Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ресейлік Евгений Зиновьев «Сарыарқаның» бас бапкері болды

Фото дереккөзі:sports.kz

 

«Сарыарқа» хоккей клубы команданың бас бапкер кандидатурасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz қарағандылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сарыарқа» Хоккей клубы басшылығы команданың бас бапкері қызметіне ресейлік маман Евгений Александрович Зиновьевті тағайындады»,-деп жазылған хабарламада.

Евгений Александрович Зиновьев шайбалы хоккейден спорт шебері, 1966 жылы 8 қазанда Челябинскте туған.

«Металлург» хоккей мектебінің тәрбиеленуші (Челябинск).

1984 -1996 жылдары «Молот» (Пермь), «Металлург» (Челябинск), «Трактор» (Челябинск) хоккей клубтарында ойнаған.

1996 — 2009 жылдары— «Трактор-2», «Мечел-2», «Мечел», «Газовик» клубтарының бас бапкері болған. Евгений Зиновьев соңғы үш маусымда «Южный Урал» командасын басқарды.

 
0
0
358

Осы тақырып бойынша

Ресейлік Евгений Зиновьев «Сарыарқаның» бас бапкері болды - Yvision.kz