Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде үздік тәрбиеші-офицерлер анықталды
Жаркент гарнизонында Құрлық әскерлері әскери бөлімдері командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасарларының жиыны аяқталды.
Сабақтардың көпшілігі далалық жағдайда өткізілді. «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс», «Астана» өңірлік қолбасшылықтарының және Аэроұтқыр әскерлері командирлерінің орынбасарлары әскерлерде тиімді қолданылатын жұмыс әдістері мен түрлерін практика жүзінде көрсетті. Жиынға қатысушы әрбір тәрбиеші-офицер жиыннан алған тәжірибені, қызықты әрі пайдалы идеяны өз қызметіне пайдаланатын болады.
Тәрбие құрылымдарының жиыны қысқы оқу кезеңіне қорытынды жамсаумен аяқталды. Жиын жұмысына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Мұхамеджан Таласов қатысты. Жиында тәрбие және идеологиялық жұмыстардың дамуына мол үлес қосқан үздік тәрбиеші-офицерлердің есімдері белгілі болды. Олар: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қолбасшысының тәрбие және леуметтік-құқытық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Самат Төлепбаев, десантты-шабуылдаушы бригада командирінің орынбасары полковник Серік Сейітбаев, байланыс бригадасы командирінің орынбасары подполковник Ринат Ахметов.
Көптеген тәрбиеші-офицерлер Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бұйрығымен естелік сыйлықтарға ие болды.
– Қорғаныс министрі белгілеп берген жеке құрамды тәрбиелеудің тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырма осы тәрбие құрылымдары офицерлерінің мойнына жүктеліп отыр,-деді Мұқамеджан Таласов. – Заманауй қауіп қатерлерге тәрбиеші-офицер кез-келген уақытта өзінің мол білімі мен жетілдірілген кәсіби дағдысы арқылы жауап бере алуға тиіс. Сол себепті қорғаныс қабілетін нығайту ісіндегі жетістіктер ге қол жеткізу командирлердің тәрбие және әлеметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларына тікелей қатысты.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
