Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.
Наурыз айының алтыншы жұлдызында ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайында көрнекті композитор, қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ғасыр әуені» атты көрме ашылды. Көрмеде Мұқан Төлебаевтың өмірі туралы кітаптар, фотометериалдар, құжаттар және өзіне тиесілі жеке заттар мен сыйлықтар, оның ішінде Сталин сыйлығының лауреат белгісі қойылған. Мұқан Төлебаевтың роялі Мұқан Төлебаевтың креслосы Жоғарыда тұрған «Мұқан Төлебаев портретінің» авторы О.Д.Кужеленко Композитордың шығармашылығын зерттеуші профессор Н.С.Кетегенова: — Мен Мұқанның шығармашылығын елуінші жылдардан бері зерттеп келемін. Қарап отырсам, музыкант, композитор болмаса, Біржан сал, Жаяу Мұса, Ыбырай, Ақан сері сынды ақынның бірі болар еді. Мұқанның…
ҚР Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің сержанты Сәнді Смағұлова «Miss Military Kazakhstan» байқауының бірінші вице-аруы атағын иеленді.