«Көк тарландары». Телехикая («Қазақстан» ҰТА, 2012 ж.).
Дүйсенбі мен бейсенбі аралығында Ұлттық арнадан көрерменнің көзайымына айналған «Көк тарландары» телехикаясының жаңа бөлімдерін тамашалаңыздар!
Дүйсенбі мен бейсенбі аралығында Ұлттық арнадан көрерменнің көзайымына айналған «Көк тарландары» телехикаясының жаңа бөлімдерін тамашалаңыздар!
Он алты жасар Дженни қабілетті оқушы, виолончельде жақсы ойнайды. Бар арманы – Оксфордқа оқуға түсу. Бірақ, өзінен біршама үлкен Дэвидпен танысқан соң, Дженни бұл ойынан бас тартады.
Ұлттық дәстүр негізінде туған шығарма - «Желдірме» әні туралы 8 маусым күні сағат 12.05-те Ұлттық арнада «Телқоңыр» бағдарламасында!
1913 жыл. Гольф ойынынан өткен біріншілікте 20 жасар Франсис Уимен тісқаққан тәжірибелі ойыншы Гарри Вардонды жеңіп шығады. Тарихта қалған атышулы бұл ойын көпке дейін ел аузынан түспейді.
Талайлы тағдыр кешкен наз-ғұмырлар өмірден бақыт іздеп, өз орындарын табуға ұмтылады. Байлық пен мансап, махаббат машақаты, құмарлық, сезім жалғандығы фильмде шынайы көрініс тапқан.
Қазақтың бұлбұл әншісі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Ұлжан Айнақұлованың ән кешін Ұлттық арнадан 9 маусым күні сағат 18.45-те тамашалаңыз!
Қыраннан қырағы жауынгерлердің қызықты хикаясын бүгін Ұлттық арнадан сағат 21.50-де тамашалаңыз!
Шырмауы көп оқиға, шым-шытырық жағдайлар бүгін «Кешір мені» телехикаясында! Ұлттық арнада сағат 19.30-да!
Әрбір адам үшін мамандықты дұрыс таңдай білу қаншалықты маңызды? Оны таңдауда қандай ерекшеліктерді ескерген жөн? Бұл туралы бүгін сағат 21.05-те Ұлттық арнадағы «Айтуға оңай...» бағдарламасынан көріңіз!
Қазіргі таңдағы қазақ тілінің жай-күйі көңіл толтыра ма? Ана тіліміздің жағдайын жақсарту үшін қандай қадамдар жасауымыз қажет? Тілімізге қатысты осы және өзге де мәселелер 9 маусым күні сағат 23.10-да Ұлттық арнадағы «Алаң» бағдарламасында қозғалмақ.