ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Өмірді ұзартатын тәсіл табылды

Әлемде сағат, тіпті минут сайын неше түрлі жаңалықтар болып жатады. Технологияның дамығаны сонша, өлген адамды тірілтетін дәрежеге жеткен.

Ғаламтор желісіндегі LivesOn жобасының ертеректегі ұраны: «Құдай жоқ, ал сервер бар. Өмірден өткеннен кейін де тірі бол» деп айқайлап тұрады.

Бір таңқаларлығы, LivesOn мұндай «ұсынысты» екінші болып ұсынды. 2012 жылдың қаңтар айында DeadSocial желісі өз қолданушыларына мақала, хаттарды алдын-ала сақтауға кеңес берген-ді. Содан соң адамдарға  өлгеннен кейін Фейсбук пен Туиттерде біртіндеп олардың  хабарламалары жарық көретінін айтқан.

LivesOn алгоритмі қолданушының тірі кезінде интернетті «жортып», адамның жиі айтатын сөздері мен әлеуметтік желілерде өзін ұстау әдеті бойынша ақпараттар жинайды. Бұл сіз қайтыс болғаннан кейін достарыңыздың «парақшаларына» комментарий жазып, пікір қалдыруыңызға мүмкіндік береді. Сол арқылы желідегі достарыңыз сізді тірі деп ойлайды. Бұл жүйе сіздің желідегі үш досыңыз өліміңізді растаған кезде іске қосылады. Сөйтіп, «өлімнен кейін де өмір бар» екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік.

Нұргүл Абайқызы