Мазмұнға өту
31arna

Арай Сайранканова

@31arna

Сайтта 2012 ж. 29 мамырКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

6

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

«Шегініс» түрік сериалы

Жолдың ақыры ма, жаңа өмірдің бастауы ма? Сіз күйеуіңіздің қайда екенін білесіз бе? Мен де осы сұраққа әрқашан жауап бере алам деп ойлаған едім. Бірақ бір күні мен білуге тиіс емес бір жайттң бетін аштым. Мен сіздерге жаралы жүректер мен достық туралы оқиғаны баяндап берем. Менімен бірге осы жолды жүріп өтуге дайынсыз ба? Менің атым Айлин. Қарапайым, бақытты әйел едім, жұмысым, бақытты да бақуатты отбасым мен Селим атты күйеуім бар еді. Біздің отбасымызда әрбір әйелдің бақыты үшін қажеттінің бәрі болды – махаббатқа, сыйластыққа құрылған шаңырақ, түсіністік. Мен күйеуіміз екеуміздің арамызда ешқандай құпия-сыр жоқ деп ойлап келдім, менен бақытты жан жоқ еді... Құдайым-ай, мен қалай қателесіп келгенмін. Менің бақытты да тыныш өмірім бір сәтте өзгеріп кетті. Дүние теріс айналғандай. Бәрі де…

0
0
728

«100%» ұқсастар шоуы жобасына кастинг жоғары дәрежеде өтті!

Жақында Алматыда «100%» ұқсастар шоуына кастинг өтті. Жаңа ойын-сауық жобасы «31 арнаның» өзіндік өнімі. Кастингтің басты мақсаты - кез-келген жастағы көрерменге қызық болатын ойын-сауық , life-шоу жобасына қазақстандық және әлемдік эстраданың жұлдыздарына ұқсайтын дарындыларды таңдау. Бірінші кастингке Қазақстанның әр қаласынан150-ден астам кандидаттар жиналды. Солардың арасында тек Қайрат Нұртасқа ұқсайтындардың саны 15 адам. Қазылар алқасының сұраулары бойынша, халық сүйіктілеріне ұқсайтындар ән салып, би билеп, өлеңдер оқып, қызықты көріністер көрсетіп, бір күліп, бір жылады. Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Бейбіт Қорған, Мәдина Ералиева, Мәдина Садуақасова, Мейрамбек Бесбаев, Бахыт Шадаева, Парвиз Назаров, Әли Оқапов, Баян Есентаева – бұл жобаға қатысушылардың пародия жасаған жұлдызд…

0
0
1110

11 наурыздан бастап «Кухня» дәмді комедиясы

Дәмді комедия! Максим Лавровтың арманы - бас аспазшы болу! Шоу-бизнес жұлдызының танымал мейрамханасына жұмысқа тұру үшін, ол Мәскеуге жол тартады. Бұл мейрамхананың асүйін бас аспазшы Виктор Баринов басқарады. Өз дарынының мықты жақтары мен осы мейрамханада тамақтанушылардың осал жерлерін білетін бас аспазшы абыроймен басын тік ұстайды. Бұл мінсіз бейненің келесі бір жағы – ішімдікке салынғандық, құмар ойындарға берілгендік пен қиын мінез. Баринов ашу үстінде қорқынышты, ал бір ішіп кетсе, тоқтауы қиын. Тағам дайындау шеберінің мінезіне шыдайтындар көп, тек мейрамхананың арт- директоры Виктория Гончарова қана мойынсұнбайды. Жеке өміріне іскерлікпен қарайтын салқынқанды, жас әрі табысты мансапқор Виктория астаналық мейрамхананы қаладағы атақты орынға айналдыру үшін бәріне барады. Жеке бақ…

0
0
612

"Мезгілсіз сезім" телехикаясының 2- маусымы!

Бихтер мен Бехлюл сынды жастардың тыйым салынған махаббаттарына арналған хикая соңғы жылдары түрік кинематографистерінің үздік шығармасы ретінде танылды! Екінші маусымда тыйым салынған махаббаттың құштарлық пен құмарлық қызуына бой алдырған Бихтер мен Бехлюл тым ашық кетеді... Бірге өмір сүрген екі жылдан соң бұл неке Бихтерді жалықтыра бастайды. Күйеуі Аднан екеуінің жас айырмашылығы тым үлкен екенін ол толық мойындайды, сондықтан оған деген сезімін махаббат деуге келмейді. Міне осы кезде күйеуінің інісі Бехлюл мен екеуінің арасында ұшқын жүгіріп өтіп, тыйым салынған махаббат басталады... Аднанның қызы, 18 жасар Нихалдың анасын алмастырған үй күтушісінің кетуі, оның Бихтерге деген жеккөрушілігін ушықтыра түседі. Бихтердің анасы Фирдевс Бихтер мен Бехлюлдің арасындағы құмарлықты байқап қо…

0
0
2090

Түріктің белгілі актері Бурак Хаккы тағы да бізбен!!

"Сезім сыңғыры" телехикаясында Хусейн Кенанның рөлін сомдап, көрермен көңілін тапқан Бурак Хаккы тағы да экранда! Дарынды актерді 31 арнада 25 маусымнан басталатын түріктің отбасылық драмасында басты рөлдердің бірінде көреміз. Түрік актерінің қызмет тізімінде оннан астам телехикаялар бар, оның әрбір рөлі табынушыларын ықылассыз қалдырмайды. 31 арнада 25 маусымнана басталатын түріктің жаңа "Қызым қайда?" телехикаясында Бурак Түркиядағы белгілі іскердің жоғалған қызы туралы істі жүргізетін Каан атты полиция қызметкерін ойнайды. "Қызым қайда?" мелодрамасына дейін үнемі романтикалық телехикаяларда түскен Бурак Хаккыға шытырман оқиғалы мелодрамадағы детектив рөлі басқа жағынан ашылуға мүмкіндік берді. Осында да романтикалық қарым-қатынас айналып өтпей, ол мақсатты және сатылмайтын полиция қызм…

0
1
508