Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақ журналистикасының тарихы қанмен жазылған

Астана. 7 наурыз. Baq.kz-Тарих ғылымдарының кандидаты, жазушы Бейбіт Қойшыбаев басқаратын «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы кеңестер заманында қуғын-сүргінге ұшыраған 125 журналисті анықтапты. Осы қоғамның зерттеулерінен Қазақ журналистикасының тарихы о бастан-ақ қанмен жазылғанын көреміз.


– Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғаннан соң, патша жарлықтарын қазақтарға түсінікті тілде жеткізіп тұру үшін 1870 жылы Ташкентте «Түркістан уәлаятының газеті» ашылды. Ол 12 жыл бойы шығып тұрды. Қыр қазақтары үшін 1888 жылы Омбыда «Дала уәлаятының газеті» ашылып, 14 жыл шықты. Отарлаушы үкімет бұл басылымдарды қазақты басқарудың бір құралы ретінде қолданылды. Алайда, ұлт зиялылары осы мүмкіндікті ұлтты ұйыстыру, елдік мүддені қорғау үшін тиімді пайдалана бастағанын сезген патша әкімшілігі газетті жабуға мәжбүр болды,– дейді жазушы.
Ұлттық журналистикадағы алғашқы қадамдар, міне, осы екі басылымнан басталады. Мұнан кейін 1907 жылы жеке адамдардың күшімен Петербургте «Серке», Троицкде «Қазақ газеті» жарық көрді. «Серкенің» бас редакторы түркі-мұсылман қозғалысының атақты қайраткері, саясатшы Рашид қази Ибрагимов, демеушісі – Екінші Мемлекеттік Думаның мүшесі Шаһмардан Қосшығұлов, «Қазақ газетінің» шығарушы-бастырушылары Жетпісбай Андреев, Ешмұхамед Иманбаев, Қайым Сосновский болған. Ғалымның айтуынша, «орыс отарлаушыларының озбырлығынан бұл екі газеттің де бір-бір нөмірі ғана жарық көріпті. Әйтсе де олар еркін ұлт баспасөзінің алғашқы қарлығаштары еді». 
1911 жылы Елеусін Бұйрин Ордада, одан кейін Оралда «Қазақстан» газетін, Мұхамеджан Сералин Троицкіде «Айқап» журналын, Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы Орынборда «Қазақ», Көлбай Тоғысов 1916 жылы Ташкентте «Алаш» газеттерін шығарды.
Азаматтық ұйымдардың демеуімен ақпан революциясынан соң Ташкентте Мұстафа Шоқай, Қайретдин Болғанбаев, Сұлтанбек Қожанов редакторлары болған «Бірлік туы», Семейде Халел Ғаббасовтың редакторлығымен «Сарыарқа», 1919 жылы «Ұшқын» газеттері шықты. 
Қазақ қайраткерлерінің қай-қайсы да халықты ояту үшін баспасөзді пайдаланғанын ескерсек, сталиндік қуғын-сүргінге журналистердің көпшілігі ұшырағанын анық байқаймыз. Ұлт арыстары –Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Тұрар Рысқұлов, Нәзір Төреқұлов, Темірбек Жүргенов, Санжар Асфендияров, Смағұл Сәдуақасов, Ораз Жандосов, Жанайдар Сәдуақасов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Жүсіпбек Аймауытов, Қоңырқожа Қожықов, Құдайберген Жұбанов, Халил Есенбаев, Бернияз Күлеев, Мұхтар Әуезов, Әбдірахман Байділдин, Молдағали Жолдыбаев, Ораз Исаев, Айтмұхамед Мусин, Жанайдар Сәдуақасов, Жүсіпбек Арыстанов, Ахметсафа Юсупов, Рахым Сүгіров, Хамза Абдуллин, Абдрахман Айсарин, Мүтәліп Ахметов, Ілияс Ахметов, Хасен Өзденбаев, Құлмырза Өтепов, Ғазиз Исмағұлов, Макс Шохор, Ғазымбек Бірімжанов, Зарап Темірбеков, Абдолла Асылбеков, Мырзағұл Атаниязов, Мәжит Дәулетбаев, Абат Әлібаев, Ораз Байтеміров, Қадыр Тайшықов, Кәрім Жангурин, Абдолла Исмайылов, Шайдулла Молдабеков, Сейілбек Үсенов, Хасенбай Сахабин, Абдолла Сәдуақасов, Жахия Уақпаев, Сабыр Айтхожин, Мария Утина, Ахмет Мәметов, т.б аты аталмаған қайраткерлердің қай-қайсының да қазақ баспасөзіне өлшеусіз еңбек сіңіріп, сталиндік қуғын-сүргінге ұшырады, атылды, асылды.
Кешегі 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің ақиқатын ашуда жарғақ құлағы жастыққа тимей жан кешкен журналист қауымның өкілдері аз емес.

 
0
0
1582

Осы тақырып бойынша

Қазақ журналистикасының тарихы қанмен жазылған - Yvision.kz