Мазмұнға өту

Жаңа

«Дариға, сол қыз...». Арнайы тележоба («Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, 2011 ж.).

Тележобаға қазақтың айтулы ақыны Қасым Аманжоловтың шығармалары негіз болған. Телефильмнің басты кейіпкері - майданға аттанған жігіттің сүйген қызы... 80 жастағы қарт ана Ресей елінде жерленген сүйгенінің қабіріне бару үшін, жолға шығады. Кейуанаға келіні де ілеседі. Қарт ана келініне осы күнді ұзақ күткенін және осы қадамды ертерек жасамағанына өкініш білдіретінін айтады.

0
0
298

«Ел басына күн туса...». Көркем фильм («Қазақфильм», 1967 ж.).

Фильм Бауыржан Момышұлының 1941 жылы 22 желтоқсанда Мәскеу түбінде фашист басқыншыларына мықты тойтарыс берген Панфилов дивизиясының ерліктері туралы баяндайтын кітаптары мен материалдары негізінде түсірілген.

0
0
2515

«Шығыстың аяулы қыздары — Мәншүк пен Әлия». Арнайы тележоба («Gold Media» студияcы, 2010 ж.).

Жеңіс күніне орай, «Қазақстан» Ұлттық арнасынан Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі, Ақпарат және мұрағат комитетінің тапсырысы бойынша түсірілген «Шығыстың аяулы қыздары - Мәншүк пен Әлия» арнайы тележобасын тамашалаңыздар!

0
0
265

Майдан әндері.

9 мамыр күні, сағат 18.45-те «Қазақстан» Ұлттық арнасынан сұрапыл соғыс жылдары жауынгерлердің ойларына жалын, бойларына қуат берген майдан әндерінің кешін тамашалаңыздар!

0
0
1060

«Сталинге сыйлық». Драма («Қазақфильм», 2008 ж.)

9 мамыр күні, сағат 21.50-де «Қазақстан» Ұлттық арнасынан режиссер Рүстем Әбдірашевтің түрлі халықаралық фестивальдер мен байқауларда жүлделі орындарға ие болған «Сталинге сыйлық» фильмін тамашалаңыздар! Фильмдегі оқиғалар желісіне Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда ел басына түскен ауыртпалығы мол қиын кезеңдер арқау болған.

0
0
489

«Балалық шақтың кермек дәмі». Көркем фильм («Қазақфильм», 1982 ж.).

1943 жыл. Соғыстан шалғай жатқан елді мекендегі Сырдария өзенінің бойымен соғысқа, соғыс өрті шарпыған жерлерге қажетті жүктер тасымалдануда. Зейнолла ақсақал мен Дариға, Мұхтар және Әмір есімді жасөспірімдер жеңіл қайықпен тынымсыз еңбек етеді. Қария кенеттен қайтыс болғанда, асау өзен үстінде өмірдің қиындығымен бетпе-бет келген балалар, сын сағатта биік руһтарын сақтап қала алады.

0
0
1280

«Орман хикаясы». Әскери драма («Қазақфильм», 1972 ж.).

Фильм белгілі жазушы Әди Шәріповтің «Партизан қызы» хикаясы негізінде түсірілген. Соғыстың алғашқы күндері кеңес офицерінің он жасар қызы Айгүл шешесінен айырылады. Әбден күйі кеткен, ауру қызды қарт диірменші мен оның немересі Федя фашистерден жасырып қалады...

0
0
1529

Композитор, шәмшітанушы Қалдыбек Құрманәлінің ән кеші.

11 мамыр күні Ұлттық арнадан белгілі сазгер, шәмшітанушы, халық арасында кеңінен танымал «Сағыныш әні», «Ағаларым-ай», «Ән-аға», «Шай ішіп кетсең қайтеді?», «Сырдария жағалауы», «Кірмеші жиі түсіме», «Қиялдағы қалқа» әндерінің авторы Қалдыбек Құрманәлінің ән кешін тамашалаңыздар!

0
0
413

Бас прокуратурада Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күніне арналған салатанатты жиналыс ерекше салатанатты жағдайда болып өтті.

Салатанатты жиналысты аша отырып, Бас Прокурор Асхат Дауылбаев ардагерлерді олардың майдандағы және еңбектегі ерліктеріне терең ризашылығын білдіре отырып, Жеңістің 68-жылдық мерекесімен құттықтады. Барлық ұрпақтар үшін 9 мамыр – біздің халқымыздың ерлігінің, Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің символы болып табылатын ерекше мейрам. Ол ешкім және ештеңе де фашизмді жеңудегі халықтың ұлы ерлігін және оның бүкіләлемдік тарихи мағынасын төмендете алмайтынын атап өтті. Сонымен қатар, бүкіл халықпен бірге Жеңіс үшін біздің отандастарымыз да ерлікпен және жанқиярлықпен күрескен. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің арасында прокуратура органдарынан шайқасқа аттанғандар да аз емес, соғыстан кейін олардың көпшілігі өз өмірлерін қылмыспен күреске арнады. А.Даулбаев прокуратура органдарының ардагерлері…

0
0
852

«Айқап»: Қазақ шежіресі

ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ Түрік нәсілінен «Алаш — есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш, алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген. Алаштан екі бала туған — Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден Өзбек, Сыбиян. «Өзбек аз ағам, сарт садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан Айырқалпақтан Қазақ, Созақ. Созақтан Қарақалпақ. Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсысылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта ж…

6
6
13146