Қазақстандық Аслан Тоқтарбаев және Ермек Тлауов «Мәскеу түбіндегі шайқас 12» турниріне қатысады
Sports.kz хабарлауынша, 20 маусым күні Мәскеудегі Крокус-Ситиде өтетін FIGHT NIGHTS промоутерлік компаниясының кезекті «Мәскеу түбіндегі шайқас 12» турнирінің қатысушыларының есімдері белгілі болды.
61 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша қазақстандық Аслан Тоқтарбаев ресейлік Аскер Барагуновпен қарсыласады. Ермек Тлауов (68 келіге дейін) тағы бір Ресей өкілі Олег Борисовпен жекпе-жекке шығады.
Қарсыласатын жұптар:
ММА. 75 келіге дейін. Илья Кушнерик (Ресей) — Нұрсұлтан Ниязбек Уулу (Қырғызстан)
ММА. 61 келіге дейін. Аскер Барагунов (Ресей) — Аслан Тоқтарбаев (Қазақстан)
ММА. 93 келіге дейін. Константин Ерохин (Ресей) — Евгений Ерохин (Ресей)
ММА. 77 келіге дейін. Олег Багов (Ресей) — Виктор Чернецкий (Ресей)
ММА. 77 келіге дейін. Альберт Туменов (Ресей) — Тарренс Уильямс (АҚШ)
ММА. 68 келіге дейін. Олег Борисов (Ресей) — Ермек Тлауов (Қазақстан)
ММА. 93 келіге дейін. Абдул-Керим Эдилов (Ресей) — Шарлез Андраде (Бразилия)
ММА. 57 келіге дейін. Юлия Березикова (Ресей) — ТВА
ММА. 79 келіге дейін. Гасан Умалатов (Ресей) — Грегор Херб (Германия)
ММА. 70 келіге дейін. Зубайра Тухугов (Ресей) — Васо Бакоцевич (Черногория)
ММА. 77 келіге дейін. Шамиль Завуров (Ресей) — Ясубей Эномото (Швейцария).

