Балуандар қашан қуантады?!
«Иван Ярыгин — 2013» Голден Гран При бәсекесінің алтын жүлдесін 1999 жылы Мәулен Мамыров жеңіп алған. Содан бері, қазақ балуандарының бір де біреуі бұл доданың бас жүлдесіне қол созбапты. Әзірге, Мәуленнің 13 жыл бұрынғы жеңісіне шүкірлік ете тұрамыз.
Лондон кілеміндегі жеңістер мен жеңілістер өткен жылдың еншісінде қалды. Енді жаңа сайыстармен бірге, жаңа Олимпиадалық цикл басталды. 2016 жылы Бразилия жерінде алауы жанатын жазғы Олимпиада ойындарына дайындық бүгіннен басталып кетті десек артық емес. Қаңтар айында РесейдіңТүмен және Красноярск қалалары күрес түрлерінен бәсі биік бәсекелердіөткізіп, қазақтың балуан жігіттері бұл додалардан алтынсыз қайтты.
Түмендегі «Иван Поддубный» мемориалынан бізге бір жүлде бұйырған жоқ. Ал, еркін күрес шеберлері Красноярдан 1 алтын және 1 қола медальменқайтты.
Сайыстың алғашқы күнінде кілемге шыққан Татьяна Аманжол (Бакатюк)51 келіде топ жарды. Финалда кілем иесі Екатерина Краснованы жеңген Таняның алтыны барлық балуандардың сәтсіздігін жуып-шайғандай болды. Бейжің Олимпиадасында 5-і орын алып, 2009 жылы Азия чемпионы атанған, 2007 жылы Бакуде өткен Гран При бәсекесінде топ жарған Татьяна біраз уақыт кілемнен алшақтап қалған. Алайда, ол бойын тез жинап, бірден алтын жүлде жеңіп алды. Осыдан екі жыл бұрын «Иван Ярыгин» турнирінің қола медалі үшін Таня дәл осы Красновамен күресіп, сол кезде де жеңіске жеткен. Бұл ақпаратты Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.
Татьяна Аманжол — «Иван Ярыгин» Гран При бәсекесінің жеңімпазы
Гүзел Манюрова жаттықтыратын қыздар құрамасының басқа өкілдері жарқын жеңіспен қуанта алған жоқ.
Руслан Өмірәлиев баптайтын ұлттық құрама «Иван Ярыгин» Голден Гран При турниріне дайындықты Дағыстанда жүргізген еді. Махачкалаға кіл мықтыларды апарғанымен, Красноярда сенген серкелеріміз сенім үдесінен көріне алмады.
Салмақ ауыстырып, 60 келіде сынға түскен Дәулет Ниязбеков жартылай финалға дейін қарсыластарын қоғадай жапырған. Алайда, турнирдің болашақчемпионы, Еуропа біріншілігінде үш мәрте жеңімпаз атанған Опан Сатпен өткен белдесу сәтті болмады. Опан ақтық сынға шықты. Ал, қола медаль үшін күрестеқарсыласынан басым болған Дәулет «Иван Ярыгин» турнирінде үшінші сатыдан көрінді.
Дәулет Ниязбеков — «Иван Ярыгин» Гран При бәсекесінің қола жүлдегері
Осы салмақта ел намысын қорғаған тағы бір балуанымыз Амандық Бакиевалғашқы белдесуінде ресейлік Александр Богомоевтан ұтылды. Богомоев турнирдің финалына дейін сүрінбей, Амандық жұбаныш белдесуіне шығуға мүмкіндік алған. Алайда, өз мүмкіндігін пайдалана алған жоқ.
Өкінішке қарай, 2011 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Дәурен Жұмағазиев алғашқы белдесуінде жеңіліп қалды. Лондон Олимпиадасыныңалғашқы айналымынан аса алмаған Дәурен дода аяқталған соң, 66 келігекөшкен болатын. Алайда, дағыстандық Магомед Құрбаналиевтан айла асыра алмады. Магомед те алысқа шапқан жоқ. Сол себепті, Жұмағазиевке жұбаныш белдесуіне шығу құқы да бұйырмады. Ұлттық құраманың қазіргі бапкері РусланӨмірәлиевтің төл шәкірті саналатын ол әлем чемпионатынан соң, жарқын жеңісімен қуанта алмай жүр жанкүйерін.
Руслан бапкер сенген қалған жігіттер жанкүйер үмітін ақтаған жоқ.
«Иван Ярыгин — 2013» Голден Гран При бәсекесінің алтын жүлдесін 1999 жылыМәулен Мамыров жеңіп алған. Содан бері, қазақ балуандарының бір де біреуі бұл доданың бас жүлдесіне қол созбапты. Әзірге, Мәуленнің 13 жыл бұрынғы жеңісіне шүкірлік ете тұрамыз.
Ал, «Иван Ярыгин — 2013» Голден Гран При бәсекесінің 33 жүлдесі Ресейдің еншісінде қалды.


