Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы 2019 жылы шаңғы спорттарынан әлем біріншілігін өткізуге өтініш берді

 

Халықаралық шаңғы спортының федерациясы (FIS) өз құзырындағы спорт  түрлері бойынша 2018-2019 жылғы әлем чемпионатына өтініштерді қабылдауды аяқтады. Оған Қазақстан 2019 жылы Алматыда шаңғы жарыстарынан әлем чемпионатын өткізуге өтініш берген еді. Осы біріншілікте шаңғы спорттарының ішінде шаңғы жарысы, трамплиннен шаңғыдан секіру және шаңғы қос сайысы кіреді деп хабарлайды Sports.kz сайты.

«2018-2019 жылдары Шаңғы жарыстарының әлем чемпионатын өткізуге өтініш қабылдау 1 мамыр күні аяқталды. 2019 жылы Шаңғы спорттарынан әлем чемпионатын өткізуге бәсекелестер көп болды. Айталық, Алматы (Қазақстан), Оберстдорф (Германия), Планица (Словения) және Зеефельдтер (Австрия) әлем біріншілігін өткізуге ниет білдірген.

2019 жылы тау шаңғысы бойынша әлем біріншілігін өткізуге Аре (Швеция) мен Кортина д’Ампеццо (Италия) екеуінен ғана өтініш түскен. 2018 жылғы шаңғымен секіруден әлем чемпионатын (үлкен трамплиннен шаңғымен секіру) өткізуге Оберстдорф (Германия) өзі жалғыз өтініш бергендіктен оған бәсекелес жоқ. Ал, 2019 жылы фристайлдан және сноубордтан әлем біріншілігін өткізуге ешкім құлық танытпапты», — деп жазады Аllsportinfo.ru сайты.

2018-2019 жылдары әлем біріншілігін өткізетін қалалар 2014 жылдың 4 маусымында FIS-тің конгресінде бірнеше талаптарды орындаған соң таңдалады.


 
0
0
437

Осы тақырып бойынша

Алматы 2019 жылы шаңғы спорттарынан әлем біріншілігін өткізуге өтініш берді - Yvision.kz