Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ЕХРО-2017 арнап 2017 оқушы Атамекен әнін айтып, 2017 шар ұшырды

Оқу жылының аяқталуына орай және ЕХРО-2017 жобасын қолдау мақсатында Астана қаласының 7 мектеп-гимназиясында оқушылар флешмоб ұйымдастырды. Бір уақытта 2017 оқушы Атамекен әнін айтты.

ЕХРО-2017 арналған флешмобта 2017 оқушы 2017 шарды көкке жіберді. Бұл шараны "Заңғар" шығармашылығы қолдады. Керемет!

"Шет елдің биін жастарымызға сіңіріп,флешмоб ұйымдастырғанша,неге өзіміздің ән мен биді насихаттамасқа" дейді 7мектеп-гимназияның директоры.

ЕХРО-2017 құрметіне ұйымдастырылған 2017 оқушыдан тұратын флешмоб. Керемет өтті.

Ертең мектеп бітіргелі жатқан мектеп түлектері Бөгенбай көшесіне сән берді Бұл - 7 мектеп-гимназияның ұйымдастырған флешмобы. ЕХРО-2017 - 2017 оқушы.

Ертең елімізді әлем тамашалайтын ЕХРО-2017 туралы оқушыларға ақпарат беру, санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған бұл флешмобтың берері мол.
Әрі бір мезетте орындалған Е.Хасанғалиевтің Атамекен әні де патриоттық сезім сыйлайды.

Ертең елімізді әлем тамашалайтын ЕХРО-2017 туралы оқушыларға ақпарат беру, санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған бұл флешмобтың берері мол. Әрі бір мезетте орындалған Е.Хасанғалиевтің Атамекен әні де патриоттық сезім сыйлайды.

"2017 шар аспанға қалай ұшса, ЕХРО-2017 арқылы Қазақстанның мәртебесі де солай шарықтасын" деген ниетпен ұшырылған 2017 шар.

"Біздің 7 мектеп-гимназияның оқушылар мұндай флешмобтарға үнемі дайын. Алда талай шаралар өткіземіз" дейді мектеп-гимназия директоры.

Бүгінгі керемет жобаның ұйымдастырушылары.

Сол жақтан бастап, бірінші тұрған - 7 мектеп-гимназиясының директоры, екінші - Заңғар шығармашылығының жетекшісі және мектеп-гимназия мұғалімдері.

0
0
2777

Осы тақырып бойынша

ЕХРО-2017 арнап 2017 оқушы Атамекен әнін айтып, 2017 шар ұшырды - Yvision.kz