Жаңа
«Ағайынбыз бәріміз». Мерекелік бағдарлама.
«Айқап»: Топырағымыз алтын

ТОПЫРАҒЫМЫЗ АЛТЫН
Біздің қазақта бір жаман мінез бар, мал болса болғаны сол малдың төліменен байимын дей, діңкесі құрып жүргендері, бұл кәсіптің де пайдалы екенін білмей ме? Болмаса, біле-көре-ақ кәсіп істегісі келмей ме? Болмаса, баяғы белгілі ата-бабасынан қалған сүйекке сіңген жалқаулық па?
Сол өздерінің жақсы көретін малы қайдан шығады екен. Ойлап келгенде мал да сол кәсіптен шықса керек?! Қаншама көп жерге ие болып, ен даланы игере алмай меңгере алмай жүрген уақытта жалғыз малдың артынан кетемін деп қанша мың, миллион пайдадан құрып қалған, әрі айт та, бері айт баяғы надандық, жалқаулық. Аяғының астында жатқан алтынды алып, пайдалана білмегендері, міне осы күнде кім пайдаланып отыр. Бір қарасыз неше мың шықырым жерден шұбырып келіп, жерге ие болып, бір-екі жылдың ішінде соқалық өгіздер, сауын сиырлар һәм мінер аттар тауып алып отырған жоқ па? Осы қайдан шығып отыр. Енді топырақ алтын емей немене? Мен мұнан бұрын да бірлі-жарым айтқан сияқты едім. Жер бір десятинасынан әр жыл жақсы істелгенде елу сом, жүз сом табуға болады деген едім. Бұл сөз жалғыз өзіміздің халдарымызға қарап айтылған сөздер ғой. Бірақ басқа жұрттар біз айтқан дәрежеден артығырақ пайдаланады. Анығын айтқанда мұнан бірсыпыра жылдар бұрын Әулие-Атаға сапар қылғаным жолда бір мұжық саудагерге түсуге тура келді. Ол орыс иен даланың ортасында өте әдемі үйлер салып һәм бақшалар егіп тұрады екен. Көп мал һәм көп жылқысы бар. Бұларға дөңгелетіп қоралар жасатып қойған. Мұнан басқа не керек саймандардың бәрі де даяр. Мен бұл орыстың мұндай иен жайылымда қанша ақша шығарып отырғанын көріп, әлбетте бұл бір үлкен шәһерден келіп, асқан байлығымен бұл жерге сайран қылу үшін жаз ғана келіп, отырып кететін шығар деп ойлап едім. Бұл ойым шүбәлі ой болғандықтан, өздері жақын арада кетпекші болса да оларды біз екі күнге дейін өтініп, танысып сөйлеуге кідірттім. Мен өздерімен әбден танысып болған соң, орыстан қағылшаң шөл далаға қаншама шығын қылудан не пайда шығады деп сұрадым.
Орыс:
— Әй, господин! Біз бұл ақшаны жанымыздан шығарғанымыз жоқ, ақшаны осы жердің өзінен шығарып, өзіне жұмсадық. Біз бұл жерге келгенімізде ат-арбадан түк те жоқ еді.
Мен бұл жерге келгеніңізге неше жыл болды? Қанша ақшаларыңыз һәм мынадай мал-мүлік, үй-үйлеріңіз бар ғой, — дедім.
Орыс:
— Бұл жерге келгенімізге тоғыз жыл болды. Келгенімізде бұл жерде еш пана жоқ еді. Бізді бұл жерге хүкімет алып келіп, бір пар өгіз, екі жүз сомға жақын ақшамен тастап кетті. Біз содан бұл жерге қос тігіп (балаған) отырдық. Бізге хүкімет он бес десятинадан жер беріп еді. Біз келіп сол жерді алғанымыздан бері қарай, жеріміздің он десятинасына тұқым шаштық. Ол жылдар жаңбыр болмады. Жылдың реті солай болса да екі жүз пұтқа жақын тұқым бидай алдық. Жаңбыр жақсы болғанда бидайды мұнан да мол алар едік. Екінші жылы өзіміздің жерімізге һәм жанымыздағы қазақтардың жерін жалдап алып бидай шаштық. Екі десятина жерді үй салуға, бақша егуге қолайладық. Ең әуелі бидай салатын амбар салдық. Неге десеңіз, біздің әдетіміз егінімізді қырманға салып басып алған соң, жылдам басылысымен базарға апарып сатамыз. Сатылғаннан қалғанын амбарға салып қойып, базардың пұлды кезін байқаймыз. Сондықтан бізге ең әуел амбарымызды жақсылап салып алдық, — дейді.
Мен биыл қанша бидай алдыңыз? — деп сұрадым. Орыс биыл өзіміздің һәм қазақтардан жалдаған жерлерден бес жүз батпанға жуық бидай алдық. Ұзын сөздің қысқасы мынау: — Қазірде әр жыл бес жүз, алты жүз пұттан астық аламыз. Һәм бақшамызда егілген жемістерден мың сомдық жеміс сатамыз. Және бұлардың үстіне алпысқа жақын қара мал, жиырмаға жақын аттарымыз бар, күнелтуімізден он есе артық дейді.
Сонымен сөз бітіп, біз ол жерден қозғалып жүріп кеттік. Кешке жақындай бергенде бір қазақтың үйіне қонуға тура келді. Манағы мұжықтың малын қазақтар қайдан көрсін. Бір үлкен ауылда дәнеме жоқ, ауылда кедейлік, ластық соншама дәрежеге жетіпті. Бұл халдарды көрмеген адам нанбас еді. Сол ауылда біраз кідіргендігімнен қазақтың халдарынан бірсыпыра сұрастырып білуге тура келді. Маған танысып сөйлескен қазақтың сөзіне қарағанда олар сол жерде жиырма-отыз жылдан бері қарай тұрады екен. Салған әдемі үйлері жоқ. Қыста бір кішкене ғана землянканың ішінде ғұмыр өткізеді екен. Қазақтан сіздің жерлеріңіз қанша деп сұрадым.
Қазақ:
— Даланың барлығы біздікі, — дейді.
Мен:
— Қанша астық егіп, қанша бидай соғып аласыз? — деп сұрадым.
Қазақ:
— Кей жылы егеміз, кей жылы тіпті екпейміз. Еккен жылдарымызда бір-екі батпан тұқым шашамыз. Он бес-жиырма батпан бидай аламыз, — дейді. Мен бұлардың мұндай қайғылы халдарын көріп қапа болғандығымнан сөзді ұзаққа созбадым.
— Ал енді оқушы мырзалар, бұл қазақ пенен мұжықтың халдарын ойлап байқаңыз, біздің шариғатымызда жалқаулық ең жаман нәрсе. Бізге шариғат әр уақытта әрекет қылып, кәсіп табуға қосады. Бұл қазақ сол иен жайылым жерде өніп-өсіп неге қолындағы бар жерін пайдалана алмайды екен? Әнеки мұжық қандай алыс жерлерден келіп, он жылға жетпей сонша байып жатыр. Әлбетте, мұның жауабы оңай еш жерімізде бір нәрсе шығарып, пайдалануды өзімізге тиісті деп білмей, басқалардың дайындап берген нәрселеріне ие болу, бізге әдет-ғұрып болып кеткен. Біз бәріміз де ақшаны жақсы көрсек те табыс жолдарын білмейміз. Кейбір білген кісілеріміз болса, жалқаулықтың кесіріне душар болып, қарнын сипап жәй жатуды өздеріне бір дәреже көріп, қымбатты өмірлерін бекершілікте өткізуде.
Енді қазірде ол замандар қалды. Жаз демей, қыс демей егіншілеріміз жеріне жабысып, басқа халықтармен нәрселерімізді базарға бірдей шығармасақ, халымыз нашар. Бізден басқа халық дүниеде өздеріне тиесілерін білсе, өлместей қимылдап «жер біздің пайдамыз үшін жаратылған» деп қолын сыбанып, шын көңілмен іске кіріседі. Әлбетте, бұл егіншілік бір ғажап іс. Неге десеңіз, кей жылдар жақсы шығып, кей жылдар шықпай қалады. Әлбетте бұған қарап болар ма екен я болмас па екен деп қарап жатқан кісілер ақырында қарап қалар. Әлбетте тәуекелменен іс бастағандар ешбір уақыт қор болған емес. Неге десеңіз, Алла Тағала хазіреттері өз сөзінде:
— Әркім Алла Тағалаға тәуекел қылып іске кіріссе, ол кісі тәуекелімен мұратына жетер! — деп айтқан. Біздің түрлі қиялдарымызбен қарап жатқандығымыздың жақсы еместігін көрсеткен.
Мен бұл мұжық пен қазақтың халдарынан мысал көрсету үшін ғана жаздым. Кей адамдардың көңіліне келгендері болар. Бірақ бір кісінің халы менен басқалардың халын жанастырмақ дұрыс емес. Егерде бұл сөзімді көңіліне алған кісілер далаға саяхат қылып, ғибрат көздеріменен қараса, әлбетте бұл сөздердің растығына ден қояр еді. Біздің өз арамыздан заманға ылайықты егіншілік қылған кісілеріміз де бар. Бұлардың халдары алхамділла жақсы.
Ақырында ақтара қарап, төңкере ойлай келгенде әлгі егінменен күн көрген егіншілеріміз жазы-қысы бірдей істеп, басқа халықтардан да әрі өткізіп жібереді. Бұлардың халдарын кейінге қалдырып, егіншілеріміз топырағымыздың алтын екендігін білдіреді, — деп сөзімді бітіремін.
Бір кісі, «Айқап» журналы, 1914 жыл №1
________________________________________________________________________
«Алаш» айдарында жарияланған ұқсас мақалалар:
Есенғали Қасаболатов: «Қазақ жастарына»
Ахмет Байтұрсынов: «Аз уақытта көп білу жолының басы»
Уалиолла Халели: «Тіл сақтаушылық»
Ғұмар Қараш: «Тіл — әдебиет»
Мағжан Жұмабаев: «Дала. Қала.»
Әлихан Бөкейхан: «Ұят-ай»!
«Айқап» журналында әйел теңсіздігі мәселесі
«Айқап»: «Қазаққа алалық қайдан келді»?
Мұстафа Шоқайдың Әбубәкір Диваев туралы мақаласы
Л.Толстойдан: «Жұмыртқадай бидай»
Әлихан Бөкейхан: Дін таласы
«Қазақ» газетінде Наурыз мейрамы туралы материалдар
«Қазақ» газетінде Наурыз мейрамы тақырыбында
«Қазақ» газеті: «Соғыс һәм қымыз мәселесі»
Мәскеудің бүгінгі тынысы немесе КСРО елесі
Мәскеу мемлекеттік тіл университетінің қабырғасында үш жылдан бері Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясында магистранттардың тәжірибе жинақтау курсы ұйымдастырылып жүр. Міне, сол жолдама биыл маған да бұйырып, Мәскеудің тынысын іштей бақылауға мүмкіндік туды.
Бір топта үш қазақ, үш қырғыздың қарадомалағы оқыдық. Барлығымыз да егемендіктің еркін ауасымен тыныстап өскен өрімдей жастар екенбіз. Кеңестік үкіметтің құлар шағында дүние есігін ашқанымыз болмаса, ешқайсысымыздың мұрнымызға Кеңес идеологиясының исі де бармайды.
Мәскеу... Өткен ғасыр оның дүркіреп тұрған бал дәурені еді. Ет сататын дүкенде кешегі етті менсінбей, жаңа түскен етке кезекке тұрып, әбден дайын асқа тік қасық салып үйреніп алған шақтарын ара-тұра еске алып, күрсініп қояды мәскеуліктер. Қанша дегенмен, орталық болды ғой. Не ішем, не кием демейтін. Сол күндерді аңсауы заңдылық шығар. Хош делік.
Мәскеу ғалымдарынан дәріс алу барысында орыс халқының кешегі Кеңес үкіметі туралы көзқарасын біліп, байқап, бағамдамаққа бел будым. Бұл ретте ресейлік ғалымдардың пікірі екіге жарылды.
Ресей ғалымдарының КСРО туралы ойы біржақты емес екені әр сабақ сайын айқындала түсті. Мәселен, «Аймақтық қақтығыстар, қауіпсіздік» пәнінен дәріс берген оқытушымыз КСРО-ның құлауын «Большая трагедия, катастрофа для России» деп бағалайды. Әрине, алып мемлекет үшін ол ауыр соққы болды. Бір сәтте барынан айырылу оңайға түспегені анық. Ресей Кеңес Үкіметінің жүрегі, өзіне қолайлы шешім қабылдайтын орталық болатын. Әлемдік сахнада биполярлық жүйені ұстап тұрған алпауыт мемлекеттің бірі еді.
Ал, енді бір ғалымдар КСРО-ның саяси сахнадан кетуін қалыпты құбылыс деп бағалайды. Кез-келген алып империяның өмірден озатын шағы болады. Ештеңе мәңгілік емес. Байқап қарасаңыз, әлем тарихында болған Нидерланд (1618-1672), Британ (1792-1896) империялары өз жеңілістерін бірқалыпты қабылдап, психологиялық тұрғыда мойынсұнғанымен қоймай, бойларына қайта қуат жинап, еңсесін тіктеп алды. Кеңес үкіметінің дүниежүзінің саяси картасынан кеткеніне 20 жылдан астам уақыт өтті. Ал кейбіреулер әлі де өткен күндердің елесімен өмір сүріп жатыр.
Бүгінгі Ресей менің көз алдыма қалжыраған қарияны елестетті. Демі құрып, жүрек соғысы баяулап, әрең тыныстап жатқандай. Тығырыққа тіреліп отыр деп айтуға әбден болады. Жемқорлық жайлаған билік, дінсіз қоғам. Білімі мен байлығы тасығандар шетел асып кеткелі қашан. Қысқасы, Ресейдің өз әңгімесі өзінде. Әзірге батыс пен шығыс арасында дел-сал күй кешуде. Путин бастаған ел тізгіншілері орыс елінің болашағын қай бетке бұратынын уақыт көрсетеді. Олардың Еуразиялық Одақтан қайыр күтері сөзсіз. Ал, Қазақ басшысының ешқандай да саяси одаққа бармайтындығымыз туралы айтқан сөзі бұл ұйымның болашағы бұлыңғыр болатынын ескерткендей.
Міне, Мәскеу сапары мені осындай ойға қалдырды.
Балаларға ертегілер, қазақ және орыс тілдерінде
Жолбарыстың баласы мен лақ
(Эфиоп халық ертегісі)

Жолбарыстың баласы мен ешкінің баласы тау бөктерінде кездесіп қалып, күні бойы бірге ойнап асыр салады. Кеш батқан кезде олар үйлеріне тарайды. Жолбарыстың баласы өз анасына келіп:
- Мен бүгін кішкентай лақпен бірге сондай жақсы ойнадым! Өте көңілді болды! – дейді.

Жолбарыс:
- Сен не деген ақымақ едің! Сен өз әкеңе лайық емессің! Сен ол лақты өлтіруің керек еді. Сол жерде біз оның қанын ішіп, етін жейтін едік. Ертең таңертең оған бар. Оны алдап, оған “Кел, ойнайық!” деп орманға қарай алып жүр. Содан кейін тұншықтырып осында алып кел. Нағыз жолбарыстар, міне, осылай жасайды! – дейді.
- Жақсы, – деді жолбарыстың баласы, — мен дәл солай жасаймын.
Лақ та өз анасына келіп:
- Анашым, мен бүгін кішкентай жолбарыстың баласымен сондай тамаша ойнадым! – дейді. Кәрі ешкі қорыққанынан қалшылдап кетеді.

ертегінің жалғасы ertegiler-aleminde.ru
Жауынгерлік парадтың авиациялық құрамы
Бүгін «Отар» 40-шы әскери базасының полигонында Жауынгерлік парадқа дайындық шеңберінде арнайы мақсаттағы бөлімше С-295 әскери-көліктік ұшағынан парашюттік тәсілмен десант түсіруді жүзеге асырды. Бұл іс-шара «Airbus Military» концернінде өндірілген ұшақтардың Қазақстан Әскери-әуе күштеріне қабылданғаннан бері алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Тапсырмалардың сәтті орындалуы арнайы мақсаттағы жауынгерлер мен ұшқыштардың дайындықтарының жоғары деңгейін, сондай-ақ олардың өзара іс-қимылдарының сауаттылығын көрсетіп берді.
Бүгін Бас прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы болып өтіп, онда адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау мәселелері қаралды.
Кеңестің жұмысына Үйлестіру Кеңесінің мүшелері, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Көші-қон полициясы комитеті, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Мемлекет осы құбылысқа тосқауыл қою бойынша нақты шараларды жүзеге асыруда: өзара құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы бірқатар халықаралық келісім-шарттар жасалды, адам саудасына тосқауыл қоюды регламенттейтін негізгі халықаралық актілер ратификацияланды. Ұлттық заңнама осы қылмыспен күрестің тиімді шараларын қолдануға, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.
Бас Прокурор атап өткендей, адам саудасы қоғамдық қауіптің жоғары деңгейіне ие болып отырған қазіргі қоғамның өткір мәселелерінің бірі болып отыр. Статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай, соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда адам саудасының 600-ге жуық құрбаны анықталған. Құқық қорғау органдары адам саудасымен байланысты 1,5 мыңға жуық қылмыс анықтады, 800-ден астам адам сотталды. Жыл сайын осы санаттағы 300-ге жуық қылмыс тіркеледі.
А.Дауылбаев атап көрсеткендей, атқарылып отырған жұмыстың тиімділігі жеткіліксіз, адам саудасы фактілерін анықтау, ескерту және жолын кесу, қылмыс құрбандарымен жұмыс тәсілдерін өзгерту қажет.
Үйлестіру Кеңесінің мүшелері осы саладағы қалыптасқан жағдайды талдады, мүдделі мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын арттыру, адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау, қылмыс құрбандарына көмек көрсетудің тиімді тетіктерін жасау, тұтастай алғанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін күшейту бойынша нақты ұсыныстар жасады. Кезек күттірмес шаралардың қатарында – жедел-іздестіру қызметін күшейту; адам саудасы саласындағы ұйымдасқан қылмысты анықтау бойынша шаралар қабылдау; адам саудасы құрбандары өтініштерінің қаралуының уақтылығы мен заңдылығына қатаң қадағалауды қамтамасыз ету.
А.Дауылбаев адам саудасымен байланысты қылмыстардың профилактикасын күшейту аясында еңбек және өзге салалардағы қанауға түсу қауіптілігі туралы халықты кеңінен ақпараттандыру жолымен ақпараттық-насихаттық жұмыстың белсенділігін арттыруды тапсырды. Сондай-ақ ол барлық ұялы байланыс операторлары үшін күні-түні тегін жұмыс істейтін «11616» сенім телефонының жұмысын жолға қоюды тапсырды.
Жиналысқа қатысушылар құқық қорғау органдарының адам саудасына тосқауыл қою саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылдың белсенділігін арттыру маңыздылығын атап көрсетті. Атап айтқанда, Халықаралық көші-қон ұйымымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасу қажеттілігі туралы мәселе талқыланды. Адам саудасының құрбандарына арналған қоғамдық ұйымдар мен баспаналарға қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетуге облыс әкімдерінің назары аударылды.
Сондай-ақ, ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру аясында Достастық елдерінің құзіретті органдарымен заңсыз адам трафигіне қатысты әрекет етуші қылмыстық топтар туралы ақпарат алмасу және практикалық өзара іс-қимыл жасасуды жақсарту бойынша бірқатар шаралар қабылдау, бірлескен жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шаралар өткізуді кеңінен қолдану ұсынылды.
«Abai.kz» ақпараттық порталы. ҚР Дін істері агенттігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының жетекші ғылыми қызметкері Ж.А.Жүргенбаеванің «Қазақстандық жол» атты мақаласы
Тәуелсіз Қазақстан жаһандық даму кезеңінде өзінің ішкі және сыртқы жолын айқындаған жас мемлекет. Бүгінгі кезде Қазақстанда жүргізіліп отырған реформалар тәжірбиесінің нәтижелі екендігін халықаралық сарапшылар ғана емес, сонымен бірге әлемдегі басты мемлекеттер лидерлерінің өздері де мойындап отыр.
Қазақстанның көшбасшылығы сәтті таңдап алынған өтпелі дәуірдің саяси-экономикалық үлгісіне негізделген. Ол - күшті президенттік билік және оған қоса жедел де қарқынды экономикалық реформалар. Біздің үлгінің мәні мемлекеттік билікті әлсіретпестен, нарықтық экономиканың негіздерін жасауға және демократияландыруға бағытталған, түбегейлі реформалардың жиынтығына саяды.
Егер де «Қазақстандық жол» туралы айтатын болсақ, әрине, бұл жол тек экономикалық үлгіні таңдауға ғана қатысты емес. Бұл - жалпы конституциялық ережелерді ғана емес, сонымен бірге саяси режимді, инфрақұрылымды және конфессионалдық қатынастарды қамтитын саяси да үлгі. Бұл аса бай ауқымды дүние және дәл осы мәселелерде Қазақстан үлгі аларлық мемлекет ретінде бүкіл әлемге әйгілі болды. Бұл табыстар дүние жүзінде және өз ішімізде аса жоғары бағаланып отыр. Еліміздің барлық өңірінде этностық және діни өзара түсіністіктің сақталуы көп жағдайларда қазақстандық жолды айқындап тұр. Ол өте нәзік тепе-теңдіктен құрылған, сондықтан оны бұзып алу жағдайды тұрақсыздандыруға апарып соғары анық.
Бүгінде халқымыздың даналығы, кеңдігі мен сыйластығының арқасында этникалық тегіне, әлеуметтік, діни және де шығу тегіне қарамай қазақ елі өзінде мекен еткен барша ұлттың ұйысуына негіз болып отыр. Тәуелсіздігіміздің орнығуының ең қиын жылдарында халықтың кемелдігі мен елдің Тұңғыш Президенті - Н. Ә. Назарбаевтың қайраткерлігі мен жүргізіп келе жатқан салиқалы саясатының нәтижесінде Қазақстанда этносаралық жанжал мен қоғамның бөлінуіне жол берілген жоқ.
Біздің ұлттық бірлігіміз, этникалық шығу тегіне қарамастан, әрбір адамның жоғары деңгейде Қазақстан және оның болашағымен етене бірігуіне негізделген.
Қандай да бір елдің азаматы болу - әр адамның тағдыры. Алайда, адамдар әрқашан таңдау құқығына ие. Біз терең дара сипаттағы таңдауымызды жасадық. Себебі біздің ортақ еліміз, ортақ отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан. Тарихи тағдырымыздың ортақтығын түсіну және осы таңдауды түйсіне білу - елдің барша азаматын біріктіретін ең басты негіз.
Бір мемлекетте тұрып, өзге елдің заңына бағынып өмір сүру, азаматтың барлық құқығына ие бола отырып, бірақ оның міндеттерін орындамау мүмкін емес. Құқықтар мен міндеттердің мұндай бірлігі біздің тағдырымызды да, болашағымызды да бір арнаға қосады.Ортақ болашағымызды бірлесе қалыптастырмай тағдырласа өмір сүру мүмкін емес.
Тәуелсіздік алғаннан соң біз өз мемлекетімізді бірлесе құру жолында бірге еңбек еттік. Содан бергі жылдарда біз, бәріміз, күшті, қуатты, заманауи мемлекет Елдің егемендігі, оның территориялық тұтастығы, қауіпсіздігі, экономикалық дамуы, қоғамдық келісімі - біздің бірлесе еткен еңбегіміздің нәтижесі.
Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылып, Қазақстан жаһандық конфессияаралық үнқатысу орталығына айналды.
Толеранттық жағдай әлеуметтік-экономикалық және саяси ілгері басудың ажырамас шарты болып табылады. Біздің мемлекеттің түрлі конфессиялардың өзара іс-қимыл жасау жөніндегі тәжірибесін халықаралық ұйымдар мен шетелдік әріптестер, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Атлантикалық Келісім Ұйымы (АКҰ), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы (ЕЫҚҰ), Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымы (ЯСЖТСҰ), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Еуропа Кеңесі(ЕК) жоғары бағалауда.
Елімізде адамзаттың ортақ игілігі үшін түрлі діндерді ұстанушылардың, халықтар мен мемлекеттердің арасындағы өзара құрметтеуді, түсіністікті және ынтымақтастықты жақсартуға бағытталған діндер мен мәдениеттер диалогын ілгерілету жолындағы ізгі бастамасы Қазақстанның 2003 жылдан бастап, әр үш жыл сайын өткізіп отыратын «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі» осының айғағы.
Мемлекеттің міндеттерінен туындайтын дін саласындағы әркімнің ар-ождан бостандығына конституциялық құқығын қамтамасыз ету саясаты елдегі ұлттық бірлікке және қоғамдық келісімге бағытталып отыр. Мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары - барлық этникалық және конфессиялық топтардың өкілдеріне тең құқықтар беру, сондай-ақ олардың мәдени орталықтары мен діни бірлестіктерінің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Қазақстанның құқықтық база негізіне барлық азаматтардың этникалық немесе діни ұстанымына қарамастан, құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз ететін азаматтардың азаматтық және саяси қауымдастығы қалыптасқан.
Қазіргі заманның маңызды міндеттерінің бірі - мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимыл жасауының үлгісін жетілдіру. 2011 жылдың 25 қазанында өз күшіне енген Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын қабылдау халықтың рухани өмірін жетілдіру, діни бірлестіктердің қызметін реттеу, мемлекет пен конфессиялардың өзара іс-қимылын арттыру жолындағы маңызды қадам болды. Заңның негізгі ережелерін іске асыру дін саласын құқықтық реттеуге мүмкіндік беріп, дін саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруде себепші факторға айналды.
Жазирадай кең байтақ қазақ жерінде қазақ ұлтымен бірге 130-дан астам ұлт пен этностық топ өкілдері, сонымен қатар 17 конфессия өкілдері достық қарым-қатынаста өмір сүріп жатыр, сондай-ақ әрбір халық төл тума мәдениетін, тілін,дінін,ділін сақтап бақытты ғұмыр кешуде. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. 1 наурызында құрылған "Қазақстан халқы Ассамблеясы"барлық азаматтардың этникалық ұстанымы мен діни сеніміне қарамастан, тең құқылы болу және еркін дамуының қағидаттарына негізделген саясатты іске асырумен қатар, этникааралық қатынастар сондай-ақ, конфессияаралық қатынастар үшін де бірегей ортақ шаңыраққа айналды.
Қазақстан жаһандық және ұлттық, дінаралық деңгейде пайда болатын сынақтар мен қауіп-қатерлер аясында туындаған сұрақтарды үздіксіз талқылап, өз мүддесін негізге ала отырып оңтайлы шешімдер шығарып, қолданысқа енгізуі қажет. Аталған игілікті істерді жүзеге асырылып, орындалуында 2013 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Республикасы дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен өтетін «Қазақстан-ортақ үйіміз» атты халықаралық конференциясының үлесі зор.
Ары қарай, жаһандану кезеңіндегі «Қазақстандық жолдың» тағы бір өлшемі - қауіпсіздік. Ядролық қарусызданудан, аймақтықжәне әлемдік державалармен шекараны анықтаудан, лаңкестікпен күресуден және әскери-саяси топтардан бастап, жеке адамның қауіпсіздігіне дейінгі мєселелердіңбарлығы - осы жүріп өткен үлкен жолдың белестері. Әрине, бұл жетістіктер мен елеулі табыстар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев есімімен тікелей байланысты. Елбасы еліміз үшін күрделі және қиын кезеңде оның аяғынан тік тұрып кетіп, тұрақты дамуы үшін жауапкершілікпен қызмет атқарды. Ол бейбітшілік пен келісім, кемел даму мен тұрақтылықты арқалаған гүлдену мен табысқа қол жеткізуге асыққан тәжірибелі лидер. Өткен 20 жыл ішінде еліміз үлкен саяси, әлеуметтік, инновациялық дамудың шыңдарына жетті.
Еліміздің алдынан жаңа перспективалар ашылды. Алайда, бірнеше жылдан бері әлем мазасыз күйкешуде. Дағдарыс жаһандық деңгейде еңсерілген жоқ және әлемдік қоғамдастық қысымды турбулентті жағдайда тұр. Қазіргі әлем барлық плюстерімен және минустерімен төтенше деңгейде өзара байланысты болып отыр. Бұл - барлық елдер де есептесуге тиісті шындық. Оның үлкен, орташа және шағын елдердің бәріне де қатысы бар.
Осының барлығы мемлекеттен кесімді әлеуметтік саясат жүргізуді талап етеді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда әлеуметтік мемлекеттің берік іргетасы қаланды. Қазақстан объективті түрде орташа Еуропа елдерінің әлеуметтік даму сапасы деңгейіне жақындады.Қазақстандықтардың өмір үлгі-қалыптары тұрақты түрде жоғарылады. Бірақ біздің азаматтарымыздың тұрақтылық пен игілік жемістерін қаншалықты тиімді пайдаланып келе жатқаны маңызды мәселе болып табылады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстан-2030 стратегиясы мен мемлекеттік бағдарламаларда басты бағытәлеуметтік-экономикалық жаңғыру болып табылады. Ал әлеуметтік мәселелерді кейінгеқалдыруға болмайды. Бұл, өз кезегінде, жаһандық дауылдарға қарсы тұра алу үшін жаһандық тұрақсыздық жағдайында, жаңа ғасыр жағдайында, Қазақстан қоғамы қандай болуы керек деген сұрақтарға жауапты талап етеді.Біздің елдеәлеуметтік саясат орнықты, ары қарай даму үшін тағы не істеу керек?
Бүгінгі таңда өткен жүз жылдықтың 60-шы жылдарында кеңінен таралған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасының елесі айқын сезіледі.Тұтынудың бұл идеологиясыбүлдіруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамыған елдерінде жаппай әлеуметтік масылдық туындатты және жаһандық дағдарыстың басты себептерінің бірі болып табылады.Тек бүкіл әлемде ғана емес, сондай-ақ тіпті дамыған елдерде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын бұл жалған идеяға сындарлы балама табу керек.Және мұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамыидеясы болып табылады.Ақыр аяғында, әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес,адамның еңбегімен жасалады. Сондықтан Қазақстанның әлеуметтік жаңғырту саясатының негізішынайы өндірістік еңбек болып табылады. Мұны жүзеге асыратын жол, Еңбекпен қамту - 2020, Бизнестің жол картасы - 2020, Аумақтарды дамыту, «Қол жетімді баспана - 2020», Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары. Еліміздің ертеңгі жарқын болашағын жүзеге асыратын да, негізін құрайтын да білімді, парасатты, білікті, мәдениетті жастар. 2004 жылығы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңында жас маманның мәртебесін құқықтық тұрғыдан айқындау,оның ең төменгі әлеуметтік пакеті және басқа да мәселелер қарастырылған. 2012 жылдың соңына дейін жастарды техникалық және кәсіптік білім алуға және индустрияландыру бағдарламасына қатысуға ынталандыру мен тартудың нақты шараларын әзірлену үстінде. Басты бағыт - жас қазақстандықтарды дербес өмірге, бастамашыл еңбекке бейімдеудің тиімді жүйесін құру.
Қазақстанда әлеуметтік жаңғырту жаһандық ақпараттық дәуірде жүзеге асуда. Бұл факторды міндетті түрде ескеру қажет. Жаңғырту үдерісі, біріншіден, бүкіл қазақстандық социумды ақпараттық қоғам жағдайына бастауы тиіс, ол әлемдік дамудың трендіне толық сәйкес келеді. Және екіншіден, Қазақстанда экономиканың, әлеуметтік жүйе мен саясаттың бұлжымас дамуының маңызды факторы бола алатындай ақпараттық-мәдени орта құру қажет.Қазақстанда ақпараттық технологиялар рекордтық қарқынмен дамуда. Ақпараттық кеңістікті - коммуникациялық желілер мен Бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрі БАҚ) цифрландыру жоғары қарқынмен жүруде. Қоғамда халықтың басым көпшілігі интернет желілерін үздіксіз пайдалануда. Іс жүзінде Қазақстан мемлекеті қоғамды жаппай компьютерлендіруге жақындатып келеді.Бүгінде ақпараттық фактордың барлық өскелең рөлін ескере отырып, «Ақпараттық Қазақстан-2030» Мемлекеттік бағдарламасын әзірлейтін уақыт жетті.
Қазақстан даму үрдісі барсында әлемдегі халықаралық ұйымдарға мүше болумен қатар төрағалық істерді қолға алып, тәжірибесімен бөліскен, сонымен қатар, халықаралық экономикалық көрмелерді өткізетін елге айналды. Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық жасай отырып біз іс жүзінде барлық әріптестеріміздің кең қолдауымен ЕҚЫҰ-ның бекіткен жоспарын ілгері жылжытып жүзеге асыра алдық. Қазақстандық төрағалықтың шешуші міндеті қауіпсіздіктің іргелі мәселелері бойынша консенсус алаңын кеңейту және нығайту болды. Біз ЕҚЫҰ-ға барлық қатысушылардың қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен сынақтарды түсінуінде ортақ көзқарас қалыптастыру үдерістерін жалғастырдық. Мұның қазіргі заманғы қауіп-қатерлерді сезінуде үйлесімді іс-қимылдар іздестіру үшін және, тұтастай алғанда, Ұйым ішіндегі сенімді нығайту үшін маңызы ерекше зор болды.
Қазақстан БҰҰ, АКҰ, ЕК, ШЫҰ, ТМД, ИКҰ және басқа беделді жаһандық және өңірлік құрылымдар өкілдерінің консультацияларын өткізу арқылы елдер аралық үнқатысуларды кеңейтіп, бұл үдеріске инновация енгізді. ЕҚЫҰ-ның саяси аренасында ортақ және бөлінбейтін Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік түсінігі берік орнықты. Қазақстан Ұйымның барлық үш себебі бойынша дәйекті жұмыс жүргізді. Қарулануға және сенім шараларына бақылау режімін жандандыру мен нығайту бойынша ұжымдық күш-жігер жаңа серпінге ие болды.
ЕҚЫҰ пішіні шеңберінде «сүрленіп тасталған» жанжалдарды реттеудің келіссөз үдерістері көкейкестілендірілді. Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы ретінде ЕҚЫҰ-ның жанжалдарды ескерту мен олардың алдын алу, дағдарысты жағдайларды басқару мен жанжалдардан соңғы оңалту салаларының әлеуетін нығайтты. Таулы Қарабақ жанжалын реттеу, Қырғызстандағы саяси дағдарысты шешуге белсене қатысты. Қазақстан осы елдегі жағдайды тұрақтандыруда, ішкі жанжалдар салдарынан болған экономикалық шығындарды қалпына келтіруде маңызды рөл атқарды. Қазақстан ЕҚЫҰ-дағы әріптестерімізді Ауғанстандағы ахуалды бейбіт реттеу үдерісіне, оның экономикалық жағынан еңсе тіктеуіне қазіргіден де белсендірек қатысуға шақырды. Қазақ елі аталған елге кең көлемді көмегін ұсынды. Біздің елімізде шамамен бір мың жас ауғандықты аса қажетті бейбіт мамандықтарға оқыту үшін қаржы бөлінді. Азық-түлік беру жүзеге асырылды. Қазақстанның Ауғанстандағы проблемалар түйінін шешудегі үлесі ЕҚЫҰ-ның барлық елдері үшін үлгі болып табылады.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы басқа мемлекеттердің Орталық Азиядағы бірқатар қауіпсіздік мәселелеріне назарын аудартты.Атап айтқанда, біз Арал проблемасы бойынша конференция өткізіп, ЕҚЫҰ пішінінде су ресурстарынан тапшылық көріп отырған өңірдің су проблемаларын реттеудің құқықтық халықаралық негізі ретінде «Су және құқық» бағдарламаларын қабылдау идеясын ілгері жылжыттық. Бұл Қазақстанның жаһандық үрдістерді, ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық себеті мазмұнын есепке алғанда, жаңғыртуға қосқан үлесі болды.Бүтіндей алғанда, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы, ЕҚЫҰ-ның бүкіл жұмысына ырғақтылық берді. Біз осынау жоғары миссияны атқаруға үлкен жауапкершілікпен келдік және өз алдымызға қойған мақсаттарды толық жүзеге асырдық. 2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Астана қаласында өткен ЕҚЫҰ-ның Саммитінде сөйлеген сөздерінде мемлекеттер мен үкіметтер басшылары, делегациялар жетекшілері біздің еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудегі жігерлі іс-қимылдарына жоғары баға берді.
Өз тәуелсіздігінің белең-алаңында Семей ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан толықтай бас тартқан, Еуразиядағы интеграция идеясын белсенді алға апарушы Қазақстан өзін тағы да әлемдік қоғамдастықтың жауапты қатысушысы ретінде көрсетті. ЕҚЫҰ-ның Астанада өткен Саммитінің Қазақстанға оң ықпалын тигізгенін де атап айтпасқа болмайды. Ол біздің халқымызды топтастырды, аса зор күрделі міндеттерді шешу және ең жоғары мақсаттарға жету қабілетіне деген сенімді нығайтты. Біз әлемдік қоғамдастық алдында жауапты, бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуда тиянақты әрі белсенді екенімізді көрсеттік. ЕҚЫҰ-ның Астана Саммиті ЕҚЫҰ тарихындағы күрделі кезеңге қорытынды жасады. Ол Ұйым үшін болашаққа есік ашып, оның жаңғыруына тамаша мүмкіндік берді. ИКҰ мүше-мемлекеттері 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-на және 2011-2012 жылдары ИКҰ Кеңесіне Төрағалық етуін қолдады.
ИКҰ тарихына тоқталып кететін болсақ, ИКҰ құрамында төрт континенттен 57 мүше-мемлекет бар, БҰҰ-нан кейінгі 2-үлкен үкіметаралық ұйымдардың бірі. Бұл ұйым қызметі - мұсылман әлемінің біртұтас ойын білдіруге, мұсылмандардың қызығушылықтарын қорғауға және барлық ұлттар мен адамзат арасындағы келісім мен бейбітшілікті қолдауға бағытталған. ИКҰ 1969 жылы Рабат саммиті кезінде құрылды. Ислам конференциясы сыртқы істер министрлерінің алғашқы мәжілісі 1970 жылы Джидде қаласында өтіп, қорытындысында осы қалада тұрақты хатшылығы құрылды. Құрылған уақытынан бері ИКҰ-на мүше мемлекеттердің саны 25-тен 57-ге жетті. Ұйымның қазіргі уақыттағы негізгі мақсаттары ислам құндылықтарын сақтау, мұсылмандарға қатысты дискриминацияға жол бермеу және мұсылман мемлекеттеріне қатысты дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге ат салысу.
2005 жылдың желтоқсан айында Мекка қаласында өткен ИКҰ-ның жоғарғы деңгейдегі кезектен тыс 3-сессиясында ИКҰ-ның 10-жылдық іс-әрекет бағдарламасы белгіленді. Бағдарламаның негізгі бағыттары ынтымақтастықты нығайту, технология, реформа, білім,сауда салаларын дамыту және мұсылман әлеміндегі адам құықтары мен биліктің ашықтығын қамтамасыз ету. 2010 жыл шеңберінде Қазақстанның ресми өкілдері мен елшілері өздерінің шетелдік сапарлары барысында Орталық Азия республикасының төрағалық етуі барлық 57 мүше мемлекет үшін тиімді деп ИКҰ-на маңызды мүше-мемлекеттеріне мәлімдеген болатын.
Қазақстанның батыл да, әрі көреген көсбасшысы бар, сонымен қатар халықаралық шаралар өткізуде тәжірибесі мол және ИКҰ-ның басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнатуға үлес қосуда мүмкіндігі зор. 38-Сессияның негізгі мақсаты ұйымға мүше мемлекеттер арасында сауда және инвестиция саласының дамуына ықпал ету, сонымен қатар, әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ұйымның бағыттарын қалыптастыру.Қазақстан бүгінде экономикасы орнықты және тұрақты ел.
Қазақстан жерінде жаһандық іс-шаралар үздіксіз өтуде. Қазақ елі жақында ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесін өткізу құқығына ие болды. Бұл отандық экономиканың дамуына, ииновациялық дамуға, орнықты экология мен «жасыл» экономиканы енгізуге зор мүмкіндіктер тудыратын сәт.
Жоғарыда аталған анық бағыттар, Қазақстанның даму бағдары және ел Президентінің болашаққа деген ұшқыр ұмтылысы, қазақ елін қоршаған жаһандық әлемдегі даму триумфына жету жолында өз қазақстандық жолын салып берді.
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» жетекші ғылыми қызметкері Ж.А.Жүргенбаева
http://abai.kz/content/zhanna-zh-rgenbaeva-kazakstandyk-zhol
ӘШҚҚ есептоптары Жауынгерлік парадқа әзірлік үстінде
Отан қорғаушылар күні құрметіне өткізілетін Жауынгерлік парадта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің 51809 әскери бөлімі С-125 заманауи көп функциялы зениттік-зымыран кешенінің жауынгерлік мүмкіндіктерін көрсетеді.
«Би — менің кәсібім, наным, өмірім»
29 сәуір — Халықаралық Би Күні

Бұл дата француздық балетмейстер, теоретик пен балет өнерінің үлкен реформаторы Жан-Жорж Новеррдің туған күні құрметіне дүниеге келді. 1727-1810 ж.ж. өмір сүрген Новеррдің есімі тарихта «заманауи балеттің әкесі» ретінде қалған. Түрлі жанрлардағы бишілердің кәсіби мерекесінде біз әрине қазақ бишілерін сырт айналып кете алмадық. Алдарыңызға Мемлекеттік академиялық би театрының әртісі, биші әрі соңғы кезде музыкант ретінде танылып жүрген 21 жасар Ильзат Аухадиевтен алған сұхбатымызды ұсынамыз.

— Сәлем, Ильзат! Кәсіби мерекең құтты болсын! Биге қанша жасыңнан бастап әуестене бастадың?
— 8 жасымнан. Алдымен, анам мені мектебімнің жанындағы би үйірмесіне берді. Маған ол жер өте ұнап, 9 жасымда өз қалауыммен А.В. Селезнев атындағы хореографиялық училищеге сұрандым.
— Оқудағы ең қиыны не болды?
— Балет өнерін алсақ, басты қиындық — біздің менталитетімізде. Өйткені әрбір әке ұлының балет әртісі болуын қалай бермейді. Ал жалпы хореография жағынан қарастырсақ, онда физикалық қиындықтарға тап келеміз. Училищеде оқитын жастар үшін, негізгі сабақпен қоса, би сабақтарына да үлгеруге тура келеді. Әдетте онда сабақ таңғы 8-ден классикалық биден басталады. Түске дейін жалпыбілімдік пәндер оқып, түстен кешкі 8 не кейде 9-ға дейін қайтадан хореография сабақтарын аласың. Солай аптасына 5 күн өтеді, ал демалыс күндері мен онымен қоса Абай атындағы опера және балет театрында стажер ретінде жұмыс істедім. Оқуымның соңғы екі жылы демалыссыз өткіздім десем болады.
— Оқытуда қыздар мен жігіттер арасында айырмашылық бола ма?
— Жалпы балет өнері о бастан әйелдерге арналған. Ер адамдар болса, тек балериналардың партнері болды. Ешқандай соло, вариациялар билемеді. Алайда бәрі де В. Нижинский, В. Чабукиани, Р. Нуреев секілді бишілер пайда болғаннан бастап өзгерді. Ең басты айырмашылық — әрине қыздардың пуанты киетінінде. Сондай-ақ олар салмақтарына көп көңіл бөлуі керек.
— Би дегеніміз сен үшін не?
— Би — менің кәсібім, наным, өмірім. Мен 21-демін, оның 12 жылын мен балет өнеріне арнадым. Әрине ол мен үшін өте маңызды.

— Ал сен заманауи биге қалай қарайсың?
— Заманауи би билемеймін, алайда ұнатпаймын деп те айта алмаймын. Кез келген би өз-өзіңді көрсету ғой. Ал өз-өзіңді көрсету үшін батылдық керек. Бала кезімде жұрт алдында билеуге ұялған кездерім есімде, сол себепті өнердің кез келген түрі сый-құрметке ие деп ойлаймын.
— Ең алғаш рет сахнаға шыққаның есіңде ме?
— Әрине. Ол училищеде 3-жыл оқып жүрген кезімде опера балет театрында өтті. «Щелкунчик» қойылымында қалайы сарбаздарының рөлін сомдап, тышқан патшасының әскерімен соғысқанбыз. Естен кетпес әсер алдым.

— Қазірде қандай қойылымдарда өнер көрсетесің?
— Кордебалеттегі бүкіл қойылымдарда билеймін. Соло партияларым көп емес: «Жизель»-дегі граф Альбер партиясы, «Спящая Красавица»-дағы Көк құс пен Флорина ханшайымның па де десі, Париж Алауы балетінен па де де, сондай-ақ «Коппелия», «Щелкунчик», «Лебединое Озеро» қойылымдарындағы түрлі вариациялар.
— Соңғы кезде сен музыкамен айналыса бастадың, оған да балет әсер еткен шығар?
— Әрине, Айжан. Балет дегеніміз ең алдымен музыкалық өнер емес пе. Училищедегі болашақ әртістер 7 жыл бойы муызкалық сауаттарын ашады. Музыкалық есту қабілеттерін шындап, фортепианода ойнауды үйренеді. Сондай-ақ, мен — меломанмын. Ол мүмкін әкемнен дарыған шығар. Өйткені анамның айтуы бойынша, әкем жас кезінде музыка тыңдағанды жақсы көріп, сирек музыкалық композицияларды арнайы винилды пластинкаларда жинайды екен.

— Ал болашақта немен айналысқың келеді?
— Ол жағын уақыт көрсетер. Алайда екеуімен де айналысатын шығармын. Бірақ дәл қазір музыка мен үшін хобби. Олардан өзге кітап оқығанды, театрға баруды ұнатамын, фотография мен кинематографияға қызығамын. Жұмысымның тағы бір үлкен артықшылығы гастрольдерге көп шығатынымыздығында. Болашақта саяхатты да жұмысымнан бөлек хоббиге айналдырсам ба деймін.
— Кітап оқуды ұнатамын дедің, сүйікті кітаптарың және тыңдайтын музыкаңмен бөліссең?
— Көбінесе классика: М.Ф. Достоевский: «Қылмыс пен Жаза», " Идиот«, Н. А. Островский «Как закалялась сталь», М.Ю. Лермонтов «Демон», Н. В. Гоголь «Өлі жандар», А.С. Пушкин: «Евгений Онегин», «Пиковая Дама», Ш. Айтматов: «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Шыңғысханның ақ бұлты» , «Жанпида», т.б. Музыка жағы әр түрлі: 70-жылдардағы фанк, соул, ритм энд блюзден бастап, заманауи электронды, хип-хоп, джаз, классикаға дейін.
— Әр мамандықтың өз қиындықтары болады, балет әртісі болудың көрерменге көріне бермейтін қандай қиын тұстары бар?
— Меніңше, біздің мамандық қауіпті болып саналады. Өйткені қойылым не репетиция кезінде түрлі жарақатқа кезігуің мүмкін. Екіншіден, біздің елде мәдениет саласында қызмет ететін адамдар еңбегін бағалауда, ақысын төлеуде қиындықтар бар. Көптеген елдерде балет әртісінің зейнетке шығу жасы 38-40 деп көрсетілген, ал бізде ол жалпы 63-65 болып қала береді.

— Еліміздегі балетмейстерлерден кімді бөліп айтар едің?
— Қазірде бірге жұмыс істеу бақыты бұйырған Болат Ғазизұлы Аюхановты айтар едім. Ол бүкіл өмірін балет өнеріне арнап, көпшілік көрермен арасында оның танымалдылығын арттырып жүрген бірден-бір отандық балетмейстер.
— Және де соңғы сұрақ: қыздармен танысу кезінде сенің балет әртісі екеніңді білгенде олардың реакциялары әдетте қандай болады?
— Қазақстанда сирек кездесетін құбылыс болғанымыздан, әдетте олар маған басқа планетадан келгенімдей қарайды (күліп).
Cұхбаттасқан: Айжан Кәрібаева