Мазмұнға өту

Жаңа

Жауынгерлік парадқа дайындықтың қорытындылау кезеңі өтті

Бүгін «Отар» 40-шы әскери базасында Жауынгерлік парад дайындығының соңғы кезеңі өтті. Бұл 7 мамырда өтетін Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге дайындықтың қорытындылау кезеңі болды. Құрлық әскерлері және Әуе қорғанысы күштері зымырандарды, бомба лақтыруды нақты іске асыруды жүргізді, қару-жарақтың барлық түрлерінен жауынгерлік атыстарды көрсетті. «Отар» 40-шы әскери полигонындағы басты дайындықты жүргізу барысына жетекшілік ету үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков келді. Полигонда дайындықтың аяқталуы жөнінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибулла…

0
0
395

Қазақстандық Самат Сымақов пен Давид Лория Түркия лигасының үздік футболшысы атанды

«Чайкур Ризеспор» футбол клубының қазақстандық ойыншылары Самат Сымақов пен Давид Лория Marka-Futbol интернет газетінің нұсқасы бойынша РТТ 1 lig лигасында (Түркияның 1-лигасы) үздік футболшы атанды, деп хабарлайды Sports.kz. «Бұл газет екі жылдан бері Түркияда кең танымалдылыққа ие. Чемпионат аяқталғаннан кейін Marka-Futbol сарапшылары командалар ойынына талдау жасады, қазақ футболшысы Самат Сымақов «Лигадағы үздік орталық жартылай қорғаушы» номинациясын жеңіп алды, ал қақпашы Давид Лория «Лиганың үздік қақпашысы» номинациясында бірінші орынға ие болды», — делінген хабарламада. Marka-Futbol сарапшылары бұл Түркия футболындағы қазақстандықтардың биылғы алғашқы ірі жетістігі деп есептейді. Самат пен Давид енді Дирк Кайт, Мусса Соу, Бурак, Весли Снейдер, Николя Анелька және Дидье Дрогба сия…

0
0
436

Қайырымдылық және мейрімділік әлемді құтқарады

Әріптестік туралы меморандумға қол қою аясында Қостанай облысы бойынша Қаржы полиция департаменті «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының Қостанай облысы филиалымен осы санаттағы балаларға нақты көмек көрсетіліп отыр.Біздің ведомство «Нұр Отан» ХДП-сы құқыққорғау органыдары ардагерлері кеңесінің партия ұйымымен бірлесе отырып, балалар үйінің түлегі Айнұр Серікқызы Бекенованы қамқорлығына алып, оған Рудный қаласында тұрғын үй бөлінді. Жайлы тұру үшін және тиімді жұмыс істеу үшін үйдегі ыңғайы әрбір адамға қажет. Қаржы полициясы қызметкерлерінің ақшалай қаражаттарына Айнұр ең қажетті заттармен ғана қамтылып қоймай, оған тағы келесі нәрселер сатып алынды:-екі комплекті көрпе жастық тыстары,-жиhаздар жинағы,-ас бөлмесіне керек жарақтары және ыдыстар, -тұрмыстық техника және плазмалық те…

1
0
901

Денис Тен Алматыда шоу өткізбек

Мәнерлеп сырғанаудан Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Денис Тен Алматыда да әлемді мойындатқан мәнерлеп сырғанаушыларды жинап, шоу өткізбекші. Бұл туралы спортшы өзінің туиттер парақшасында мәлімдеді. «Денис Тен және оның достары» атты шоу 24 мамыр күні Балуан Шолақ атындағы спорт ғимаратының мұз айдынында өтетін болады. Ал , 25 мамыр күні Тен өзінің достарын елордамыз Астана қаласына ертіп барады. Ол жақта Алау спорт кешенінде де дәл осылай аталатын шоу-концертін ұйымдастырады. «Алматы қаласында да біздің ұйымдастыруымызбен өтетін шоуға шақырамын. 24 мамыр Алматы қаласында Балуан Шолақ кешенінде, 25 мамыр күні Астанада Алау спорт ғимаратында болады бұл қойылымдар. Бірінші рет Қазақстанға мәнерлеп сырғанаудан әлемнің жұлдыздары жиналады. Қатысушылардың ішінде 7 спортшы Олимпиада ойында…

0
0
379

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы «Миланды» ұтты

 

21 жасқа дейінгі Қазақстанның жастар құрамасы «Милан» жастар командасымен футболдан халықаралық жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Алдымен павлодарлық «Ертістің» жартылай қорғаушысы Әлібек Аяғанов дубль жасады, содан кейін Альберто Спаньоли бір гол соқты, қорытынды есеп – 2:1.

«Милан» (жастар командасы) — Қазақстан U-21 1:2 (0:1)

Голдар: Аяғанов 23 (0:1), Аяғанов 58 (0:2), Спаньоли 74 (1:2).

0
0
323

«Шахтер» «Қайратты» ширек финалға жібермеді

Футболдан Қазақстан кубогының 1/8-финалы толығымен аяқталып, ширек финалға жолдама алған сегіз команданыңбарлығы да анықталды. Бүгін Теміртауда Қарағандының«Шахтері» Алматының «Қайратын» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. «Шахтер» (Қарағанды) — «Қайрат» (Алматы) 2:1 (2:0) Голдар: Симчевич, 11. Финонченко, 41 — Кислицын, 76. Екі команда да өз ойындарын енді ғана тауып келе жатқан командалар. Соңғы кездері ішкі біріншілікте сәтті өнер көрсете бастады. Дегенмен, Теміртауда «кеншілердің» жолы болды. Алдымен ойынның 11 минутында команда капитаны Андрей Финонченконың әдемі пасын голға айналдырған Александр Симчевич алаң иелерін алға шығарса, үзіліске бес минут қалғанда капитанның өзі де гол соғып, қонақтардың жағдайын одан бетер қиындатты. Екінші тайм тіптен тартысты өтті. Үзіліске дейін тек…

0
0
445