Мәскеудің бүгінгі тынысы немесе КСРО елесі
Мәскеу мемлекеттік тіл университетінің қабырғасында үш жылдан бері Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясында магистранттардың тәжірибе жинақтау курсы ұйымдастырылып жүр. Міне, сол жолдама биыл маған да бұйырып, Мәскеудің тынысын іштей бақылауға мүмкіндік туды. Бір топта үш қазақ, үш қырғыздың қарадомалағы оқыдық. Барлығымыз да егемендіктің еркін ауасымен тыныстап өскен өрімдей жастар екенбіз. Кеңестік үкіметтің құлар шағында дүние есігін ашқанымыз болмаса, ешқайсысымыздың мұрнымызға Кеңес идеологиясының исі де бармайды. Мәскеу... Өткен ғасыр оның дүркіреп тұрған бал дәурені еді. Ет сататын дүкенде кешегі етті менсінбей, жаңа түскен етке кезекке тұрып, әбден дайын асқа тік қасық салып үйреніп алған шақтарын ара-тұра еске алып, күрсініп қояды мәскеуліктер. Қанша дегенмен, орталық болды ғой. Не іше…