«Дариға, сол қыз...». Арнайы тележоба («Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, 2011 ж.).
Тележобаға қазақтың айтулы ақыны Қасым Аманжоловтың шығармалары негіз болған. Телефильмнің басты кейіпкері - майданға аттанған жігіттің сүйген қызы... 80 жастағы қарт ана Ресей елінде жерленген сүйгенінің қабіріне бару үшін, жолға шығады. Кейуанаға келіні де ілеседі. Қарт ана келініне осы күнді ұзақ күткенін және осы қадамды ертерек жасамағанына өкініш білдіретінін айтады.
