7 мамыр — Ұлттық арнада!
Отан қорғаушылар күніне орай, «Қазақстан» Ұлттық арнасынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сап түзеген сарбаздарының жауынгерлік шеруінен тікелей трансляцияны, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің орталық оркестрі мен ән-би ансамблінің гала-концертін, «Ел қорғаны» арнайы тележобасын және Тәуелсіз елдің аспанында қалықтаған қырандар туралы «Көк тарландары» телехикаясын, батырларға қарап бой түзеген ұландар туралы «Жас ұлан» әскери фильмін тамашалаңыздар!
