Футбол: Қазақстан-Болгария 1:2
Кеше футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Болгарияны қабылдап, ұтылып қалды. Ойынның басы шиеленісті басталды. Қос команда да жылдам гол салу мақсатында бір-бірінің айып алаңына лап қойды. Қонақтар сәт сайын ойындағы үстемдікті өз қолдарына алды. Бірінші таймның орта тұсында Болгария Сидельников қорғаған қақпадан саңылау тапты. Бірақ бұл гол оффсайдтан соғылып, есептелмеді. Бірінші тайм бойы екі команда алма-кезек соққылармен алмасқанымен, есеп ашылмады.
Қазақстан — Болгария 1:2 (0:0)
Голдар: Илиев Г. 57 (0:1), Иванов 60 (0:2), Шомко 88 (1:2)
Қазақстан: Сидельников (Мокин 46), Киров, Логвиненко (Недашковский 67), Мулдаров, Гурман, Нұрдәулетов (Шахметов 85), Қонысбаев (Шабалин 73) , Дмитренко, Хижниченко (Гридин 46), Нұрғалиев (Шомко 46), Коробкин
Болгария: Илиев П., Минев В., Минев Й., Александров, Иванов, Дяков, Гаджев, Илиев Г. (Златинский 75), Манолев (Делев 71), Божинов (Мицанский 55), Попов
Төреші: Алияр Агаев (Әзірбайжан)

