Мазмұнға өту

Жаңа

Ертең — «Жан жылуы».

Тағдыр тезіне қарамастан, өмір сынағына қарсы тұрып, айқын мақсатымен арманына қол жеткізе білген қайсар жан Роза Мұса туралы ертең «Жан жылуы» бағдарламасынан көріңіз! Ұлттық арнада 25 мамыр, сағат 17:05-те!

0
0
313

Инстаграмдағы қазақ дизайнерлері

Соңғы кезде смартфоны бар қазақстандықтардың басым бөлігі Instagram желісін пайдалануда. Заманауи студенттер, аналар, бизнесмендер, дизайнер, фотограф, журналист, әнші, маркетолог және т.б. мамандық иелері бұл mobile app арқылы суреттерімен бөлісіп, инстаграмсыз күн көре алмайды. Бүгінгі материалда біз Instagram арқылы отандық дизайнерлермен таныс боламыз.

Ая Бапани @aya_bapani

Бүгінгі күні Aya Bapani брендімен танымал Ая қазақстандық сән әлеміне өзгеріс алып келген дизайнерлердің бірі. Қазақ тарихынан, этнографиясы мен өнерінен шабыт алатын Ая: "Киізден жасалып, қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен сәнделген коллекциямдағы әрбір туындым оның иегеріне қазақи рух беріп, кең-байтақ қазақ даласының күшін сезіндіреді", - дейді.

Баян Есентаева Aya Bapani брендінің көйлегінде #ayabapani #kfw#kazakhstanfashionweek #bayanesentaeva

#AyaBapani

SS 2012

Festival Della Moda Russa

Салтанат Баймұхамедова @saltafashion

Отандық сән индустриясының жарқын өкілі Салтанат Баймұхамедова сән әлеміне сонау 2000 жылдары келген болатын. Басында «F… you» киім желісімен жастарға арналған киімдер тігіп жүрген Салтанаттың 2008 жылдың наурыз айында Trend & Tendance агенттігінің қолдауымен Париж қаласында алғашқы сән көрсетілімі өтеді. Содан бастап ол Salta™ деген брендпен шыға бастайды. Бүгінгі күні Salta сапалы, әрі қолжетімді бағадағы pret-a-porter әйелдер киімін шығарумен айналысады.

Керемет! @diana_nazar көйлектерің біздің брендтен болса #saltafashion ілмегімен белгілеп қой <3

Достар, қай түс сіздерге жақынырақ? Көбіне ақ киесіз бе, әлде қара ма? ;) ;)  #black#white#dress#accessories#kz#almaty#kzdesigner#instakzlook#salta#saltafashion

Salta Business Collection 2012. Model: Maya Akisheva

Salta For Braska Fall-Winter 2012/13 in Интертоп stores now! 30.650 KZT

Леонид Жеребцов @leva08

«Open Way 2012» Екінші Ұлттық жас дизайнерлер байқауының жеңімпазы. Аталмыш байқаудан соң жас дизайнер Салтанат Баймұхамедованың брендіне арнап Leonid Zherebtsov for Salta коллекциясын дайындап, оны сәуір айында өткен Kazakhstan Fashion Week-те көрсетті. Жеребцовтың бұл киімдер топтамасының негізгі бөлігі қара, көк, сарғыш және ақ мақта және стрейчтен тұрады. Леонидтің айтуы бойынша оның коллекциясы стиль мен ыңғайлылықты таңдайтын барлық жастағы қыздарға арналған.

25.05.2013 бастап менің Leonid Zherebtsov for Salta коллекциям SALTA брендінің барлық дүкендерінде #saltafashion

Жақында шығатын менің autumn-winter 2013-14 коллекциям.

Star skirt from LEONID ZHEREBTSOV

Lookbook LEONID ZHEREBTSOV түсірілімінен. Autumn-Winter 2013-14

Камила Курбани @kamilakurbani

Сән өнеркәсібінде жүргеніне 10 жылға жуық уақыт өтседағы, есімі енді танылып келе жатқан Камила Курбанидің қазақстандық сән сахнасына келгеніне небәрі 2 жылдай болды. Осы уақыттың ішінде ол сән әлеміне өзгелерге ұқсамайтын ерекше стилін ұсына білді. Екпінді гламурға емес, керісінше unisex пен casual стиліндегі еркіндікке түсіретін Камиланың тұтынушылары еркін ойлайтын, өзгеден аса ерекшеленбейтін, бірақ өзінің ерекше қайталанбас стилімен көзге түсетін кәдімгі қала тұрғындары.

F/W 2013-2014 KK #kfw #looktm

F/W 2013-2014 KK #kfw #looktm

Dresses SS2013

#accessories by KK

Сәкен Жақсыбаев @ZhSaken

2011 жылдан бері отандық сән әлеміне қадам басқан ZhSaken брендінің негізін қалаушы Сәкен Жақсыбайды бүгінгі күні танымайтын қазақстандық сәнқой жоқ шығар. Шетелге жиі шығып тұратын Сәкен әр елден алған әсерін өз топтамаларында жеткізуге тырысады. Сәкеннің жақында тұсауы кесілген топтамасы сәйкесінше «Мадрид» деп аталды. Ол киімдерін тігуде барқыт, жібек, шілтер және шифон маталарын қолданады. Оның барлық киімдері сапалы, әрі бағасы қолжетімді.

Қазір өзімнің @sadu_concept_store #zhsakenдемін... Жазғы қанық түстерден тұратын көйлектер көп #day #dress #love #instamood #instapic #almaty #kz#fashion #vogue

ZhSaken 31/05/13 Luxor Wellness club!!!

ZHSaken көйлегі @cali_almaty @sadu_concept_store @armoniastore

Californicatoin дүкені,бұл жерде ZHSaken сатылады @cali_almaty @sadu_concept_store @armoniastore @rauzhienbekova @fashion_bureau

Лидо @Lido_kz

Әнші Лидо өткен жылдың күзінен бастап дизайнерлікке бет бұрды. Кезінде ательеде жұмыс істеген анасына кішкентайынан көмектесетін Лидо қашанда өзін дизайнер ретінде сынап көргісі келген екен. Бүгінгі күні LIdiya DOssalina брендінің негізін қалаушы Лидия коллекциясындағы барлық киімдердің модельдерін өзі ойлап тапқан. Li'Do бренді жайында ол: «Мен әлемдік сән тенденциясына сай келетін коллекция жасағым келеді: күрделі, әрі көрнекті пішілген қарапайым силуэт», - дейді.

My very first fashion show #lidiyadossalina #kfw :D

Бұл екі көйлек Астана қаласындағы дүкенге жіберілді...

New stuff flies to Astana today....

@almatykz керемет суреттеріңе рахмет!!!/ thanx @almatykz for these amazing sketches of me!!! <3


Материалды дайындаған:

Айнұр Ракишева @rakishevaa

Қарағандыда «Олимпиада күні» жеңілатлетикалық жарысы өтті

 

Қарағанды қаласының орталық саябағында «Олимпиада күні» атты жарыс өтіп, оған шамамен 550 адам қатысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Жарыстың мақсаты мен міндеті Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес, салауатты өмір салтын, бұқаралық спортты дамыту, елімізде олимпиада қозғалысын насихаттау, балаларды, жасөспірімдер мен жастарды ішімдік, есіркі мен темекіге тәуелділігінің алдын алу болып табылады.

Шараның қатысушылары мен көрермендерін Қазақстанның танымал спортшылары олимпиада чемпионы В.Баркер Кубогінің иегері Серік Сәпиев, ҚР жеңіл атлетикадан халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Пекин мен Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы Вячеслав Муравьев, 300-ден астам марафон қатысушысы Павел Сиротин мен спорт ардагері Таисия Зайцева қарсы алды.

Жарысқа спортшылар, жалпы білім беру мектептерінің оқушылары, лицейлер мен ЖОО студенттері, өндірістік ұжым қызметкерлері, ардагерлер мен басқа да ниет блдіргендер қатысты.

Жүгіруге қатысқандардың әрқайсысына ХОК президенті Ж.Роггенің қолтаңбасы қойылған сертификат табысталды. Одан бөлек, әр санат бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға олимпиада таңбасы бейнеленген жейделер мен қалпақтар берілді.

 
0
0
437

Қазақ күресі Олимпиада бағдарламасына енуі мүмкін

 

Жақын болашақта ұлттық спорт түрі қазақша күрес олимпиадалық бағдарламаға енуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz «Астана» кәсіби спорт клубының президенті Бахтияр Артаевқа сілтеме жасап.

«Қазақстан Барысы» республикалық жарысының арқасында қазақша күрес еліміз бойынша қайта жандана бастады, — дейді Артаев. – Бұл спорт түрі әлемге танылып, қазір бірқатар елдерде қазақша күрестен жарыстар ұйымдастырылуда. Оның болашағы зор, сондықтан алдағы күндері біздің ұлттық спортымыз олимпиада бағдарламасына еніп жатса, таң қалмаңыз».

- Үшінші маусымда финалға шыққандардың қайсысына болысар едіңіз?

- Мен алаңдап, жаным ашитын палуандар бар. Бірақ басқаларының көңіліне тимес үшін олардың есімдерін атамай-ақ қойсам деймін. Ал өз жерлестеріме келетін болсам, олар жыл сайын есімі танымал күрескерлер мен спортшылар шыққан Жамбыл облысының атынан тиісті деңгейде өнер көрсетіп жүр.

- Болашақта «Қазақстан Барысының» қатарынан Сізді де көруіміз мүмкін бе?

- Бәрі де мүмкін. Мен өзімді жаңа бір салада сынап көргенді ұнатамын, сондықтан маған қызықты ұсыныстар түсіп жатса, бас тартпаймын. Қазақ күресіне бұрыннан қызығатынмын!

23 мамырда Үшқоңыр шатқалында «Қазақстан Барысы» республикалық жарысының үшінші кезеңінің финалистерін ресми түрде таныстыру рәсімі өтті. Ақтық сын 30 маусымда Астанада өтеді.

 
0
0
562

Ауыр атлеттеріміз Өтешев пен Седов Азия чемпионатына қатыспайды

 

Бүгін Талдықорғанның «Жастар» спорт кешенінде ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты байрағын көтереді. Мамырдың 29-ына дейін жалғасатын ел біріншілігінде жеңімпаздар маусым айында Астанада өтетін Азия біріншілігіне қатысуға мүмкіндік алады.

Дәл қазір Қазақстан біріншілігіне қанша облыстан қанша спортшы қатысатынын тап басып айту мүмкін емес. Өйткені, өкінішке қарай, ауыр атлетика еліміздің барлық облысында дерлік керемет дамыған деп айта алмаймыз. Ақсап тұрған аймақтар да бар. Ішкі чемпионатқа қанша ауыр атлеттің қатысатыны бүгін кешке өтетін ұйымдастырушылар алқасының отырысында анықталады. Алайда әдеттегідей қатысушылар саны жүзден асып жығылады деген үміт бар.

Сондай-ақ Лондон Олимпиадасының жеңімпаздары да Қазақстан чемпионатына қатыспайды. Ұлттық құрамамыздың бас бапкері Алексей Нидің айтуынша, Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло сынды саңлақтар биылғы додалардың барлығынан босатылған.

Олар қазір демалып, жеңіл-желпі жаттығуларға ғана қатысып жүр. Лондон Олим­пиадасына дайындық барысында бұл толағайлар біраз күшін сарқып, әбден шаршады. Енді тынығып алғандары дұрыс. Ал биыл екінші нөмірлі атлеттерге, жас спортшыларға мүмкіндік беріп, баптары мен бақтарын сынап көреміз, – деді бұл туралы Алексей Геннадьевич.

Дегенмен Ильиндерсіз де ел біріншілігінің қызықты әрі тартысты өтетініне дау жоқ. Қатысушылардың арасында Анна Нұрмұхаметова, Жазира Жапарқұл, Нұрсұлтан Рахатов, Александр Зайчиков сынды мықтылар бар. Ал ел чемпионатының жеңімпаздары маусым айының 20-сы мен 26-сы аралығында елордамыз Астанада өтетін Азия біріншілігіне жолдама алады.

Негізі, Азия чемпионатына дайындықты жаңа жылдан бастап кеткенбіз. Қазір құрама спортшылары 90 пайызға анықталып қойды. Есімдерін атамай-ақ қояйын. Олардың әрқайсысы сары құрлық додасына жеке бағдарлама бойынша дайындалды. Ел чемпионаты олар үшін дайындықтарын пысықтаудың бір кезеңі ғана. Дегенмен босаңсуға болмайды. Өкшелерін басып келе жатқан өрендер көп. Егер олардан мықтылар шығып жатса, команданы өзгерте саламын. «Ерді кебенек ішінен таны» деген сөзді айтты маған. Мағынасы ұнады. Біз де осындай чемпионаттар арқылы ел ішінде жүрген дарындарды іздейміз. Қазақстан ауыр атлетикасына Ильин, Подобедова секілді рухы мықты спортшылар керек, – деп қосып өтті Алексей Ни.

Сондай-ақ Қазақстанның биылғы ішкі біріншілігіне 94 келідегі Алмас Өтешев пен Владимир Седовтың да қатыспайтындықтары белгілі болды. Тіпті бұл екеуі Астанада өте­тін Азия чемпионатына да қатыспайтын көрінеді. Бас бапкердің айтуынша, Алмас пен Володя қазан айында Варшавада өтетін дүниежүзілік додаға дайындалуда.

 
0
0
362

Жафаровқа еліктейтін жастар көп

Галиб Жафаров шаршы алаңда атой салған 57 келі салмақта финалда алматылық Дәурен Бабалық пен Оңтүстік Қазақстан боксының түлегі Шындос Кенжебеков қолғап түйістірді. Шалт қимылы, шалымды әдіс-тәсілі жанкүйерлерді тәнті еткен Шындос қарсыласынан шеберлігін асырып, арнаулы жүлдеге ие болды.

Ақтөбеде 1997-1998 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан 2003 жылғы әлем чемпионы, 2004 жылғы Азия чемпионы, Афины және Пекин олимпиадаларынақатысушы Галиб Жафаровтың жүлдесіне арналған ІV халықаралық турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен,Әзербайжан мен Өзбекстаннан 106 жас боксшы қатысты.

Турнирге Галиб Жафаровтың өзі, Лондон олимпиадасыныңчемпионы Серік Сәпиевтің, кәсіпқой бокстан қазақтан шыққан тұңғышәлем чемпионы Марат Мәзімбаевтың, атағы алты құрлыққа белгілібоксшы Нұржан Кәрімжановтың арнайы келіп, қатысуы спорттықбәсекенің бәсін арттыра түсті. Саңлақ спортшы ағаларының алдында жерге қарап қалмас үшін жас былғары қолғап шеберлері рингте жасындай жарқылдады, барынша жақсы қырларынан көрініп қалуға тырысты. Он төрт салмақ дәрежесінде қолғап түйістірген жасөспірімдер арасында сегізқазақстандық, бес әзербайжандық және бір өзбекстандық боксшы чемпион атанды. Галиб Жафаров шаршы алаңда атой салған 57 келі салмақта финалда алматылық Дәурен Бабалық пен Оңтүстік Қазақстан боксыныңтүлегі Шындос Кенжебеков қолғап түйістірді. Шалт қимылы, шалымдыәдіс-тәсілі жанкүйерлерді тәнті еткен Шындос қарсыласынан шеберлігін асырып, арнаулы жүлдеге ие болды. Жарыс барысында Жафаровқа еліктейтін жас боксшылардың жаңа толқыны өсіп келе жатқаны айқын аңғарылды.

– Әзербайжан елінен турнирге 13 боксшы келді. Галиб – қазақтыңғана емес, әзербайжан халқының да мақтанышы. Бұл турнирге біз жыл сайын қатысамыз. Ондағы мақсатымыз – әлемдік рейтингте биіктен көрініп жүрген қазақ бокс­шыларымен өзара тәжірибе алмасу. Қазақстандық жас боксшылар да Әзербайжанда өтетін Гейдар Әлиев, Аббас Агаларов атындағы және «Жібек жолы» турнирлеріне жыл сайын келеді. Екі ел боксшылары арасындаәріптестік тығыз байланыс бар, – дейді Әзербайжан құрамасыныңжаттықтырушысы Тавакюль Мамедов.

– Турнирді жас боксшылардың шыңдалу мектебі деуге әбден болады. Бұл жарыс балалардың боксқа деген қызығушылығын тудырыпқоймайды, оның нәтижесі таяу жылдарда көрінетін болады. Турнир жас боксшылардың жаңа толқынының өсіп шығуына ықпал етеді деп ойлаймын. Бұл жолғы турнирдің ұйымдастырылуынақатысушылар дән риза болды. Алдағы міндет турниргеқатысушылардың ауқымын кеңейте түсу болмақ, – дейді бокстан олимпиада резервін даярлайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі спорт ісінің нұсқаушысы Марат Әкімов.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 
0
0
595

Қалмақ диаспорасы

Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұратыны белгілі. Солардың бірі – қалмақ диаспорасы. Бүгінгі күнде қазақ жерінде өмір сүріп жатқан қалмақтардың тыныс-тіршілігі жайында білгіңіз келсе, келесі сілтемеден оқи аласыздар http://el.kz/15875

0
0
531