ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Бейнеудегі Бекет ата жер асты мешіті

Ассалаумағалейкум жамағат!
Бүгін досым Ерлан екеуміз Бейнеудегі Бекет ата мешітіне барып, бет сипап келдік. Мен ол жерді жұмақ дер ем, ауасы сондай таза бір қасиетті мекен. Осы ауылда өмірден өткендерді де апарып қоятын мәңгілік мекен де сонда...
Фоторепортаж.
Бейнеуден 18 шақырым Ақтау қаласы бағытына қарай шыққанда кездесетін Арқары бар Керуен сарай - бұл Бекет ата мешітінің қақпасы.

Мешіттің сыртқы көрінісі осы. Сыртқы екі есік бар,  үстіңгі жағы қауым. Демалыс күндері мұнда адам өте көп болады, жексенбілер құдайы ас, садақалар беріледі. Бергі жағында түнейтін түнеуханасы мен асханасы да салынған. 

Мешіттің бағынан павлинді көрдік, қасына барып ұзақ тамашаладық, бейне бір жұмақ құсындай....

Суретке түсіріп жатырғанын сезгендей, ару құс ажарлана түсті...

 

Мешітке түсерде Әбіш Кекілбайұлының сөздерімен әрленген сәулет ескерткішінің тасы тұр.

Әлсізге медет, Күштіге айбар, Зарыққанға жебеу, Тарыққанға демеу, Асқанға тосқан, Сасқанға сая, Ұрпаққа Ұстаз, Ұлысқа ұран, Ел Иесі, Жер Киесі Пір Бекет атаның Бейнеудегі жер асты мешіті осы. Осы елдің ауруына шипа, сеніміне иман таратып тұрған қасиетті мекен!