Дычко мен Ақшалов WSB финалында «Астана Арланс» клубының намысын қорғайды
Қазақстандық боксшылар Мерей Ақшалов (61 кг дейін) пен Иван Дычко (91 кг жоғары) Дүниежүзілік бокс сериясының финалында «Украиналық Атамандармен» шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Sports.kz.
«Сіздер Астанадағы финалда Иван Дычко мен Мерей Ақшаловтың жұдырықтасуын тамашалай аласыздар», – деді «Астана Арланс» клубының бас директоры Болат Манкенов.
Еске сала кетсек, WSB-дің шешуші жарысы Астанада 10-11 мамыр күндері өтеді.

