«Шахтер» «Қайратты» ширек финалға жібермеді
Футболдан Қазақстан кубогының 1/8-финалы толығымен аяқталып, ширек финалға жолдама алған сегіз команданыңбарлығы да анықталды. Бүгін Теміртауда Қарағандының«Шахтері» Алматының «Қайратын» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. «Шахтер» (Қарағанды) — «Қайрат» (Алматы) 2:1 (2:0) Голдар: Симчевич, 11. Финонченко, 41 — Кислицын, 76. Екі команда да өз ойындарын енді ғана тауып келе жатқан командалар. Соңғы кездері ішкі біріншілікте сәтті өнер көрсете бастады. Дегенмен, Теміртауда «кеншілердің» жолы болды. Алдымен ойынның 11 минутында команда капитаны Андрей Финонченконың әдемі пасын голға айналдырған Александр Симчевич алаң иелерін алға шығарса, үзіліске бес минут қалғанда капитанның өзі де гол соғып, қонақтардың жағдайын одан бетер қиындатты. Екінші тайм тіптен тартысты өтті. Үзіліске дейін тек…