Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Моңғоляда «Бүркіт тойы» өтті

АСТАНА. 14 қараша. BAQ.KZ – Моңғоляда «Бүркіт тойы» атты құсбегілерге арналған жарыс жыл сайын өтіп тұрады. Аталған жарыс жақында ғана Баян-Өлгейінде 13-рет ұйымдастырылды. Оған Моңғол елінің құсбегілерімен қатар көрші Қытайдан құсбегілер қатысты.

 

Кеңес Одағы ыдырап, темір тор шекарасы сөгіліп, жабық есігі ашылысымен-ақ, Моңғолияға ағылған әлем туристері арқылы Моңғолияда саны 400-ге жақын қазақ бүркітшілерінің суреті ғаламтор бетінен түспейтін ең қызықты тақырыпқа айналды. Әр ел ондағы қазақ құсбегілері жайлы деректі фильм жасап, альбом шығарып мәре-сәре болды. «Темірді қызуында соқ» дегендей, Баян-Өлгей азаматтары Казбек, Медеухан, Еділхандар 13 жыл бұрын Моңғолия құсбегілерінің басын қосып, «Бүркіт тойы» аталған жарыс ұйымдастырысымен-ақ жыл сайын қызығушылық артып, жалғасын тауып келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, соңғы жылдары «Бүркіт тойын» тіпті әлем елдерінен туристер арнайы барып көру үшін бір жыл бұрын тілек білдіретін болған. Баян-Өлгейліктер мұнымен шектелмепті. 
Баян-Өлгейден шыққан танымал саясаткер, елші Сайран Қадырұлы Баян-Өлгейдегі бүркітшілерді бүркітімен бірге 1600 шақырым қашықтықтағы Моңғол астанасы – Ұланбатырға жеткізіп, сондағы қала жұртшылығына қазақтың құсбегілік өнерін паш етсе, бұл істі туризм компаниялары іліп әкетіп жалғастырып жатқан көрінеді. Сайран Қадырұлы Баян-Өлгейлік бүркітшілерді бүркітімен қоса Сауд Арабиясына апарып, Араб шейхтеріне қазақтың құсбегілік өнерін көрсетіпті. Фотограф Жанарбек құсбегілер фото альбомын дайындауда. А.Атай бастаған іскер ағалар садақ жебесін істейтін елдерге бүркіт түлегендегі түскен қауырсынын сатып, бүркітшілердің бүркітіне азық алып берер тиын-тебеніне септігін тигізіп жүр екен. Құсбегілер өз шамаларынша қаржы және рухани жағынан аянбай өздеріне көмектесіп келе Баян-Өлгейдің билікке жақын қаракөздеріне дән риза. Моңғол еліндегі белгілі фотограф Жанабрек Ақыбыиұлы құсбегілер өмірінен түсірген тартымды суреттерінен фотоальбом дайындап жатыр екен.

 
0
0
1236

Осы тақырып бойынша

Моңғоляда «Бүркіт тойы» өтті - Yvision.kz