліс алғашқыда Ұзынбұлақ, Тайлан, Ақбұлақ, Бөрілі, Мыржық, Дегелең аудандарында басталып, кейін іркес-тіркес барлық ауыл қостаған. Жалпы, 3500-ге тарта адам атқа қонып, қарулы қақтығыстарға қатысты. Жазалаушы отрядтар мен болға…

0
0
3324

Қазіргі қазақ киносы жайында...

Қазіргі қазақ киносының бет алысы бір арнаға түсе бастағандай.Соңғы 3-4 жылда бірінен соң бірі шыққан киноларымыз қазақ тілді көрерменнің көзайымына айналып,жақсы-жаман бағаларын да алып үлгерді.Сең боп қатып қалған қазақ киносын аз да болса қалыпқа келтірдік-ау,бірақ сапа,мән-мағына жағынан әлі де кем-кетік тұстарымыз табылуда.Әрине,мойындау керек,бұл 3-4 жылымыз қазақ тілді көрерменнің қатарын едәуір көбейтті.Шетел көрерменіне арналған кейбір төл туындыларымыз жүлделі боп жатса,кейбірі үмітті ақтамай жатты.Шетел демекші,көптеген режисерлер осы күні фильмдерінің тұсауын өз елімізде емес,шетелде кесуге тым әуес.Егер ұлттығымызды көрсететін фильм болса бір сәрі,кей фильмдерімізді қарап отырып,нағыз қазақ осындай ма еді деп күмәндәніп қалатынымыз тағы бар. Жақсыны жақсы дей отырайық! Мың ба…

0
0
12220

Медеу, коньки, сырғанақ.

Медеу, коньки, сырғанақ. Төгілген әуен, шабытты ырғақ. Аяққа тағып мұзатты, Мінгендей тұлпар, кетесің зырлап. Медеу, әрине тамаша, теңдесі жоқ мұзда сырғанау айдыны. Тек, әттең дегізетін, бірнеше ыңғайсыздық болмаса. Біріншісі, коньки деген мұзда сырғанау құралының қазақша аудармасының қайта-қайта дұрыс баламасын таба алмай аударыла салынып келуі. 2007-2008 жылдары Медеу мұз айдының әкімшілігі "шаңғы" деп аударып, жарнамалық бағандар мен басқа да жазуға боларлық тақтайшаларға жаза салған еді, биылғы жылы "сырғанақ" деп аударыпты да: сырғанақсыз мұзға шығуға болмайды,- деп баттитып жазып тастапты, ескерту бағандарына. Тым болмаса " коньки" дегенді "мұзат", "мұзтақ" - мұз тақтайшалары, деп те көрмепті. Сырғанақтың басқа таудан сырғанау, жазық даламен шаңғымен сырғанау деген түрлері болатынд…

0
0
1708

Бәйтерек — Сен (аккорды)

http://kazchords.kz/?p=283 1-куплет: 5(4)-3-2-1 қайырмасы және басқа куплеттеі: алтылық F#m Мұңттындырып жанары E____________________D Жылдарым жылжып барады ________________A__E Жүрегім мәнгі жаралы-ы-ы. F#m Өтер көктем, өтер күз E Қалайша жаным екеуміз D_______________E Табыса алмай кетерміз? қайырмасы: ________A___________E Арманымнан уайым кештің ________Hm______________F#m Мендей саған тілемес бақыт ешкім ___D_____________________E Аяулым, сүйе алмас мендей ешкім. Am________Dm___________G Сен нәзік жүрегінді өзі жылатқан __________C_______________F Мен жан жүрегімді әнмен жұбатам F________E Жаным сәулем. Am_______Dm____________G Сен нәзік жүрегіңді өзін жылатпа _________C_________________F Шың ғашықтар қосылмайды бірақ та F______E Арман әні. F#m Жүрегімнің аңсары E___________________…

0
0
7422

Айғана баба

Айғана Жантоқұлы XVII ғасырда Жәңгір хан ставкасында қызмет еткен старшын, атақты әулие, батыр болған. Қазіргі кезде бейіті Атырау облысы, Исатай ауданы, Сазанқұрақ кен орнының маңында. Ол жерде мәрмәрдан ескерткіш белгі, әулие белгісі ақ жалау, түнек үйі бар. Жылына әлденеше рет ағайын-тума ата басына ас беріледі. Ол жөнінде қосымша деректер болса хабарласуды өтінеміз.

0
0
1101

Жексенбілік аспаздық: үй торты

Менің ең сүйікті тортым «Наполеон». Алайда ол тортты осы уақытқа дейін жасап көрген емеспін, жасалу жолы қиын болғандықтан батылым жетер емес. Содан бір күні «Наполеонға» ұқсайтын, бірақ жасалу жолы оңай торт жасаудың әдісін ойлап, асханаға келдім. Сөйтіп торт жасауға арналған заттарды алып, торттың қамырын дайындадым. — Май — 100 гр. — Қант — 1 стақан — Бал — 2 ас қасық — Жұмыртқа — 2 дана — Ұн — 400 гр. — Сода Алдымен баяу жанып тұрған отқа ыдыс қойып ішіне май, қант, бал, екі жұмыртқаны салып араластырамыз. Әбден араластырып болғаннан кейін үстіне 200 гр. ұн саламыз. Ұн мен қоймалжын қоспаны толықтай араластырамыз. Үстінен қалған 200 гр. ұнды салып, қамыр илейміз. Дайын қамырды бөліктерге бөлеміз. Қамырды жайып, майланған табаға салып, піскен кезде қамыр үрленіп кетпес үшін қамырға тес…

Мақта қыз бен мысық

«Балапан» телеарнасы бүлдіршіндерге арнап «Мақта қыздың басынан кешкендері» деп аталатын мюзиклдің тұсауын кесті. Айта кететіні, бұл балаларға арналған тұңғыш қазақ тілді мюзикл. Қойылым балаларды ғажайып сиқыр әлеміне жетелеп, Спанч Боб пен Патрик секілді мультфильм кейіпкерлерін қазақша сөйлеткен. Бурабайда өткен түсірілімге қатысқан актерлердің дені оқушылар.

«Мақта қыздың басынан кешкендері»

Фильмнің режиссері: Алтынбек Әбішев

kiwi.kz

1
8
1966

Мәдениет пен телеарна

Қол қалт еткенде "Мәдениет" телеарнасын қарап отырамын. Бір байқағаным, қазіргі бағдарламалардан гөрі қылышынан қан тамған Кеңес идеологиясы тұсындағы қатаң цензурадан өтсе де, ішкі биік талғамы мен шынайы мәдениеттілігн сақтап қалған бағдарламалар анағұрлым терең әрі тұшымды. Тіпті ұлттық проблемалардың өзін сол кезде мейлінше қисынды әрі табанды қозғаған. Жалпы алғанда, бір ғана телеарна ашумен көрерменді мәдениетке баулу мүмкін емес - басқа арналар да мәдениеттілеу бола түссе, шіркін...

1
0
293