Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін Бас прокуратурада Бас прокуратура жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі Қоғамдық кеңестің мәжілісі болып өтіп, онда Діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасы талқыланды.

Бағдарлама жобасын талқылауға Қоғамдық кеңес мүшелері және кеңестің отырысына шақырылған үкіметтік емес ұйымдардың, ресми діни қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік сарапшылар қатысты. Діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірлеу Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес басталған болатын. Радикализм, діни экстремизим және терроризмнің барлық нысандарымен және көріністерімен күресті Мемлекет басшысы алдағы кезеңге басым бағыттағы тапсырма ретінде анықтауына орай бұл құжатты дайындаудың қажеттілігі туындады. Бағдарламаның негізгі мақсаты діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қаупіне жол бермеу арқылы адамның, қоғам және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз…

0
0
375

Аттестация тапсырған әкімдерге жедел жәрдем шақыруға тура келді

Қоңыр күзге қарай 50 әкім жайлы орындарымен қош айтысатын болды. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов мәлім етті. Аудан және қалалық жерде әкім болғысы келгендіктен өтініш білдірген екі мыңға жуық үміткердің37 пайызы сыннан сүрініп кетті. Оларға емтиханға келген 100 сұрақтан кем дегенде 70 ұпай жинап шығу керек болатын. Біліктілігі өз қызметтеріне сай емес болып шыққаны былай тұрсын, ешқашан тест тапсырмаған, тіпті компьютермен жұмыс істеп көрмегендері бар екен.Кейбірінің қан қысымы күрт көтеріліп, медициналық жедел қызмет көрсетуге тура келген. Аттестациядан өте алмаған әкімдердің орнын ұлттық комиссияның шешімімен таңдап алынған резервтегі қызметкерлер ауыстыратын болады. «А» корпусына қатысты өтіп жатқан емтихан 27-мамырға дейін жалғасатындықтан,…

0
0
511

Мәжіліс вице-министрді қуып салды

Парламент қабырғасында бұрын-соңды болмаған жағдай орын алды. Мінбеге шыққан Сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаев дайындықсыз келгендігі үшін мәжіліс отырысынан қуылды. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы достық ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау мәселесі жөнінде қаралып жатқан болатын. Кенеттен ҚР Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматуллин шұбалаңқы баяндамаға көңілі толмай, бұл мәселені күн тәртібінен алып тастау үшін дауысқа салды. Сол-ақ екен, Төраға шешімін депутаттар жаппай қолдай кетті. Халық қалаулыларының алдына шықпас бұрын тас-түйін дайындалу керектігін қатаң ескертті. Вице-министр бұл мәселе бойынша сұхбат беруден бас тартып, соңынан қуған тілшілерге жеткізбей кетті.

0
0
440

Гүлназ Әлімгерей, тележүргізуші, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері: МӘТІНГЕ ЕШҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ ЖОҚ ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІНІ КӨЗІНЕН-АҚ АҢҒАРАМЫН

– Гүлназ, естуімізше өзіңіздің мектеп-студияңызды ашқалы жатыр екенсіз. Әңгімемізді осыдан бастасақ. – Таяуда ғана Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин журналистер дайындайтын оқу орындары мен жұмыспен қамтамасыз етушілердің арасын жалғайтын шеберлік сыныптары, курстардың тапшы екендігі жөнінде айтқан болатын. Ақпарат майданы қайнап тұрған бүгінгі қоғамға өз ісінің хас шеберлері қажет. Заман ағымы шеберлік сыныптарына сұранып тұр. Телевизия саласында жүріп, азды-көпті жиған өз тәжірибемізді және телеөнердің туын жықпай, қажырлы еңбегі мен өмірін осы салаға арнаған нағыз мамандардың дәрісін жас буындарға жеткізуді жөн көрдік. Қазір 10-12 адамдық шағын топтарға таланты мен талабы, бойындағы біліміне қарай үміткерлер іріктеліп алынды. Олар екі айдың ішінде телевизиядағы танымалдығы мен таланты тала…

3
3
6767

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде үздік тәрбиеші-офицерлер анықталды

Жаркент гарнизонында Құрлық әскерлері әскери бөлімдері командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасарларының жиыны аяқталды. Жиынға қатысушы тәрбиеші-офицерлер атыс, дене тәрбиесі мен арнайы-тактикалық дайындықтан сынақтар тапсырып, шеберліктерін танытты. Барлық шаралар кешенді түрде жүргізілді. Мәселен тәрбиеші-офицерлер атыстан сынақ тапсыру алдында полигонға дейін жеті шақырым қашықтықты жаяу жүріп өтті. Ал тактикалық сабақтардан сынақ тапсыру әскери бөлімді жауынгерлік дайындыққа келтіргеннен кейінгі талқылаудан соң жүзеге асырылды. Сабақтардың көпшілігі далалық жағдайда өткізілді. «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс», «Астана» өңірлік қолбасшылықтарының және Аэроұтқыр әскерлері командирлерінің орынбасарлары әскерлерде тиімді қолданылатын жұмыс әдістері мен түрл…

0
0
547

ЕХРО-2017 арнап 2017 оқушы Атамекен әнін айтып, 2017 шар ұшырды

Оқу жылының аяқталуына орай және ЕХРО-2017 жобасын қолдау мақсатында Астана қаласының 7 мектеп-гимназиясында оқушылар флешмоб ұйымдастырды. Бір уақытта 2017 оқушы Атамекен әнін айтты. ЕХРО-2017 арналған флешмобта 2017 оқушы 2017 шарды көкке жіберді. Бұл шараны "Заңғар" шығармашылығы қолдады. Керемет! "Шет елдің биін жастарымызға сіңіріп,флешмоб ұйымдастырғанша,неге өзіміздің ән мен биді насихаттамасқа" дейді 7мектеп-гимназияның директоры. ЕХРО-2017 құрметіне ұйымдастырылған 2017 оқушыдан тұратын флешмоб. Керемет өтті. Ертең мектеп бітіргелі жатқан мектеп түлектері Бөгенбай көшесіне сән берді Бұл - 7 мектеп-гимназияның ұйымдастырған флешмобы. ЕХРО-2017 - 2017 оқушы. Ертең елімізді әлем тамашалайтын ЕХРО-2017 туралы оқушыларға ақпарат беру, санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған бұл фле…

0
0
2787

«Мұзды жарып шыққан гүл». Телехикая (Корея, 2012 ж.).

Шындықтың бетін ашуға тырысып жүрген жандар, жабылған жала құрбаны болған тағдыр... Дүйсенбі және жұма күндерінің аралығында Ұлттық арнада «Мұзды жарып шыққан гүл» телехикаясының жаңа топтамалары!

0
0
252