Астана кубогын астаналықтар иеленді
Сайыс жекелей-командалық есепте швейцариялық жүйесі бойынша 7-турда өткізілді. Жарыс 3 жас ерекшелігіне сәйкес, яғни 9, 11 және 14 жас арсындағы жасөспірім ұлдар және қыздар арасында бөлек өтті.
Жақында тоғызқұмалақтан Астана қаласының кубогына арналған «Жасүміт» жасөспірімдердің республикалық сайысы өтті. Астана, Алматықалаларының және 13 облыстан келген 25 команда, 156 спортшы 4 күн бойы дүбірлі бәсекелердің куәсі болды. Олардың арасында 20-ға жуық спорт шеберлігінен үміткерлер және Қазақстан республикасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар
Сайыс жекелей-командалық есепте швейцариялық жүйесі бойынша 7-турдаөткізілді. Жарыс 3 жас ерекшелігіне сәйкес, яғни 9, 11 және 14 жас арсындағы жасөспірім ұлдар және қыздар арасында бөлек өтті.
Бәсекенің алғашқы күндері командалық есепте Қызылорда, Алматы, ОңтүстікҚазақстан және Астана қаласының командалары тәуір нәтиже көрсетсе, одан кейінгі уақытта бұл командаларға Батыс Қазақстан құрамасы қосылды. 5-турөткенде 19 ұпаймен Астана және Оңтүстік Қазақстан командалары алда болса, одан кейінгі 17 ұпаймен Батыс Қазақстан орналасты. Жарыстың 6-шы және 7-тур ойындарын жақсы өткізген астаналықтар 30 ұпаймен бас жүлдені иеленсе, 2-орынды 28 ұпаймен ОҚО, ал 3-орынды 27 ұпаймен Батыс Қазақстан иеленді.
Әр жас дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
9 ЖАС:
Ұлдар:
1-орын – Ж.Акбар – 6 ұпай, (ОҚО)
2-орын – Ж.Беркімбаев – 6 ұпай, (ОҚО)
3-орын – Е.Қазым – 5 ұпай, (Павлодар)
9 ЖАС:
Қыздар:
1-орын – А.Оралбекова – 6 ұпай, (Семей)
2-орын – М.Сейлова – 5.5 ұпай, (Қостанай)
3-орын – А.Рахматуллаева – 5 ұпай, (Алматы қ.)
11 ЖАС:
Ұлдар:
1-орын – А.Жағапаров – 6 ұпай, (Семей)
2-орын – А.Тұрлығұл – 5.5 ұпай, (Алматы қ.)
3-орын – Р.Шоқанов – 5.5 ұпай, (Павлодар)
11 ЖАС:
Қыздар:
1-орын – Г.Нұрлыбекова – 6 ұпай, (Ақтөбе)
2-орын – Ж.Смайлова– 6 ұпай, (Алматы қ.)
3-орын – Қ.Есіркеп – 5 ұпай, (Астана қ.)
14 ЖАС:
Ұлдар:
1-орын – С.Жандарбек – 6 ұпай, (ОҚО)
2-орын – А.Қайржанов – 6 ұпай, (БҚО)
3-орын – Ш.Бітімбай– 5 ұпай, (Қызылорда)
14 ЖАС:
Қыздар:
1-орын – Қ.Әбілда – 6 ұпай, (Семей)
2-орын – Г.Ерімова – 6 ұпай, (Жамбыл)
3-орын – Г.Базаралиева – 5.5 ұпай, (Астана қ.)
Жарыстың жабылу салтанатында Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы басшысының орынбасары Самат Амангелдіұлы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді медаль, диплом және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Бас жүлдеге берілген соңғы үлгідегі планшеттер тоғызқұмалақшылардың жарысқа дайындығын жеңілдетіп, олардың партияларды сақтауға, талдауға, бағдарламалармен ойнауға көп көмегі тиетін болды. Командалық есепте жеңімпаз болған Астана, ОҚО және БҚО командаларына кубоктар берілді.

