Мазмұнға өту

KazNET-тің бүгінгі хал-жағдайы

Соңғы кезде KazNET-те әр түрлі шаралар, стартап жобалар үшін байқаулар жиі ұйымдастырылып, жаңа сайттар ашылып жатыр. Бұл да KazNET-тің дамуының, бизнеске бет бұруының көрінісі боп табылады. Бұл сараптамада KazNET-тегі статистикаға, сайттардың бет аласы жайлы сөз қозғайтын боламыз.

Бүгінгі таңда KazNET-те 9 миллионнан аса қолданушы бар және 80 мыңнан аса домен атаулары тіркелген. Қолданушылардың нақты саны 2012 жылы соңына қарай 9.7 млн. адамға жеткен.

Alexa.com сайтының мәліметі бойынша Қазақстандықтар ең көп кіретін сайттар мен салыстырмалы түрде әлемде ең көп кіретін сайттар тізімін төмендегі кестеден көре аласыз.

Осы кестеден-ақ KazNET-тегі аудиторияның қайда жүргенін көруге болады. Google, Yandex сияқты іздеуіш жүйелерді есепке алмағанда, жұрттың көп бөлігі mail.ru, vk.com, odnoklassniki.ru сияқты Ресейлік әлеуметтік желіден бас алмайтынын, аз да болса 700 000 мыңдай қолданушы Facebook-ке тіркеліп қойған екен. Оның қанша пайызы белсенді екендігі жайлы мәлімет әзірге жоқ.

Ал енді KazNET-тегі сайттардың рейтингіне тоқталсақ (Zero.kz мәліметі бойынша). Бұл соңғы бір айдағы статистика.

Бұл рейтингте nur.kz, kiwi.kz, zakon.kz, namba.kz, gismeteo.kz, tengrinews.kz сияқты сайттар ақпарат таратушы, ойын-сауық сайттар болса, ал koleso.kz, slando.kz, satu.kz, krisha.kz, olimp.kz жарнамалық сайттарға жатады. Сондай-ақ, форум, блогтұғырнамаларға vse.kz, yvision.kz, kazakh.ru сайттары кіреді. Ең қызығы және өкініштісі білім саласында бұл тізімге екі-ақ сайт кірген, олар sozdik.kz пен бұл тізімдегі жалғыз қазақша surak-zhauap.kz сайттары.

Zero.kz-те соңғы бір айда алдыңғы қатарда тұрған 100 сайтты 4 санатқа бөліп көрейік:

  1. Ақпараттық, ойын-сауық сайттар – газет-журналдардың сайттары, жаңалық таратушы, ауа райы жайлы ақпарат беретін және видео, музыкаға толы сайттар кіреді.
  2. Жарнамалық сайттар – тегін жарнама орналастыратын және сауда орындарының сайттары жатады.
  3. Блогтұғырнама, форумдар
  4. Білімге қатысты сайттар – бұл санатқа рефераттар, ашық сабақтар қоры жиналған сайттар кіреді.

KazNET-тегі аудиторияның көп бөлігі 16-30 жас аралығында екенін ескеретін болсақ, ақпаратқа қызығушылық пен ойын-сауықтың алдыңғы қатарда екенін түсінуге болады. Ал жарнамалық сайттарға сұраныстың пайда болуы кез келген адам қандай да бір тауар сатып алу, дем алу үшін демалыс, сауда орындарын табу мақсатында интернеттен қарайтыны белгілі. Одан кейін студенттер мен ұстаз-мұғалімдер өздерінің реферат, курстық жұмыстарын, ашық сабақтарын, сөздердің аудармаларын білімге қатысты сайттардан іздейді. Ал блогтұғырнама, форумдар ешкімнің бақылауынсыз ерікті қолданушылар мен блогылардың жасайтын сайттары болып есептеледі.

Ал енді Zero.kz-тегі алдыңғы 100 сайттың тілінің қолданылуына тоқталатын болсақ.

Кез келген министрліктің, сауда орындарының, әкімшіліктің сайттарында орыс тілі міндетті түрде болады, ал қазақ тілі “галочка” үшін тұратын сияқты. Көп жағдайда екі тілді сайттарға кіргенде алдымен орыс тілі ашылады, одан кейін жоғарыдағы “қаз” деген жазуды таңдап қазақша контентке өтуге болады. Zero.kz рейтингіндегі алдыңғы 100 сайттың ішінде ағылшын тілі 8% ғана қолданыста екен, яғни 8 сайтта ағылшын тілі қолданылған. Бұл жерде сайттарды тілдер бойынша бөлгенде қазақ, орыс, ағылшын тілді сайттарды үш сайт ретінде қарастырдық, яғни қазақ тілді, орыс тілді, ағылшын тілді сайтқа да жатқыздық. Орыс тілінің алдыңғы 100 сайтта көп қолдануының себебі бізде ақпараттық, ойын-сауық, жарнамалық сайттардың 80-90% орыс тілінде жүреді.

 

2012-13 жж. KazNET-те болған іс-шаралар мен стартап байқаулар

Соңғы жыл мен осы жылдың басында KazNET-те көптеген шаралар, оның ішінде конференциялар, форумдар, стартап байқаулар өтті. Соларға қысқаша шолу жасап өтуді жөн санадық.

StartUp School

Өткізілген уақты: 10.01.2012-29.02.2012

Орны: Алматы қаласы

Стараптар мектебі – таңдалған командаларды интенсивті түрде оқытатын 2 айлық бағдарлама болып, командалар алған білімдерін іс жүзінде амалға асырады. Қазақстандық және басқа шет елдік білікті мамандар оқытады. Толығырақ http://businesslabs.co/

 

BlogCamp: БлогҚұрылтай 2012

Өткізілген уақты: 23.03.2012

Орны: Астана қаласы, Назарбаев университеті

БлогҚұрылтай 2012қазақ тілді интернеттің дамуына үлес қосу, өзaрa пiкiр және тәжiрибе aлмaсу мақсатында ұйымдастырылған  шара. Қaзaқшa контентті дамыту, технологиялық ақпараттарды таныстыру, білім толықтыруды – аталған жиын басты назарда ұстап отыр. Толығырақ http://www.blogcamp.kz/

 

Investor Day

Өткізілген уақты: 04.04.2012

Орны: Алматы қаласы

Investor Day – интернет-кәсіпкерлік саласындағы инвестицияларға арналған Қазақстанда және Орталық Азияда өтетін конференция. Негізгі функциясы – саладағы негізгі венчурлық қорлар, жеке инвесторлар, стартаптар мен  мықты интернет-компаниялар, кәсіби консультанттар және эксперттердің басын қосу. Толығырақ http://investorday.kz/

 

Turkic Wikimedia Conference

Өткізілген уақты: 20.04.2012-21.04.2012

Орны: Алматы қаласы, ҚазҰУ

«Turkic Wikimedia Conference» — халықаралық түркі тілдес Уикипедиялардың конференциясы, «Wikimedia Foundation» қорының ұсынысымен және қолдауымен Қазақша Уикипедияның даму үлгісін өзге түркі тілдес Уикипедиялармен бөлісу мақсатында өткізілмек шара. Конференцияның мақсаты уики-қауымдастықтардың арасында байланыс нығайту, ашық білім беру ресурстарын дамыту болмақ. Толығырақ...

Imagine Cup 2012

Өткізілген уақты: 26.04.2012

Орны: Алматы қаласы, Халықаралық IT университеті (ХАТУ)

Imagine Cup – Microsoft корпорациясының басқа да hi-tech компаниялармен бірігіп өткізетін дүниедегі ең ірі студенттік жарыстардың бірі. Толығырақ http://tech-club.kz/imagine-cup-2012

 

HackDay Almaty 2012

Өткізілген уақты: 28.04.2012-29.04.2012

Орны: Алматы қаласы, Халықаралық IT университеті (ХАТУ)

HackDay – интернет жобаларды жасау мен дамытуға арналған алаң. Толығырақ http://hackday.ru/events/hackday-22/home.html

 

TEDxAlFarabiU

Өткізілген уақты: 06.05.2012

Орны: Алматы қаласы, ҚазҰУ

Тек қана бірегей идеялар. Таңдаулы ойлар. Шабыттандырушы әңгімелер. Креативті спикерлер. Соңғы мәліметтер мен авторлардың ұстанымдары. Бұл TEDxAlFarabiU!

 

IT&M 2012

Өткізілген уақты: 10.05.2012-11.05.2012

Орны: Алматы қаласы, Халықаралық IT университеті (ХАТУ)

10th International Conference Information Technologies and Management 2012. Толығырақ http://www.iitu.kz/events/36.html

 

Startup Lounge

Өткізілген уақты: 17.05.2012

Орны: Алматы қаласы, Cafeteria

Startup lounge – жобалар бір-бірімен байланысқа шығуы үшін стартаперлердің бейресми кездесуі. Сондай-ақ, iStartUp.kz жобаларына эксперттер мен инвесторларды тарту. Толығырақ http://istartup.kz/article/show/id/89

 

Connect 2012

Өткізілген уақты: 21.05.2012-22.05.2012

Орны: Астана қаласы, Пекин Палас Solux Hotel

IT нарықтағы оқиғалар және олардың мемлекетке, бизнеске һәм ғылымға әсері жайлы конференция. Толығырақ http://www.connect2012.kz/

 

Алғашқы қыздар арасындағы ICT чемпионат

Өткізілген уақты: 25.05.2012-27.05.2012

Орны: Астана қаласы, Пекин Палас Solux Hotel

Тегін және ашық бағдарламалық қамсыздандыру негізінде сайт жасаудан мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері арасында өтетін чемпионат. Толығырақ http://fsf.kz/ru

 

I’MIX 2012

Өткізілген уақты: 30.05.2012

II Қазақстандық интернет конференция. Толығырақ http://i-mix.kz

 

TFCA 2012

Өткізілген уақты: 14.06.2012

Орны: Алматы қаласы, KIMEP

TFCA 2012 – қоғамдық қор өкілдері, IT жасақтаушылар, кәсіпкерлер, digital агенттіктер мен жаңа медиа мамандары, стартаперлер, блогерлер мен мемлекеттік ұйым қызметкерлері қатысатын форум. Толығырақ http://tfca.kz/?lang=ru

 

#mediablogkz блог-конференциясы

Өткізілген уақты: 08.12.2012-09.12.2012

Орны: Алматы қаласы, A-Club

"Онлайн-журналистика және блогинг" атты Орта Азиялық алғашқы блог-конференция. Толығырақ http://yvision.kz/post/306181

 

Astana Internet Forum

Өткізілген уақты: 22.12.2012-23.12.2012

Орны: Астана қаласы, Назарбаев Зияткерлік Мектебі

Қазақстандық аудиторияға арналған ақпараттық технологиялар саласын дамытып жүргендерге арналған бұл форумның мақсаты – қазақ тілінде контент жасаушылармен, портал мен сайт иелерінің, жаңа өнімдерді ұсынушылардың өзара тәжірибе алмасып, ортақ жобалардың пайда болуына ықпал ету. Толығырақ http://aif2012.kz/

 

Қазақ сайттары редакторларының конференциясы

Өткізілген уақты: 22.01.2013

Орны: Астана қаласы

Конференцияда интернет кеңістігіндегі қазақ сайттарын, бағдарламалары мен жобаларын дамыту тетіктерін бірігіп талқылау және оларға қолдау көрсету, сондай-ақ, интернеттегі контенттің сапасы мен ІТ саласындағы терминдердің жай-күйі және латын әліпбиінің қолданылу аясы тәріздес мәселелер қарастырылады. Толығырақ http://kaz.pressclub.kz/2013/01/14/%D2%9Baza%D2%9B-sajttary-redaktorlaryny%D2%A3-konferenciyasy/

 

Сондай-ақ, Atameken Startup атты жас кәсіпкерлікті қолдау жобасы мен АҚТ (ақпараттық-коммуникациялық технология) дамыту қоры жас стартаперлерге қолдау көрсетеді.

 

2012-13 жылғы ашылған тақырыптық қазақ сайттары

Кейінгі уақытта қазақша сайттар арасында тақырыптық сайттар көбейе бастады. Бұл да деңгейдің өскенін білдіреді. Сондай сайттардың кейбіреулерін атап өтейік.

 

Ekpin.kz – мәдени-танымдық журнал

Aitaber.kz – блогтұғырнама

Aikarakoz.kz – қыз-келіншектерге арналған сайт

Zhanaoi.kz – IT, бизнес, мотивациялық сайт

Qamshy.kz – ақпараттық портал

IT-tirlik.kz IT саласындағы ”IT-tirlikонлайн-журналының сайты

Shyn.kz – ақпараттық портал

Bilimpaz.kz – ақпараттық портал

Muslim.kz – діни портал, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми сайты

El.kz – әлеуметтік желі

Kazbash.kz – қазақша әзілдер сайты

Sportsarap.kz – спорт портал

Aikap.kz – ақпараттық портал

Wifi25.kz – Wi-Fi25 шығармашылық тобының сайты

Kereknews.kz – латын қарпіндегі ақпараттық портал

Maqam.kz – IT саласындағы сайт

Blogsport.kz – спорт тақырыбындағы блогтұғырнама

Inspiremedia.kz – “Inspire Media” продюсерлік орталығының сайты

Kokbori.kzХалықаралық IT университеті студенттерінің ақпараттық порталы

Naqyl.kzқазақша мотиваторлар сайты

 

KazNET-те орысша сайттар өз жолын тауып, бизнес саласына жақсы сіңісіп кеткен. Ал қазақ сайттарын көбінесе энтуазист жастар жасайтын болғандықтан жарнама тарту, қаржы табу мәселесі шешімін таба алмай жатыр. Дегенмен кейінгі уақытта қазақ тіліне сұраныс артты, сондықтан қазақ сайттары қаржы көзіне айналады деген үміт бар.

 

(с) Nurlan Janai, SmartShow үшін

Осы тақырып бойынша

KazNET-тің бүгінгі хал-жағдайы - Yvision.kz