Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жауынгерлік парады

Бүгін «Отар» 40-шы әскери базасында мемлекеттік мереке Отан Қорғаушылар Күніне арналған Жауынгерлік парад өткізілді. Қазақстанда және Қарулы Күштері тарихында жүзеге асырылған тұңғыш парад ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті.

Елбасына әскерлердің парадты өткізуге дайын екендігі жөнінде Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев баяндады.

Өзінің «Қазақстан-2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біз адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық» деп қазіргі Қарулы Күштердің жағдайына сипаттама берді.

Президенттің Қарулы Күштер дамуының деңгейі туралы сөзін дәлелдеу үшін және биыл Отан қорғаушы күні Қазақстанда бірінші рет мемлекеттік мереке ретінде аталып өтілуіне байланысты әскери қызметшілер түрі мен мазмұны жағынан ерекше парад өткізуді жоспарлап оны іске асырды. Мұндай парад тек Қазақстанда ғана емес ТМД елдерінде де ешқашан өткізілген емес.

Жалпы дәстүрлі әскери парад кез келген армияның дайындығының құрамдас бөлігі болып саналады. Онда жеке құрамның саптық дайындығы мен қару-жарақ үлгілері көрсетіледі.

Бүгінгі Жауынгерлік парадтың ерекшелігі мұнда сарбаздар мен офицерлердің жауынгерлік дағдысы мен кәсіби шеберліктерін көрнекі түрде көрсетіп, Қазақстан армиясында қолданылатын заманауй қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану мүмкіндігін шынайы түрде жүзеге асыру болып табылады. Әскерлер мен әскери техника алаңдарда салтанатты жағдайда сап түзеп өтеді. Әдеттегі парадтан Жауынгерлік парадтың айырмашылығы мұнда әскерлердің іс-қимылы қару-жарақ пен әскери техниканың жеке құрамның: мотоатқыштардың, танкистерлің, артитллеристердің, десантшылардың, теңізшілер мен барлаушылардың кәсіби шеберлігі көрсетіледі.

Құрлық әскерлері мен Әуеқорғанысы күштері шынайы ракеталар жіберіп, бомба тастауды және қарудың барлық түрінен жауынгерлік атыстардың орындалғандығын көрсетті.

Майдандық және армиялық авиацияның ұшақтары мен тікұшақтары аспанда әуе ұрыстарын жүргізді. Ең шебер ұшу өнерінің тәсілдерінен шеберліктерін «Жетісу» және «Сұңқар» топтары көрсетті.

Жауынгерлік шеруге қазақстандық ӘӘК қолданысына алғаш рет түскен «Airbus Military» С-295 шығарған турбиналы-винттік ұшақтар қатысты. Ол әуе десантын түсіруді жүзеге асырды, сонымен қатар ұшақты тегістелген жерге жасалған ұшып-қону жолағына қондыру мүмкіндіктерін көрсетті.

Жаттығуларда ӘҚК әуегеқарсы қорғаныс қабылетін С-125 зенитті-зымыранды кешені таныстырады. Иммитациялық әуе нысаналарына басқарылатын зенитті ракеталарды ұрыстық тұрғыда бағыттау іске асырылды.

Жауынгерлік парадта Ракета мен артиллерия әскерлері маңызды орын алды: «Точка-У» тактикалық ракеталық кешені, «Град» пен «Прима», МСТА-Б және Д-30 гаубицалары,«Солнцепек» ауыр отшашу жүйесі, «Штурм-С» танкіге қарсы ракеталық кешені және басқа қарулар өз мүмкіндіктерін аңғартты.

Жауынгерлік парад барысында Құрлық әскерлерінің доңғалақты және шынжыр табанды әскери техникалары: Т-72Б танкі, БТР-82А бронетранспортері, танкілерді сүйемелдейтін жауынгерлік машиналар БМПТөздеріне қойылған тапсырманы мүлтіксіз орындады. Арнайы мақсаттағы жасақтың тобы «Кобра» мен «Хаммер» жауынгерлік машиналарына мініп тапсырмаларды іске асырды.

Шеру есептоптарының құрамына Қарулы Күштер бөлімшелері, әскери оқу орындары, сонымен қатар ІІМ Ішкі әскерлері, ҰҚК Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Республикалық ұланның рәсімдік батальоны енгізілді.

Жауынгерлік шеруге барлығы 7 мыңнан астам әскери қызметшілер, 400 бірліктен аса әскери техникалар, 80 аса ұшақтар мен тік ұшақтар қатысты. Жауынгерлік парадтың жалғасында Н.Назарбаев Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековпен және Қарулы Күштер генералитеті өкілдерімен бірге отандық кәсіпорындар ұсынған жаңа жетілдірілген әскери техникалардың үлгілерін қарап көрді. Қару-жарақ көрмесін «Казахстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ құрамына кіретін қорғаныс өнеркәсібі кешенікәсіпорындары ұйымдастырды.

Мемлекет басшысына екі ұдайы мақсаттағы әскери және азаматтық арнайы техникалар оның ішінде штабтық, жауынгерлік, медициналық, іздестіру-құтқару машиналары, радиожүйелік станциялар, қар батпақта жүретін «Тұлпар» машинасы, қазақстанда құрастырылған EC-145 тікұшағы, ұшқышсыз ұшу аппараттары басқа да қару-жарақ пен техника түрлері және киім үлгілері ұсынылды.

Қазақстан Республикасы тарихында тұңғыш өткен Жауынгерлік парад еліміздің барлық мемлекеттік телеарналарында тікелей эфир арқылы көрсетіліп, республика жұртшылығы Отан қорғау күзетіндегі Қазақстан Қарулы Күштері жауынгерлік әзірлігінің жоғары деңгейде екендігін өз көздерімен көріп, сезінді.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
666

Біздің жігіттер отан қорғауға дайын ба?

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні

Бүгінгі мерекеге орай «Екпін» журналы бес жігітпен кездесіп, әскерге барудың маңыздылығы мен әскерге бармаудың артықшылығы турасында әңгіме қозғады.

Қонысбек, студент:

Мектеп кезімде әскерге барғым келетін. Бірақ үлкейген сайын ол ойымнан айнып келе жатырмын. Өйткені теледидардан әскер туралы неше түрлі жаңалықтарды көрсетеді. Көрерменге жыл өткен сайын әскер қауіпті болып бара жатқандығын жеткізгісі келетіндей. Сол бар, онымен қоса уақытты да көп алатын сияқты. Менің ойымша, Отан қорғаушы болу үшін әскерге бару міндетті емес. Әскерге барып келген адам ғана Отан қорғаушы дегенмен келіспеймін. Әрине, әскерге барып келген адамның физикалық дайындығы мықты болар. Бірақ Отанына қатысты барлық жігіттің сезімі бірдей болады. Ел басына жамандық туса, барлығы да Отанын қорғауға дайын деп ойлаймын.

Елдар, 2010-2011 ж.ж. Орал қаласында әскери борышын өтеген, Tumble.kz сайтының әзірлеушісі:

Шыны керек, басында әскерге барғым келмеген. Колледж бітіріп, жоғарғы оқу орнына түсіп алған соң әскерге баруға міндетті болмадым. Алайда, уақыт өте келе, университеттің оқытқанына көңілім толмады, айналадағы ортам және өмір ағыны ұнамады. Бір зат күн сайын қайталана берді. Шеңберден шығу керек болды. Кейін сабаққа бармағаным үшін оқудан шығарып жіберді. Қуанғандай болдым. Біраз жұмыс жасадым. Содан жазда автостоппен Ресейді аралап қайтып келе жатқан жолда әскерге баруым керек деп шешім қабылдадым. Бар құжаттарды жинап, военкоматқа тапсырдым да, мекдкомиссиядан өттім. Екі-үш ай күткеннен кейін Орал жаққа әскери борышымды өтеуге жіберілдім.

Сонда ең бірінші мотив — патриотизм болды. Екіншіден, үйде әкем де, ағаларым да әскерге барған. Бір жағынан солардың үлгілері де ықпал етті. Ағаларымның әскерден келген соң қандай болып келгені себеп болған шығар. Әскерге барған адам мен бармаған адамның өмір жолдарында үлкен айырмашылық болады екен.

Үйдің кенжесі болғандықтан, ерке болып өскенмін. Ал әскер маған азу тіс берді. Ер мінезге тән шыдамдылық, ішкі бір сенімділік пайда болды. Ағаларым да айтушы еді, әскерге барып келген соң саған айналаңдағы адамдар да басқаша қарайтын болады. Олар үшін бір жыл өте кетеді, ал сен бір жылдың ішінде басқа өмір, басқа заңдылықтарды көріп келесің деп. Расымен, солай болып шықты. Өзгелердің сөзіне құлақаспаушылықты да әскер берді. Өзіңді тыңдау, өз шешіміңмен жүру.

— Әскерге барып келуіңнің өмірде пайдасы болды ма?

— Әрине. Қарапайым, шаш қоюым әскерден қалған. Бұрында егер шашымды өсіріп, Биланның шаш үлгісіндей етіп, экперимент жасауды ұнатсам, әскерде оны алып тастағаннан кейін, түрімнің өзгергені ұнап қалды.

— Бір жылдың ішінде уақытымды босқа өткіздім деген ойлар туындаған жоқ па?

— Барған соң, келгеніңе өкінесің. Не үшін келдім деген сұрақ тұрады. Бірақ уақыт өте келе дұрыс істегеніңді түсінесің. Бір жағынан саналы түрде, өз шешіміңмен барған соң бір жылым босқа кетеді-ау деген ой келмеді.

— Физикалық жағынан дайындалып бардың ба?

— Әрине, физикалық жағынан да, моральдық тұрғыдан да дайындалып бардым. Оған дейін де мен көп кітаптар оқып, қызығатынмын. Ал әскерде психологияның көмегі өте зор екен. Өйткені қиналып, не үшін келгендерін білмегендер де болды. Келгенде қалай келсе, қайтарда сол қалпында қайтты. Негізі бір факт бар — ер жігіттің азаматтық өмірде абыройы қандай болса, ол әскерде де солай қалады.

Карим, менеджер:

Оңтүстік Корея немесе Түркияда 1 жылдан 2 жылға дейін әскери борышыңды өтеу — Конституциямен бекітілген қатаң міндет; бізде ондай емес. Әрине, бұл менің сылтауым деп ойлап қалмаңыздар. Алайда, еліміздің әр ер жігіті әскерге бара бермейтіні тағы белгілі. Дәл қазір мен әскери тіркелуде тұрмын және де елімізде әскери тәртіп енгізілсе, 100% әскерге баруға дайынмын.

Университетті бітірген соң 2010 жылдың көктемінде маған алғаш рет әскери комиссариаттан шақырту қағазы келді. Дәл сол уақытта беделді батыстық компания мені жұмысқа қабылдады деген хабар келді. Көп ойланбастан, жұмыс орнымнан кейінге шегеру қағазын сұрап, бар күшімді карьерама арнадым. Осы үш жылдың ішінде көптеген маңызды жобаларда жұмыс жасадым, нарықта қажет байланыстарды таптым, үйлендім. Иә, 12 айдай әскери борышымды өтеп келуге мүмкіндік болды, алайда бар мақсаттарымды бір жылдық паузаға қоя алмадым. Соған қарамастан, елімізде әскерге барамын деген жігіттер жетіп асады, көбісі үшін «әскерге барып келді» деген қағаз мемлекеттік қызметке тұрып кетуге жақсы мүмкіндік.

Шыңғыс, Ash Қазақ Pro лейблі, рэпер:

Көптеген таныстарымның арасында әскерге барып, кейін сонда қайтыс болып жатқандар көп болды. Сол себепті әскерге баруға деген құлшыныс болмады. Алайда, әскери кафедрада оқып шыққанмын. Бір жағынан қазірде еліміздегі әскерге көптеген сындар айтылып жатады. Барып келген жігіттердің әскерден патриот болып қайтып келуі екіталай, меніңше. Олар онда Отанын емес, өздерін қорғап әлек болатынын естіп жатамыз. Отаныңа деген махаббатың, ең алдымен, жақсы азамат болуыңмен өлшенеді деп ойлаймын.

Физикалық жағынан бұрын каратэ, еркін күреске қатысқанмын. Қазір аптасына 2-3 рет жүгіріп қана қоямын.

Нұрлан, 2005-2007 ж.ж. Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінде болды:

Әскерге Отан алдындағы азаматтық борышымды өтеу үшін өз еркіммен барғым келді. Бауыржан Момышұлы атамыз «Әскери қызмет дегеніміз — дені сау әрбір азаматтың асыл парызы, ардақты борышы, кімде-кім әскери қызметтен жалтарса, ол патриот емес» деген.

Әскери өмір маған тәртіпке бағынуды, қиындыққа төзуді, жігерлі болуды үйретіп, өмірлік тәжірибе берді деп ойлаймын. Мен әскерде бір жыл емес, екі жыл қызмет еттім. Екі жылым босқа кетті деп өкінбеймін. «Жаман айтпай жақсы жоқ» деген, ел басына күн туса екі жылымды емес, жанымды беруге дайынмын. Бір жыл босқа кетті деген сөз бе екен? Ол ердің емес, ездің сөзі ғой! Жыл өткен сайын осы сөзді айтып жүрген азаматтар көбейіп келеді...

Жұрт жадында сақталған аңыз, ертегі, даналық сөздерге зер салсақ — қай заманда да ер азаматтың міндеті елін қорғау болған, қазір де солай, келешекте де солай бола бермек. Сондықтан, өзін еркекпін деп есептейтін дені сау азамат Отанын қорғауға қашанда дайын болу керек. Осы себепті әскерге бару әрбір азаматқа міндет.

 

Материалды дайындаған: Айнұр Ракишева,

Айжан Кәрібаева

Фото: Әлия Сембай

_________________________________________________________________________

Редакцияның рұқсатынсыз материалды өзге сайттарға көшіруге жол берілмейді

_________________________________________________________________________

6
4
2981

Қазақша Эль-Классико: ФК Ақтөбе vs Тобыл 1-0 (фотолар)

Міне, ақтөбеліктер мен қостанайлықтардың көптен бері күткен матчы қаламыздың басты футбол алаңында өтті. Қазақстанның футбол біріншілігінде принципиалды қарсыластар ФК Ақтөбе мен ФК Тобыл арасындағы кездесулер қашан да қызық болатын. Жексенбі күні, яғни 5-нші мамырда өткен кездесу соны дәлелдеді десек артық айтпаспыз. Дегенмен, ақтөбеліктер басты мақсатқа әдемі ойыннан гөрі нәтижені қойғанын байқадым. Бірақ футболда бәрін нәтиже шешпей ме?! Біз қостанайлықтарды өз алаңымызда жеңе алдық, оған да шүкір. Енді сіздерге сол матчтан өзімнің түсірген фотоларымды ұсынғым келіп отыр. Түсірілген 1200 фотодан маңыздылары мен сәтті шыққандарын іріктеп алудың өзі біраз уақытты алатыны белгілі, сонымен төменде фотолар:

Қобыланды батыр атындағы орталық стадион.

Касса алды ажиотаж.

ФК Жетісу оқушылары

ФК Ордабасы оқушылары

ФК Тобыл фанаттары

Жалауша алмасу

Нұрбол Жұмасқалиев

Ойын басы.

Бугаевтың өкініші - Сидельниковтың қуанышы.)

Бадло мен Джолчиев

Бірінші және жалғыз гол авторы Марат Хайруллин.

Доп қақпа маңдайшасына тиіп кейін серпілді..

Бірақ Мара қатесін дереу түзеді.)

GOAL!!!

Бірінші тайм аяқталды, үзіліс кезінде жас футболшылар марапатталды.

Екінші тайм басы.

Нұрбол мен Марат

Сарыларға сары.)

Жасырыну

ФК Ақтөбенің фотографтары

Нұрбол: Мен не істедім?!

Сәтті пайдалану

Негізгі уақытқа 3 минут қосылды.

Ойын аяғы, қорытынды есеп 1:0

Тұрақты көрермендер.

Рахмет!

Flawless victory!!!

Кім айтты футболда махаббат жоқ деп?!)))

 

 

Назарларыңызға рахмет! :-)


-4
4
1997

7 мамыр — Ұлттық арнада!

Отан қорғаушылар күніне орай, «Қазақстан» Ұлттық арнасынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сап түзеген сарбаздарының жауынгерлік шеруінен тікелей трансляцияны, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің орталық оркестрі мен ән-би ансамблінің гала-концертін, «Ел қорғаны» арнайы тележобасын және Тәуелсіз елдің аспанында қалықтаған қырандар туралы «Көк тарландары» телехикаясын, батырларға қарап бой түзеген ұландар туралы «Жас ұлан» әскери фильмін тамашалаңыздар!

0
0
252

«Дариға, сол қыз...». Арнайы тележоба («Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, 2011 ж.).

Тележобаға қазақтың айтулы ақыны Қасым Аманжоловтың шығармалары негіз болған. Телефильмнің басты кейіпкері - майданға аттанған жігіттің сүйген қызы... 80 жастағы қарт ана Ресей елінде жерленген сүйгенінің қабіріне бару үшін, жолға шығады. Кейуанаға келіні де ілеседі. Қарт ана келініне осы күнді ұзақ күткенін және осы қадамды ертерек жасамағанына өкініш білдіретінін айтады.

0
0
325